Отбасының негізгі əлеуметтік функциялары.
Отбасының негізгі функциялары:
Репродуктивтік функция – балаларды өмірге əкелу. Əрине, бұл репродуктивтік функция тек отбасылық жағдайларда жүзеге асуы мүмкін.
Қоғам масштабы мен репродуктивтік халықтыққа адам саны азаймас үшін
жұбайлардың əрқайсысына екі баладан аз емес бала сəйкес келуі керек.
Көптеген əйелдер мен еркектер некеге тұрғызса келмегендіктен əр отбасыға үш баладан болғаны дұрыс. Бірақ, бұл қоғамдық қажеттіліктерді тек кейбір отбасылар ғана орындайды.
Экономикалық-шаруашылық функциясы отбасылық қатынастардың келесі аспектісі қамтиды: үй шарушылығын жүргізу, отбасы бюжеті, үй еңбегін бөлу.
Тəрбиелік функциясы баланың тұлға ретінде қалыптасуына негіз болады. Отбасының рекреационды функциясы – отбасы мүшелерінде психологиялық комфортын жəне қауіпсіздік сезімін тудыру, отбасының демалысын ұйымдастыру.
Мысалы, дəстүрлі (патриархалдық) отбасы – шаруашылық экономикалық қажеттіліктен туындаған. Отбасының қызметі ерлі-
зайыптылардың неше баламыз болуы керек деген ерік бостандығына тікелей байланысты емес, оның санына шек қоюлуын таңқалу болмайды.
1936 жылы Кеңес Одағында аборт жасауға тыйым салынды. Яғни, ерлі-зайыптылардың неше балалы болуымыз керек деген бостандығына тыйым салынды.
Дегенмен, солай болғанда да, қоғам отбасының өмірге қанша жаңа адам əкелу қызметіне əсер етпейді деуге болмайды. Қоғам əртүрлі əлеуметтік саясатты басшылыққа ала отырып, яғни өмірге адам əкелудің экономикалық, саяси, əлеуметтік жағдайларын жасай отырып,
ерлі-зайыптылардың өз тілегінен көп немесе аз баласы болуына итермелейді.
Мысалы, Қытайда отбасында бір бала ғана болуы саясатты жүргізілді. Бұл тарихи факт. Мұның зиянды жағы – отбасында бір баланың болуы ұрпақ жалғасуына, халықтың өсуіне кері əсерін тигізеді. Соның нəтижесінде туу азайады да, елдің еңбек ресурстарының негізі болатын
жұмысқа қабілетті адамдар азайып кетеді. Бірақ халқының саны бір милиардтан асқан
Қытайда шектеулі жер аумағына шамадан артық адам санын орналастыру мүмкіндігінің жоқтығы бала табу мөлшеріне шек қоюға мəжбүр етті.
Достарыңызбен бөлісу: |