Құқық бұзушылық — қоғамға зиян келтіретін жəне заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы əрекет. Құқық бұзушылық: азаматтық (жеке
басқа, азаматтың немесе заңды тұлғаның мүлкіне зиян келтіру, азаматтың абыройы мен қадір- қасиетін қаралайтын мəліметтерді тарқату жəне т.б.),əкімшілік (ұсақ бұзақылық жол ережесі тəртібін бұзу), тəртіптік (жұмыстан кешігу,
жұмысқа бармау жəне т.б.) теріс қылық жəне т.т.
Құқық бұзушылықтың барынша қауіпті түрі қылмыс болып табылады.
Құқық бұзушылықтар үшін заңмен тиісінше əкімшілік, азаматтық құқықтық, тəртіптік жəне қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Қылмыс— қылмыстық кодекс бойынша жазалау мүмкіндігімен тыйым салынынған, қоғамға қауіпті əрекет немесе əрекетсіздік.
Қылмыс - бұл құқық бұзылушылықтың бір түрі. Қылмыс басқа құқық бұзыушылықтардан, оның қылмыстық заңмен белгіленетіндігімен жəне оны жасағанда қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді.
Жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтірмеген жəне зиян келтіру қаупін туғызбаған іс-əрекет немесе əрекетсіздік қылмыс болып табылмайды. Бұл анықтамада қылмыстың формальды белгісі де (құқыққа қарсылық), материалдық белгісі де (қоғамдық қауіптілік) қамтылады.
Сондай-ақ айыптылық пен жазаланушылық та қылмыстың қажетті белгісіне жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |