Қазақстан-ресей


Еңбек нарығының жаһандануының əлеуметтік-экономикалық салдары



бет27/48
Дата16.03.2022
өлшемі147,58 Kb.
#136038
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   48
Байланысты:
Социология рк 1

Еңбек нарығының жаһандануының əлеуметтік-экономикалық салдары


Бəсекелік еңбек нарығында еңбекке сұраныстық қисық сызығының еңкеюі теріс бұрышты болады: жалақының жалпы дəрежесі өскен сайын еңбекке сұраныс төмендей түседі. Көлденең білік — еңбектің саны (Q), тік білік (Р)

жалақының жалпы дəрежесінің өсуімен бірге еңбек ұсынысы өсіп отырады. Жұмысшы күшіне сұраныс, жиынтық сұраныспен

есептесе отырып, тауарлар мен қызметтер өндіру үшін, тиісті квалификациясы бар


жұмыскерлердің белгілі санымен, жұмыс берушілердің жалдауға қажеттіктерімен белгіленеді. Жұмысшы күшінің ұсынысы еңбекке қабілетті жастағы адамдардың өздерінін қабілеттерін əдеттегіндей ұдайы өндіру керек қажеттіктермен жəне жиынтык экономикалық ұсыныспен есептесе отырып, жақсы хал-
жағдайды қолдап тұруға жеткілікті
қажеттіктермен белгіленеді. Сұраныс та, ұсыныс та əр түрлі факторлардың əсерімен қалыптасқан баға дəрежесімен, шығындармен, жалақымен, еңбек өнімділігімен, адамдардың санымен,
жұмыскерлердің квалификациялық — мамандық құрылымымен,
несие-қаржы, салық, заң жүйесімен,
кəсіподақтардың, мəдени, діни жəне басқа ұйымдардың қызметгерімен қалыптасады. Сұраныс (ВБ) пен ұсыныстың (55) қисық сызықтарының қиылысуы жалақының тепе-
тендік дəрежесін (РЕ) көрсетеді де жалақының осы дəрежесінде экономикада толық
жұмыспен қамту байқалады: Qе — еңбекке сұраныс еңбек ұсынысына тең. Жетілген бəсеке жағдайында жалақының тепе-теңджік дəрежеден ұзақ мерзім бойы ауытқуы мүмкін емес. Жалақының шамамен тепе-теңдік
дəрежеден артық өсуі фирма жағынан еңбекке сұранысты төмендетеді. Сонымен бірге
жұмыскерлер жағынан еңбек ұсынысын өсіреді. Мұның салдарынан еңбек
ұсынысының артықшылығы пайда болады. Осы арқылы пайда болатын жұмыссыздық жалақы мен оның тепе-теңдік дəрежесінің
жылжуына ықпал етеді. Жалақы осы
дəрежеден төмендеп кеткен болса, керісінше процесс жүреді. Түбінде еңбектің бəсекелік нарығы еңбекке сұра-ныс пен еңбек
ұсынысының жалпы
тепе-тендігімен жəне жалақының тепе-тендік дəрежесімен сипатталады.
Еңбек нарығы монопсониямен (олигопсониямен) сипатталуы мүмкін. Бұл жағдайда ұсыныс
жағында тек жалғыз (немесе бірнеше) фирма
жұмыс беруші болады. Бұнда жалақы ставкалары осы фирма - монопсонистің шешіміне өте елеулі дəрежеде тəуелді болады. Кəсіподақтардың маңызды рөліне байланысты, еңбек нарығының юнионизациялану дəрежесі жоғары болуы мүмкін.
Осы жағдайда кəсіподақтар болып ұйымдасқан жұмыскерлердің жекелеген топтары жалақының нақты көлемін оның
тепе-тендік дəрежесінен арттыра алады. Бұл көп емес жағдайда еңбек нарығында негативтік өзгерістер тудырады.

Дамушы елдер үшін жаһандану үрдісі тудыратын мəселелер мен қауіп- қатерлер. Жаһандану үрдістері əртүрлі əлеуметтік жəне


экономикалық даму деңгейдегі дамушы елдерге жəне халықтарға алуан түрлі əсер етеді. Дамушы елдерге жаһандану дамуға жаңа мүмкіндіктер
жасайды. Сонымен қатар, осы елдер үшін аса үлкен қиындықтар да туғызады. Мысалы, дамыған елдермен салыстырғанда, дамушы елдердің артта қалу деңгейі күн санап арта түседі. Ғаламдық нарықтық экономикаға ену үшін дамушы елдерден өз əлеуметтік - экономикалық құрылымын түбегейлі өзгертіп, барынша күш - жігер салуын талап етеді.
Халықаралық нарық толығымен көпұлтты компаниялардың жəне дамыған постиндустриалды елдердің "ойын ережелеріне" бағынады. Дамушы елдердің əлеуметтік- экономикалық дамуы, ғылым, техника жəне технологиялар деңгейі əзірге өте төмен, ал бұл өз кезегінде олардың дамыған елдермен қатар бір деңгейде əлемдік нарықта бəсекеге түсуге мүмкіндік бермейді. Дамушы елдердің алдында əлемдік ғаламданушы экономикаға кірігу міндеті тұр. Ал, екінші жағынан олар дамыған елдерге тəуелді болудан қашады. Жаһандық мемлекеттік жүйе - қазіргі мемлекеттердің əлемдік жүйесі.
Əлемдегі мемлекеттер соның принциптеріне негізделіп құрылған үлттық мемлекет үлгі болып табылады. Бүгінгі таңда ұлт əлемнің қоғамдық ұйымдасуының негізгі бірлігі болып табылады, ал ұлттық мемлекет - оның саяси ұйымдасуының негізгі өлшемі. Бұл екі бірлікте - қоғамдық жəне саяси - бір-біріне сəйкес келеді, ал бұл олардың
мəнін, маңыздылығын, шынайылығын жəне олардың бірінсіз - бірінің күні жоқ екендігін білдіреді. Бұл ереже ұлт пен ұлттық мемлекетке легитиімділік көзі мəртебесін береді. Билікке қол жеткізу жəне оны ұстап тұру үшін саясаткерлер жəне оны қолдаушылар ұлт мүддесі үшін қызмет етуі керек. Ал мұндай қызмет тек бір ұлт қана өмір сүретін ұлттық мемлекет аясында ғана
жүзеге асырылуы мүмкін.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет