Қазақстан-ресей


Неке жəне туыстық қатынас



бет21/48
Дата16.03.2022
өлшемі147,58 Kb.
#136038
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   48
Байланысты:
Социология рк 1

Неке жəне туыстық қатынас.


Неке – отбасын құрудың негізі болып табылады. Ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік жəне мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тəртіппен тараптардың ерікті жəне толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен əйелдің арасындағы тең құқықтық одақты – неке деп түсінуіміз қажет.
Туыстардың үйіне бару, хабарын алып, хал- жағдайын сұрау, хат жазу, телефон соғу, ауырғанының көңілін сұрау, тойына қатысу,
арнайы іздеп бару, қуанышын бөлісіп, қайғы- мұңына ортақтасу, басына іс түскеннің қасынан табылу, сапарға шығып кеткен ағайынның мал- жанына қарайласу

  • бұлардың бəрі де осы туыстық қатынастың аясына кіреді. Сондай-ақ көңілі жүдегенді

жұбату, қиналған туысқа қол ұшын беру немесе орайы келгенде сый-сыяпат жасау да туыстықты нығайтудың жолдарына жатады. Туыстық –
қанның жақындығы. Жақын жəне алыс туыстық түрлері бар.
Отбасылық қарым-қатынастарды реттеуде жақын Туыстықтың маңызы жоғары. Заңда
бекітілген жағдайларда туыстықтың құқықтық салдары болады. Жасөспірім жəне еңбекке
жарамсыз балаларды асырауға қатысты құқықтар мен міндеттерге келгенде Туыстық деңгейі ескеріледі. Жалпы ережеден бір ауытқушылық бар, ол – бала асырап алу. Биологиялық тұрғыда туыстық болмаса да асырап алған балаға да заң туыстық мəртебесін береді. Бұдан өзге
жағдайларда қан жақындығы жоқ жекжаттар арасындағы қарым-қатынас отбасылық құқық нормаларымен реттелмейді.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет