Қазақстан – Ресей медициналық Казахстанско – Российский медицинский
университеті университет
Жүктілік кезіндегі артериялық гипертензия
Жүкті әйелдерде артериалды гипертензия (АГ) 4-8% кездеседі. Жүкті әйелдер арасында 30% созылмалы АГ, гестационды гипертензия және преэклампсия, эклампсия 70% анықталады. Созылмалы гипертензиямен әйелдердің арасында 75% де преэклампсия дамиды (ПЭ). БДҰ мәліметтері бойынша гипертензивті синдром дегеніміз – эмболиядан кейінгі ана өлімінің себебі болып табылады, құрылымында 20% құрайды. Созылмалы АГ перинаталды өлім және мерзімінен ерте босану себебі болуы мүмкін. АГ өалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын бөліну қаупін жоғарылатады, қанайналым бұзылысының себебптері, торлы қабаттың сылынуы, эклампсияның, плацентаның сылынуынан кейін болатын массивті коагулопатиялық қан кетулердің себебі болып табылады [5,6,9].
Талқылау.
Қазіргі кезде преэклампсияның дамуында жетекші рөл эндотелийдің дисфунксиясы болады. Жетекші зақымдаушы фактор – гиповолемиямен қанның реологиялық және коагуляциялыққызметініңөзгерісімен байқалатын, өмірге маңызды мүшелердің және плацентаның перфузиясын төмендеуіне алып келетін жайылған қан тамырларының тарылуы. Өз кезегінде жатыр-плаценталық кешеннің тіндерінде дамитын гипоксия эндотелийдің тромборезистенттік және вазоактивті қасиеттерін, медиаторлар бөлінуін бұзып эндотелийдің зақымдануына алып келеді. Простоциклин мен простогландин Е жеткіліксіз өндірілуі немесе простагландин F және тромбоксанның шамадан тыс өндірілуі жайылған қан тамырлардың тарылуына, жалпы қантамырларының перифериялыққарсыласуына, жүректіңқан айдау қызметінің азаюына, бүйректіңқанайналымы мен шумақтық сүзілімінің төмендеуіне, плацентадағы микроциркуляцияның нашарлауына алып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |