Қазақстан-ресей


Этнос, халық, ұлт. Этникалық қақтығыстар



бет11/48
Дата16.03.2022
өлшемі147,58 Kb.
#136038
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   48
Байланысты:
Социология рк 1

Этнос, халық, ұлт. Этникалық қақтығыстар.


Этнос, этникалық қауымдастық - [грек, ethnos - тайпа, халық] - бір халықты екіншісінен
ажыратуға мүмкіндік беретін ортақ белгілері бар қауымдастық. "Этнос" ұғымы əлі күнге бірыңғай түсіндірілмейді. Кең мағынада, "этнос" ұғымын
көпшілік зерттеушілер барлық дəрежедегі этникалық жүйелер жиынтығы ретінде түсіндіру қалыптасқан (тайпа, халық, ұлт жəне т.б.).
Алайда, кейбіреулер (Л. Н. Гумилевтан кейін) оны негізгі жүйе ретінде қарастырады (субэтностар, суперэтностармен қатар жəне т.б.).
Тар мағынада алғашқылардың бірі болып "этнос" ұғымына анықтама берген М. Вебер: "Этнос - мүшелері сыртқы бейнелерінің, əдет-ғұрыптарының үқсастықтарына қарай немесе ортақ отаршылық не көші-қонды басынан өткерген тағдырлас тарихына қарай өздерінің шығу тектерінің бір екендігіне сенетін топ". Бүдан кейін де көптеген зерттеушілер этносқа аумақ, тіл, дін ортақтығының негізінде өзінше анықтама беруге тырысты. Алайда, Л. Н. Гумилевтің пікірінше, аталған белгілердің бірде-бірі
жалпыға бірдей, кез келген этносқа қолданыла бермейді, мүнымен бірқатар зерттеушілер келісті.

Халық (тұрғындар) - қандай да бір аумақта тұрақты дамыған немесе бүкіл жер шарын жайлаған адамдар жиынтығы. Адамзат


тарихының басым бөлігінде əлем халқы тым баяу өсті, ол əлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің төмендігімен, адамның табиғатқа тəуелділігімен түсіндірілді.
Ұлт — қоғамды ұйымдастырудың анағұрлым кең тараған бірлігі. Негізінде XX-XXӀ ғасырлар ғаламдық деңгейдегі саяси ұйымдасудың негізгі бірлігі болып табылатын ұлттық мемлекетке сəйкес келуі керек. Ұлт мемлекетті қажетті заңдылықпен қамтамасыз етеді жəне тек ұлттық мемлекеттер халықаралық қатынастардың толыққанды субъектілеріретінде өмір сүре алады деген пікір қалыптасқан. Ұлттық емес мемлекеттер толыққанды болып есептелмейді. Олар не ұлттыққа айналуы керек, не өмір сүруін тоқтатуы керек.
Этникааралық қақтығыстар - қандай да бір аумақта, көпэтникалы мемлекеттерде этностардың арасындағы əртүрлі себептерден туындаған қақтығыс. Басқа қақтығыстарға қарағанда зардабы ауыр, шешілуі қиын.
Этникааралық қақтығыстардың шығу себептері - этнос құндылықтарын кемсіту нəтижесін¬де
туындаған жанжалдар аса ауыр əрі эмоционалды бояуы қанық болады. Құндылықты қақтығыстар қоғам өмірінің кез келген саласында кездесуі мүмкін. М.Вебердің пайымдауынша, адамдардың іс-əрекеті мінез-құлық ережелерін, мақсатын айқындайтын құндылықтармен үйлескенде
ғана мағыналы болмақ. Этникааралық қақтығыстардағы құндылықты ерекшелік
мəдени, тіл, дін, басқа да əлеуметгік-мəдени айырмашылықтардан туындаған
қақтығыстарда айшықты болады (экс- Югославиядағы азаматтық соғыс себебі дін алуандылығынан туындаған субмəдениеттер (православиелік, католиктік, мұсылмандық) болды).


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет