Қазақстан-ресей


Девиация жəне əлеуметтік бақылау



бет25/48
Дата16.03.2022
өлшемі147,58 Kb.
#136038
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   48
Байланысты:
Социология рк 1

Девиация жəне əлеуметтік бақылау.


Девиация (лат. deviatio — ауытқу) — бұл
«қалыпты» болып есептелетін немесе қоғамдағы, не əлеуметтік контекстегі қалыптасқан мінез- құлықтан ауытқитын əлеуметтік мінез-құлық.
Əлеуметтенудегі девиантты мінез-құлық тұжырымдамасын қалыптастырған француз əлеументтанушысы Эмиль Дюркгейм. Ол əлеуметтік девиацияны түсіндіру үшін аномия тұжырымдамасын ұсынды.
«Аномия» термині француз тілінен аударғанда ұжымның, заңның болмауы.

Ал, Роберт Мертон мінез-құлық


ауытқушылығының себебін қоғамның мəдени мақсаттары мен оған жетудің əлеуметтік мақұлданған жолдарының арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді.
Девиантты мінез-құлықтың сыртқы физикалық жағдайларына климаттық, геофизикалық,
экологиялық факторларды енгіземіз. Мысалы, шу, геомагниттік, өзгеріс, таршылық, т.б жағдайлар үрей туғызып агрессивті жəне басқа да қажетсіз мінез-құлықтың көрінуінің бір себебі болады.
Сонымен бірге əлеуметтік орта əсерлері де өз ықпалын тигізеді:



  • қоғамдық үрдістер (əлеуметтік-экономикалық жағдай, мемлекеттік саясат, салт дəстүр, бұқаралық ақпарат құралдары, т.б.);

  • тұлға бар əлеуметтік топ мінездемесі (этикалық құрылым, əлеуметтік мəртебе, референтті топ,);

  • микроəлеуметтік орта (отбасының өмір стилі жəне деңгейлері, отбасындағы өзарақарым- қатынас типі, отбасындағы тəрбие стилі, достар, басқа да маңызды адамдар).

Девиация бірнеше типтен тұрады: девиантты, делинквентті жəне криминалды мінез-құлық. Девиантты мінез-құлық - əлеуметтік нормалар мен ережелерге сəйкес келмейтін мінез- құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез- құлықтың бір түрі. Кейбір əдебиеттерде бұл типті
«антидисциплиналық

» деп те атайды.


Əлеуметтік бақылау

Мұндай мінез-құлықтың бірінші тобы да, екінші тобы да əлеуметтік бақылаудың əлеуметтік нормаларымен жəне құралдарымен тартысқа түседі. Қоғамдық жүйе үшін жекелеген тұлғалар мен əлеуметтік қауымдастықтардың, жіктердің, топтардың жəне т.б.-ының қызметіне əлеуметтік бақылау жасау өмірлік маңызды болып


табылады. Əлеуметтік бақылау деп əлеуметтік жүйенің өзін-өзі реттеуін қамтамасыз ететін адамдардың мінез-құлқын жəне олардың өзара қарым-қатынастарын нормативті реттеу түсініледі.
Əлеуметтік бақылау - əлеуметтік институттардың элементі. Ол арқылы индивидтердің əлеуметтік нормаларды, қызмет ережелерін жəне əлеуметтік

шектеулерді басшылыққа алып əрекет етуі қамтамасыз етіледі. Адамның тіршілік-қызметін реттеудің мұндай тəсілі қоғамның


тұрақтылығын ұдайы қамтамасыз етеді. Əлеуметтік бақылауды ретке келтіруде қоғам мен индивидтің өзара қарым-қатынасы проблемасы маңызды орын алады.
Теориялық тұрғыдан алғанда қоғам мен тұлғаның қарым-қатынасы əлеуметтік бақылау жағдайында барынша қарапайым түрде көрініс береді: яғни, индивидуалдық сапаларды əлеуметтік стандартқа сəйкес жӛнге келтіру.
Əлеуметтік бақылау тұлғаның индивидуалдық мінез-құлқына қоғамның, əлеуметтік қауымдастықтың реакциясы арқылы іске
асырылады. Соған байланысты қоғам əр түрлі санкцияларды қолданады.
Ал мəнін ашу бұл «норма» түсінігімен байланысты. Əлеуметтік норма – бұл нақты қоғамда тарихи түрде пайда болған дара тұлғаның, əлеуметтік топтың немесе ұйымның шектелген іс-əрекеті.Норманың бұзылуы қоғам, əлеуметтік топтар тарапынан нақты негативті реакцияны тудырады, яғни норманың бұзылуы- девиация, яғни əлеуметтік ауытқу болып
табылады. Қазіргі жағдайда девиацияның негізгі түрлеріне қылмысты, маскүнемдікті, нашақорлықты, суицдті, жезөкшелікті
жатқызуға болады. [10 билет]





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет