Қазақстан-ресей


Тұлға құрылымы (əлеуметтік статусы, əлеуметтік рөлі, бағыттылық)



бет6/48
Дата16.03.2022
өлшемі147,58 Kb.
#136038
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
Социология рк 1

Тұлға құрылымы (əлеуметтік статусы, əлеуметтік рөлі, бағыттылық)


Тұлға (ағылш. Person) — пайымдау, мораль, зерде, мендік сана секілді болмыстық
қырларын, сондай-ақ əлеуметтік байланыс пен мəдени нормалға қатысты туыстық, мүлік меншігі, заңдық жауапкершілігі қатарлыларды қамтитын, кісілік қабілеттер мен ерекшеліктерге ие жеке адамды
сипаттайды.[1][2][3][4] Тұлғалық қасиеттер мен тұлғалық қырлар бір адамның қандай адам болғанын, қандай қасиеттер мен қабілеттер оны

сондай адам еткенін, оның түрлі мəдени контекстегі ерекшелігі мен рөлін білдіреді.


Тұлғаның екі негізгі ерекшелігі бар, ол ортақтық жəне даралық. Ортақтық тұлғаны басқа адамдармен бірдей негіз бен мүмкіндікке ие етсе, ал даралық оның ешкімге ұқсамайтын өзіне тəн айырықша бөгенайын көрсетеді.
Тұлғаның бағыттылығы - тұлғаның іс-əрекетін бағдарлайтын жəне нақты бар жағдаяттан біршама тəуелсіз, орнықты түрткі-ниеттер
жиынтығы.
Тұлғаның бағыттылығы оның мүлделерімен, бейімдерімен, сенімдерімен, мұраттарымен сипатталады жəне бұлар арқылы адамның дүниетанымы білінеді. Тұлғаның дамуы — білім беру міндеттері тұрғысынан екі мағынаға ие: 1) тұлғаны қоғамдық өмірдің əр түрлі саласына
жауапкершілікпен қатысуға тəрбиелейді; 2) жеке адамның жан-жақты үйлесімді дамуы, зияты, ақыл-ойы, еркі, сезімі мен оңтайлы
логикалық-эмоциялық-психологиялық сапалары мен көзқарастары.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет