Əлеуметтану дамуының классикалық кезеңі.
Əлеуметтанудың классикалық кезеңінің ірі өкілі, атақты француз философы Огюст Конт болды. Оны əлеуметтану ғылымының негізін салушы дейді. Огюст Конт механика заңдарын қоғамды зерттеуде пайдалануға болады деп есептеп, жаңа
ғылымды алдымен əлеуметтік физика деп атады. Кейін 1839 жылы 6 томдық "Позитивтік философия курсы" атты кітабында əлеуметтанудың принциптерін атап көрсетіп, оның ескертпесінде Конт əлеуметтік құбылыстарды зерделеуге қатысты жаңа
«Социология» (əлеуметтану) деген терминді пайдалануға тəуекел ететіні туралы жазды.
Огюст Конт алғашқылардың бірі болып, қоғамды организм сияқты жүйе ретінде қарастырды. Ол жүйенің тұтас, бөлінбейтін сипатын жəне оның бөліктерінің өзара бағыныштылығын, бір-бірімен тұрақты байланыста, қарымқатынаста болып, үздіксіз оң жəне кері ықпал ететінін атап көрсетті.
О.Конт əлеуметтануды жай ғылымдардың қатарына жатқызбады, оны барлық ғылымдардың шыңы, қоғамды əлеуметтік ұйымдастыру мен өзгертудің аса қуатты құралы деп есептеді. Ол əлеуметтануды шартты түрде əлеуметтік статика жəне динамика деп екіге бөлді. Біріншісінің объектісі - "тыныштық қалпындағы", екіншісінікі "қозғалыс күйіндегі" қоғам болып табылады. Бұл екі түсінік биологиядан алынған. Əлеуметтік статика - əлеуметтік организмнің құрылымын зерттейтін əлеуметтік анатомия болса, əлеуметтік динамика - əлеуметтік организмнің үдерісін, оның дамуын қарастыратын əлеуметтік физиология.
Əлеуметтік құбылыстарды зерттеуде О. Конт бірнеше əдістəсілдерді ұсынды. Ол əлеуметтік фактілерді бақылау əдісіне үлкен мəн берген, өйткені бақылау ғылымға объективтілік сипат береді деп есептеді. Белгілі бір мағынада əлеуметтанудың барлық əдістері осы бақылаудың түрлері болып саналды. Оның ойынша, адамзат дамуы эволюциясының барысын анықтауда əлеуметтанулық салыстыру əдістəсілдері мүмкіндік береді. Əлеуметтік ғылымның "нағыз негізін" құрайтын бұл əдістің мəні адамзат эволюциясының əр кезеңін салыстыруда жəне адамзаттың əр түрлі жай-күйіне дəйекті баға беруінде жатыр. Зерттеудің үшінші "объективті" əдісі - тəжірибе. Конт əлеуметтануда, физикадағы сияқты, құбылыстарды жасанды ету арқылы тікелей тəжірибе жасау мүмкін емес деп есептеген. Бірақ мұнда "жанама" тəжірибе бар. Əлеуметтануда, биологиядағы сияқты патологиялық (тірі организмдегі ауру үдерісі мен жағдайын) құбылыстарды талдау нағыз тəжірибе
болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |