Қазақстан-ресей


Еңбек нарығы жəне жұмыспен қамту құрылымы



бет22/48
Дата16.03.2022
өлшемі147,58 Kb.
#136038
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   48
Байланысты:
Социология рк 1

Еңбек нарығы жəне жұмыспен қамту құрылымы.


Еңбек нарығында бірнеше ерекшеліктер болады. Осында құратын элементтерге жұмысшы күшін иемденетін адамдар жатады. Бұларға психофизиялогиялық, əлуметтік, мəдени, діни, саяси жəне т.б. адамдық

қасиеттер тəн болады. Осы ерекшеліктер адамдардың мүдделеріне, мотивацияларына, еңбекке белсенділік дəрежесіне елеулі əсер етеді жəне еңбек нарығына, оның болмысына ықпал етеді. Өндірістік ресурстардың барлық түрлерінен еңбектің басты айырмашылығы еңбек адамның тіршілік əрекеттерінің формасы, оның өмірлік мақсаттары мен мүдделерін жүзеге асыру формасы. Еңбектің бағасы-ресурс бағасының


жабайы бір түрі ғана емес, ол тірішілік
дəрежесінің, əлуметтік мəртебенің, жұмыскердің, жəне оның отбасының аман-есендігінің бағасы, құны болып табылады.
Сондықтан еңбек нарығы категориясын зерттеп талдағанда «адамгершілік» элементтер барын, олардың көлеңкесінде жанды жаны бар адамдар бар екенін естен шығармау қажет.
Еңбек нарығы — бұл бəсекелік нарық. Оның құрылымдық-функционалдық
ұйымдастырылуының өте күрделі болғандығынан, қашан болмасын, жұмыс
орындары мен еңбек ресурстарының арасында белгілі сəйкес келмеушілік болады. Өзін алмастыруға жоғары квалификация талап ететін, жұмыс орындарының бір бөлшегі бос болып қала береді, ал қажетті арнаулы дайындығы жоқ адамдардың бір бөлшегі жұмыс таба алмайды.
Осындай жағдайда, жұмыстың қандайын болмасын табу үшін жұмыссыздар арасында бəсекелестік пайда болады. Осымен бірге, өз еңбегімен жоғары табыс табуды көздеп ұнамды орналасу үшін, жоғары квалификациялы
жұмыскерлер мен мамандар да бір-бірімен бəсекелік сайыста болады. Кəсіпкерлер арасында фирмаға бай тəжірибелі жəне жоғары
квалификациялы мамандарды тарту үшін бəсекелік күрес жүріп отырады. Еңбек нарығында еңбек ақы, баға механизмі арқылы белгілі сегмент шеңберінде жұмысшы күшіне сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын, экономикалық агенттердің кимылдарын
үйлестіруге қызмет ететін бəсекелік орын алады. Еңбек нарығы — бұл өте икемді құрылымдық- функционалдық құрамы бар динамикалық нарық. Сондықтан еңбек нарығында белгілі
ағымдар қалыптасады: жұмысшы күші құрамынан шығушылар, жұмысшы күші құрамына кірушілер; жұмыс іздеуден бас тартқандар; жұмыс іздеуді бітіргендер; жұмыс
тапқандар жəне т.б. Осы адамдардың бейімділігі қоғамдағы жұмысшы күшінін нарықтық динамикасын сипаттайды.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет