Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті
Патриоттық тәрбие беру ҒЗИ
Н.В. НИРЕТИНА
ҚАНЫШ СӘТПАЕВ –
АТАҚТЫ ҒАЛЫМ, МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ӨЗ ЕЛІНІҢ ПАТРИОТЫ
Қарағанды 2015
АЛҒЫ СӨЗ
Ең үлкен ғылыми жаңалықтар кезеңінің аса әйгілі өкілі Қаныш Имантайұлы Сәтпаев – біздің данышпан замандас, қазақ халқының дарынды ұлы.
Өзінің шығармашылық жолын 1926 жылы қарапайым инженер-геолог болып бастаған Қ.И.Сәтпаев Жалаңаш даланың минералды ресурстарын игерудің келешегіне сенбейтіндермен теңдессіз күреске шықты, ол кезде барлығы оған ыстық Орталық Қазақстанды шегі жоқ жазық деп атаған болатын.
Қандай азаматтық ерлікпен, табанды сеніммен және қажырлылықпен қалыптасқан пікірге қарсы шығып, Жезқазған мыс кен орынының кені мардымсыз деген пікірді жоққа шығарып, осы кен орынында геологиялық барлау жұмыстарын жалғастыру қажеттігін дәлелдеп, оны өзі басқарып, ақырында кенорынын кен рудасының алыбы болған әлемдік уникумдардың қатарына шығарды. Болашақ ұрпақ 27 жасар инеженер-геолог Қ.И.Сәтпаевтың осы өмірлік ерлігін ешқашан ұмытпайды.
Алайда, ғалым және ұйымдастырушы Қ.И.Сәтпаевтың дарыны 1941 жылы КСРО Қазақ Ғылым академиясының филиалын басқарғанда ғана толықтай ашылды.
1940 жылы өзі құрған геологиялық ғылым институтының директорлығымен бірге, бір мезгілде, Қазақ КСР Ғылым академиясының бірінші және тұрақты президенті Қаныш Имантайұлы өзіне тән шексіз берілгендігімен толықтай ғылымға беріледі. Көп кешікпей Қазақ КСР Ғылым академиясы президенттің қуаты мен бастамасының арқасында еліміздегі ең ірі ғылым штабтарының біріне айналды.
Қ.И.Сәтпаевтың ғылыми зерттеулері шын мәнінде орасан. Ол металлония, минералогия, геохимия, пайдалы қазбалар, стратиграфиялар, тектоника, география, экономика және басқа ғылымдар саласындағы 800 публикациялардан тұрады. Алайда оның ғылыми шығармашылындағы басты бағыт әрқашанда пайдалы қазбалардың металлогениялар мәселелері болды. Қ.Сәтпаев институтттың басқа да ғалымдарымен бірге металлогениялық геологиялық ғылымның негізін қалаушы болып табылады.
Ғалым новатор, ғылыми ұйымдастырушы және мемлекеттік қайраткер Қ.И.Сәтпаев Партия мен Үкіметтің барлық шешімдеріне шапшаң әрекет жасайды, коммунистік қоғам құрылысшыларының авангардты қатарында болды, ғылыми зерттеулердің тиімділігі үшін үздіксіз күрес жүргізді, ғылыми зерттеулердің нәтижесін халық шаруашылығына енгізуге қол жеткізді. Осындай көп қырлы және шын мәнінде алып қайраткер Қ.И.Сәтпаев жеке қасиеттерімен дарындылығымен, еңбексүйсгіштігімен, сарқылмас қажырлығымен, көпшілдігімен және тартымдылығымен танылды.
«Ғылым мен қоғамның дамуындағы «сәтпаев кезеңі» бізден алыстаған сайын, оның бейнесі атақты ғалым, мемлекеттік және қоғам қайраткері, өз елінің азаматы және патриоты ретінде арта түседі, біздің Отанымыздың дамуы мен гүлденуіне қосқан үлесі зор» Оның есімі біздің халқымыздың жадында алтын әріптермен мәңгі сақталады».
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1999ж 12 сәуірінде
Қ.И.Сәтпаевтың 100 жылдығында сөйлеген сөзінен
Қаныш Имантайұлы Сәтпаев 1899 жылдың 12 сәуірінде Семей облысының Павлодар уезіндегі Ақкелін болысының №4 ауылында (қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында) көшпелі-қазақ отбасында дүниеге келген. Алғаш білімді ол екі сыныптық орыс-қырғыз мектебінде алды, онда оның сирек кездесетін қабілеті мен әдеттен тыс есте сақтау қабілеті байқалды. 1911 жылы мектепті бітірген соң ол Павлодардағы екі сыныптық училищеге түсіп, оны 1914 жылы көктемде ойдағыдай бітірді.
Білімге деген зор құштарлық, оны 1914 жылы Семейдегі семинарияға алып келді, ол сол уақыттағы оның қолы жететін жалғыз оқу орны болатын. Бақытына орай, семинария мәдениеті жоғары, ілгерішіл педагогтармен жасақталып, жалпы білімдік пәндер бойынша негізгі білімді берді. Оқу қабілетті жас өспірімге оңай берілді. Семинария жанындағы жақсы кітапхана мен қалалық кітапхана орыс көркемөнер классикасының шығармасымен ғана емес, шетел әдебиетімен кеңінен танысуға және өздігінен білім алуға зор мүмкіндіктер ашты. Осы кезеңдерде Қаныш Имантайұлы Чернышевский, Добролюбов, Белинскийдің шығармаларын оқи бастады, Маркс пен Энгелстің жеке туындыларымен танысты. Орыстың алдыңғы қатарлы жастарымен араласу үлкен тәрбиелік мәнге ие болды.
1918 жылы Қаныш Имантайұлы мұғалімдер семинариясын бітіріп, Семейде ашылған қазақ-мұғалімдер курсына жаратылыстану оқытушысы болып түсті. Өздігінен білім алу бойынша қызу жұмыс және оқытушылық жұмыс оның денсаулығын әлсіретті, онда өкпе туберкулезі басталды. Оқуын тастап, үйге қайтуға тура келді. Өзінің елінде өзі оқыған ауылдық мектепке мұғалім болып орналасып, ЖОО түсуге өздігінен дайындалуды жалғастырды.
1919 ж. күзіндегі кеңес өкіметінің заңымен қазақ даласының өмірі тез өзгерді. Кеңес өкіметінің алғашқы органдары олардың заңдарын көпшілікке жүргізе алатын, жергілікті ұлттан сауатты адамдарға зәру болды. Сондықтан 1920 жылдың басында Павлодар уездінің ревкомы қабілетті жас мұғалімді байқап, Қаныш Имантайұлын Баянауыл ауданының халық биі етіп тағайындады. Бір жарым жыл ішінде ол Кеңес өкіметі алғашқы органдарының тапсырмасын құлшыныспен атқарды. Халық сотының сессиясымен көшпелі ауылдарға жиі шығып тұрды, жас судья Қазақ даласына жаңа өмірдің орнауына, Кеңес өкіметі мен заңдылықтың нығайуы үшін күресті.
Кездейсоқ сәйкес келген жағдай Қаныш Имантайұлының тағдырына араша түсті. 1921 ж. Баянауыл ауданына Томск технологиялық институтының профессоры, геолог Михаил Антонович Усов емделуге келді, ол Қаныш Имантайұлының ауылына орналасты. Михаил Антоновичтің тартымдылығы және оның әңгімелері жасөспірімге айтарлықтай әсер қалдырды. Михаил Антонович жақын жерлерге ғана баратын. Қаныш Имантайұлы үнемі оның қасында жүрді. Жердің құрылымы туралы, Қазақстан жер қойнауының байлығы туралы, олардың республика үшін экономикалық маңызы туралы әңгімелер оның жоғары білімге деген бұрынғы ұмтылысын одан әрі арттырды. М.А.Усов жас жігіттің қабілетін бағалап, оған сол шешімін тезірек жүзеге асыруға кеңес берді. «Томск технологиялық институтының профессоры, академик, Кузбасс зерттеушісін, әкесінің геология туралы әңгімелері қызықтырғаны сонша, ол сол жаққа 1921 жылы оқуға кетті. Ол сонысымен жерлестерін таңғалдырды: мұғалім – ол түсінікті, судья – ол да түсінікті, ал геолог – түсініксіз, ол кім, ессіз адамша жерді зерттейді.
Айтпақшы, студент күнінде үйіне, Баянауыл ауданына демалысқа және емделуге келгенде (Томскдағы оқу жылдарында әкесі туберкулезбен қатты ауырды, дәрігерлер оны енді айықпайды деді), ҚазақКСР ҒА академигі А.К.Каюпованың естелігі бойынша ол уақытта «геологты» көру үшін арнайы келген. Оның өмірінің сол кезеңдері туралы – Мейіз Қанышқызы Сәтпаева еске алатын.
1921 ж күзіне қарай Қаныш Имантайұлының өтініші бойынша губерниялық ұйымдастыруышылар оны Томск технологиялық институтына оқуға жіберді. Қабылдау сынақтарын тапсырғаннан кейін тау – кен факультетінің геологиялық барлау бөліміне студент болып қабылданды. Күрделі оқу басталды. Күнделікті тамақпен қиындық, қатал қыс басталды, күшейтілген сабақ нәтижесінде қалжырау – осының бәрі Қаныш Имантайұлының ауруын тағыда қоздырды. Дәрігерлер оған тез арада Томскден туған жеріне қайтуды ұсынды. Ол ауыр қиындықпен туған ауылына жетті. Бұл жолы денсаулығы тез арада қалпына келе қоймады. Бір жарым жыл туған жерінде болды.
Бұл жолы жас организм туберкулезды біржола жеңіп шықты. Нәтижесінде Қаныш Имантайұлы жақсы денсаулығымен, күнделікті қауырт жұмыста төзімділігімен ерекшеленді. Ол күніне 10-12 сағат бойы жұмыс жасады және геологиялық маршрутты, кейде 25-30 км. жаяу жүріп жасады. 1923 ж Томскке қайтып келіп, екі курс үшін барлық пәндер бойынша емтихан тапсырды. Ол уақытта геологиялық ғылым салалары бойынша барлық жаңа пәннен профессор М.А.Усов берді.
Осы студенттік жылдар, Томсктегі өмір және М.А.Усовпен және басқа да оқытушылармен және Томск технологиялық институтының профессорларымен қатынасу, Қаныш Имантайұлының дүниетанымын және оның мінезін қалыптастырды. Әсіресе бұл қарым қатынаста сүйікті мұғалімі және тәлімгері Михаил Антонович Усовтың игілікті әсері болды. Нәтижесінде Қаныш Имантайұлы ыстық ықыласпен былай деді: «Томскде өткізген студенттік жылдардағы академик М.А.Усовпен тығыз байланыстағы қатынасым, оның терең және тың геологиялық ойлары, оның геологтарға және Сібірдің табиғатына деген махаббаты, оның адам және ғалым ретіндегі тартымды қасиеттері маған терең әсер қалдырды және осы шын мәнісіндегі ізгі адамға, ұлы орыс халқының лайықты ұлына деген алғысым шексіз»
1924 ж. Казнаркомпростың ұсынысы бойынша ол орта мектепке арналған алгебра оқулығын қазақ тіліне аударды.
1926 ж. маусым айында Қаныш Имантайұлы дипломдық жобасын сәтті қорғады және тау кен инженері және қазақтар ортасында алғашқы инженер геолог атағын алды. Институтты аяқтаған соң Қаныш Имантайұлы өзінің бастамасымен Қазақ КСР Халық Шаруышылығының Орталық Кеңесіне қаулысы келді және «Атбасцветмет» (Мәскеу) трестіне жұмысқа жіберілді.
Оның маңдайына Қазақстанның жер қойнауымен айналысу жазылған. Қазақстанда ерекше дамыған осы геология болды, әрине, Сәтпаев тікелей әсер етті. Көптеген қазақ жастары геологияға Сәтпаев геолог болған соң барды. Ал Қазақстан жер қойнауының байлығы Алламен берілген.
Қаныш Имантайұлының үлесіне қиын міндет түсті – мысты Жезқазғанда және көршілес Байқоңыр көмір кенорынында әрі қарай барлау жүргізу үшін геологиялық қызметті ұйымдастыру, барлық Жезқазған Ұлытау ауданы бойынша пайдалы қазбалардың қорын анықтаудың жоспарлы бастамасы.
Бұған дейін 1925 ж. бастап Жезқазғанды зерттеумен және барлаумен шарт бойынша Геолком (геологиялық комитет) айналысты. Геолком ұйымдастырған бұрғылау жұмыстарының қарқыны, ақиқатында « өте баяу» болды. 1927 ж. мұнда тек бір ғана бұрғы станогы жұмыс жасады, 1928 ж. – жазғы кезеңде екі станок.
Қаныш Сәтпаев бірден Жезқазғанның зор потенциалды болашағын көре білді, және ағылшын барлаушыларының кері мәләметтеріне және Геолком жұмысшыларының төмен болжамдарына қарамастан оған лайықты баға берді. Осыған сүйене отырып, ол Жезқазғанды жоспарлы және кешенді зерттеу мақсатында геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізуді талап ете бастады. Оның бірінші кезектегі міндеті Жезқазғанда геологиялық барлау қызметін ауданның барлық байлығын зерттеуді қамтамасыз ететіндей етіп құру.
Жезқазған – бұл сөз астарында 15 жыл бойы өркениеттен тыс – тастақты шөл Бетпақдала; бірінші дәрежелі геологиялық экспедиция ұйымдастыру; мүдделес-геологтар ұжымшыл ұйымын құру; ұлттық индустриалды кадрларды тәрбиелеу; Кеңестің жоғары үкіметтік инстанцияларында кенорынының күрделі масштабатары туралы өзінің дұрыстығын дәлелдеу қажеттілігі; Үлкен Жезқазған кен-метталургиялық комбинатының құрылысын негіздеу; комбинатты құру, қаланы салу жолындағы қиындықтарды жеңу. Соңында – еңбегіңнің басы-қасында болып, оның жемісін көру қандай бақыт – адам қолымен жасалған теңіздің жағасында шексіз даланың арасында керемет жаңа заманға сай жасыл қала – бөген (су қоймасы), алдыңғы қатарлы жер асыты техникасы, карьерлері, алып шахталары бар зор кеніш; тамаша байыту фабрикалары; мыс зауыт-алыбының құрылысы және еңбекқор мақсатты адамдар – жезқазғандықтар, оларға ол 1961 ж. өзінің соңғы келгенінде Қаныш Имантайұлы бұйыра сөйледі: «Жезқағанды қорғаңыздар! Біздің байлық зор болғанымен, шексіз емес.»
Қаныш Имантайұлы өзінің практикалық қызметінің бастапқы кезінен-ақ алғыр ойлы, ой өрісі кең, осы аумақтың бай экономикалық сұрақтарының барлығының жауабын кешенді қамтитын және айқын түсінетін табиғи дарыны, көрнекті ұйымдастырушылық қабілеті ашылды.
Жезқазғандағы жұмысының бірінші күндерінен бастап Қаныш Имантайұлы осы ауданға мемлекеттік жоспарлы органдар мен ғылыми мекемелерді шақырмайынша бұл ауданды жылдам игеру мүмкін еместігін түсінді. Сондықтан 1928 ж. қаңтарында ол «Халық шаруашылық» журналына «Қарсақпай ауданы және оның болашағы» атты ғылыми мақаласы шығады. Бұл Қаныш Имантайұлының бірінші мақаласы, еліміз бен республикамыздың халық шаруашылығы үшін оның әртүрлі табиғи ресурстарының мәнін анықтайтын ауданды дамытудың экономикалық және түбегейлі мәселелеріне арналған.
Ежелгі уақыттардан бергі қолдағы бар геологиялық материалдарды егжей тегжейлі зерттеудің және өзінің жинақтаған геологиялық бақылаулардың нәтижесінде Қаныш Имантайұлы Жезқазған кенорынын КСРО мыс өнеркәсібінің басты болашақ кен базасы ретінде тұжырымдайды.
Бұл мәселеге ол басқа мақаланы арнайды, ол 1928 ж. «Қазақстан халық шаруашылығы» журналында жарияланды: «Атабасар мыс ісі және оның болашағы». Жезқазған және Жезқазған ауданы туралы жұмыстар саны жылдам артты, және оларды жариялау өмірінің соңына дейін тоқтаған жоқ.
1929 ж. елімізді индустрияландырудың алғашқы бесжылдық жоспарын құру бойынша дайындық жұмыстары пайда болды (развернулись). Өзінің батыл геологиялық болжамына сүйене отырып, Қаныш Имантайұлы геологиялық жұмыстар фронтын жылдамдатуды талап етті және КСРО ВСНХ алдына алғашқы бесжылдықта Жезқазған рудаларының негізінде жаңа мыс комбинатын салу қажеттілігі туралы мәселені қойды. Осылай алғаш рет үлкен Жезқазған туралы идея туды. Главметаллдың сол кездегі басшысы, Геолком сарапшыларының қортындысына сүйеніп, бұл идея таза фантазия ретінде қабылданды. Өзінің Жезқазған масштабы туралы пікірінің дұрыстығын тезірек дәлелдеу үшін оған геологиялық барлау жұмыстарының қарқынын бірден арттыру қажет болды.
Жезқазғандағы осы жұмысының алғашқы кезеңінде ол тек қана ұйымдастырушылық қабілет көрсетіп қана қоймай, мемлекеттік қырағылық танытты, жергілікті тұрғындардан құралған техникалық кадрлар мен білікті жұмысшыларды дайындау курсын дұрыс таңдай білді. Бұл жергілікті көшпелі тұрғындардың ғасырлар бойғы өмір қалпын түбегейлі өзгертуге және геологиялық жұмыстардың ойдағыдай әріқарай дамуы үшін қажетті алғышарт жасады. Қажырлы Қаныш Имантайұлының Жезқазғанның зор болашағына деген үміті, геологиялықбарлаушылар ұжымының қиындықтарға қарамастан жұмыс жасауына ықпал етті, өте қысқа мерзімде, 2-3 жыл ішінде алғашқы үміт ететін нәтижелер алды.
1931 ж. аяғында Жезқазған жер қойнауында табылған қорлардың арқасында, ол КСРО мыс кенорындары арасында бірінші орынды иеленді. Осы уақытта алынған жаңа геологиялық материалдар Қаныш Имантайұлына 1932 ж оның алғашқы «Жезқазғанның мыс өңірі және оның минералды ресурстары» атты монографиясын әзірлеп, жарыққа шығаруға мүмкіндік берді, онда 1929-1931 жылдардағы Жезқазған ауданынындағы кеңейтілген геологиялықбарлау зерттемелерінің қорытындылары және кенорынындағы әріқарайғы жасалатын жұмыстардың бағдарламасы келтірілген.
КСРО-дағы ұсақ, әрі бірінші орынға шығып және әлемдегі ірі мыс аймақтарының бірі атанғаны Жезқазған кен орыны жайындағы осы уақытқа дейінгі бұрынғы көзқарасты түпкілікті қайта қарау, ол осы кен орынның геологиялық ерекшеліктерін зерттеудегі тынымсыз еңбектің нәтижесі болды.
Жезқазғанның бұрынғы зерттеу мәліметтеріне қарсы жаңа зертеулердің негізінде Қ.И.Сәтпаев келесі фактілерді (деректерді) белгіледі: Жезқазған кен қабаттарының жалпы қуаттылығы жағынан кен орнының әлеуетті мүмкіндіктерін бағалау үшін маңызы зор жалпы қуаты бұрынғы зерттеулерде 300-350 м. анықтаған болатын. Қ.И.Сәтпаевтың зерттеулері бойынша оның қуаты екі есеге артқан, 650-700 м. тең болған.
Қ.И.Сәтпаев құрастырған Жезқазған жыныстарының дәл стратиграфиялық бағанасы алғаш рет осы кенорынын барлаушыларға біртекті және мылқау Жезқазғанның кен қабаттарына үйренуге, жобалық тереңдікті және өтетін бұрғы ұңғымасының разрезін анықтауға, яғни геологиялық барлау жұмыстарын ашық көзбен жүргізуге мүмкіндік берді.
1931 жылы құрастырылған Жезқазған кен қаттарының бөлшекті стратиграфиялық бағанының дұрыстығы уақыт сынынан өткен және әліде өз маңызын сақтауда.
Барлық осы геологиялық түсініктер: Жезқазған кен қаттарының жалпы қуаты еселенген, жеке кенді горизонттар саны екі еселенген немесе үш еселенген, бір ғана емес, екі рудоотложение фазасының болуы, олардың екіншісі – мыс-қорғасынды рудаландыру, Жезқазған болашақ кәсіпорынын дұрыс бағалау үшін барлық негізгі алғышарттарды жағымды жаққа түбегейлі өзгертті, ең бастысы осы кенорынындағы геологиялық жұмыстарды дұрыс және прогрессивті ғылыми теориямен қаруландырды.
Қаныш Имантайұлының пркатикалық қызметтегі негізгі бағыттар сол уақытта да және одан кейінде барлық Жезқазған ауданының пайдалы қазбалар кенорындарын зерттеудің кешенді тәсілі болатын, минералды шикізат қорларына экономикалық баға беруге ұмтылу, оларды қысқа мерзімде ел қызметіне тарту. Бұл бағыттар оның әріқарайғы ауқымды геолог қызметіндегі басты бағыт болып қалды.
1931 ж ВСНХ КСРО да Жезқазған минералды шикізатының бай қорының, Үлкен Жезқазған комбинаты деп аталатын мысбалқыту зауытының негізінде құрылыс туралы шешім қабылданды. КСРО ірі мысбалқыту комбинатының техникалық жобасын құрастыру бойынша жұмыс 1932 ж. қарай қызу жүрді. Алайда 1933 ж. ақпанында Жезқазғанның геолог-барлаушылар ұжымының жұмысы Главцветмет тарапынан әріқарай қаржыландырудан бас тарқан себепті кенеттен тоқтатылды.
Үлкен Жезқазған үшін жаңа күрес кезеңі басталды. 1933-1934жж. Қаныш Имантайұлы өзінің қажырлығымен, табандылығымен Жезқазғанның кадрлары менн геологиялық барлау қызмет орынын сақтап қалуға тырысты.
Жезқазған үшін осы қиын сәтте де Қаныш Имантайұлы қол қусырып отырмады. Ол ВСНХ КСРО тікелей жетекшісі Г.К. Орджоникидзеден көмек сұрауды ұйғарды. Алайда алдын ала еліміздің беделді ғылыми органдары тарапынан қолдау алу қажет болды.
Осыдан кейін Мәскеудегі КСРО жанындағы Ғылым академиясы Үлкен Жезқазған мен Үлкен Алтайдағы өндіргіш күштерге арналған арнаулы ғылыми сессия шақыру идеясы туды.
Бұл сессия академик А.Д.Архангельскийдің жетекшілігімен ұйымдастырылып, 1934 ж. қарашада өткізілді, 35 жасар инженер-геолог Қаныш Имантайұлы осы сессияны дайындауға және өткізуге белсене қатысты. Бұл іс-шараның міндеті мен маңызын толықтай түсінген ол Жезқазған геологбарлаушылар ұжымының жасаған ауқымды жұмысының нәтижелері туралы толыққанды материалдар мен баяндама құрастырды. Бұл сессияда оларға Жезқазғанның ресурстары мен оның болашағы туралы айтылып қана қоймай, кенорынын геологиялық құрудағы бекітілген маңызды фактор туралы да баяндалды.
Геологиялық ғылымда Қаныш Имантайұлымен жезқазған кен орнының жекелеген қаттарының литологиялық ерекшеліктерімен кен орындарындағы қатпарлы құрылымның және олардың генетикалық байланыстағы қабатішілік аймақтарының қатпарлануы мен тектоникалық бұзылулары бірінші рет дәлелденді. Бұл жаңалық тек Жезқазған үшін ғана емес, сәл кейінірек анықталғандай Қазақстанның басқа да Қаратау және кенді Алтай сияқты ірі кеніштеріндегі –жетекші тектоникалық кентүзілу факторлары туралы Қ.И.Сәтпаев алғашқы рет осы ғылыми сессияда баяндады. Бұл сессиядағы еңбектер «Үлкен Жезқазған» атты атаумен 1935 жылы КСРО Ғылым академиясында жарияланды.
Жіберілетін жұпыны тәсілдерге қарамастан, өз Жезқазғанының кен орнын зерттеумен қатар, Қ.И.Сәтпаев Жезқазған-Ұлытау аудандарындағы ауқымды аудандағы 100-120 мың.км (шақырым) геологиялық және пайдалы қазбаларға кешенді зерттеулер қойылды, ол үшін ең алғаш рет ірі ауқымды геологиялық карта құрастырылды. Осы негізде тектоника мен магнитизмнің және барша Жезқазған-Ұлытау ауданы металлогениясының негізгі ерекшеліктері туралы оларға жоғарыда аталған сессияда толыққанды баяндалды. «Үлкен Жезқаған» атты жинағында Жезқазған-Ұлытау ауданының мыс, темір, марганец, қорғасын, алтынрудалы және көмір кенорындарына және үлкен Жезқазған комбинаты ауданындағы минералды құрылыс материалдарына және қосалқы-металлургиялық шикізат кенорындарына қатысты оның 6 жұмысы жарық көрді.
Сессия Жезқазғанның сөзсіз бірінші дәрежелі маңызын еліміздің мыс өндірісінің шикізат базасы ретінде мойындады және әріқарай оның бай минералды ресурстарын жоспарлы зерттеудің қажеттілігін атап өтті.
Сессиядан соң Қаныш Имантайұлы Г.К.Орджоникидзенің қабылдауында болды. Халық комиссары зор ықыласпен оның Жезқазғанның және Жезқазған-Ұлытау ауданының минералды байлықтары және Жезқазғандық геологиялықбарлау ұжымының жұмысы туралы хабарламасын ден қойып тыңдады. Ол үлкен Жезқазғанды дамытудың қажеттілігін толықтай құптады. Біраз уақыттан соң КСРО ОАК кезекті сессиясында Г.К.Орджоникидзе былай деді: «Жақын уақытта бізге Үлкен Жезқазған комбинатының құрылысын бастауымыз керек болады. Онда мыс кендерінің бай қорлары бар. Олар Орталық Қазақстанның түбінде, теміржолдан алыс орналасқан. Жезқазғанға тез арада Қарағандыдан бастап теміржол салу қажет». 1938 ж 13 ақпанында ауыр өнеркәсіп Наркомы Жезқазған комбинатының құрылысы туралы бұйрық шығарды. Осымен Жезқазғанның бай жер қойнауын игеру тарихының жаңа кезеңі басталды.
Жезқазғандағы жұмысы барысында Қаныш Имантайұлы 1928 ж. бастап Орталық Қазақстанда қара метталлургияны жасау мәселесін алға тартты. Атасу, Қарсақпай, Аят темір рудаларының өнерәсіптік бағасы қалай болғанда да оның бастамасымен және еңбектерімен байланысты. Олар Қазақстандағы қара металлургия мәселелерімен байланысты бірқатар жұмыстарды жарыққа шығарды.
Қ.И.Сәтпаевтың ғылыми-зерттеу қызметіндегі ең маңыздысы ол зерттеп отырған объектіні барлық жағынан және ауданның барлық кенорындарын зерттеуді қамтып, өзінің барлық еңбектерінде кешенді ғылыми әдісті қолдануы болып табылады.
Осы кешенді әдісті Жезқазғанға қатысты қолдану тек қана мыс рудаларының әлемдік қорын ашып қана қоймай, оның рудаларында өнеркәсіптік маңыздағы қорғасын, мырыш, күмісті айқындады, өнеркәсіптік маңыздылықтың және көптеген басқа да пайдалы қазбалардың анықталуына әкелді: көмір, марганец, темір, қорғасын, алтын, отқа төзімді құрылыс материалдары және т.б. Осы объектілердің әрқайсысын зерттеу олардың практикалық құндылығы және еліміздің халық шаруашылығында қолдану шарттары бойынша кешенді түрде жүргізілді. Қ.И.Сәтпаевтың Жезқазған және оның аудандарындағы металлогения бойынша ғылыми теориялары тікелей тәжірбие мәліметтерінен шықты. Олар Жезқазған және басқа да кенорындарының геологиялық барлау жұмыстарының практикасында тексерілді.
1940 ж. күзінде Қазақ республикасының 20 жылдығымен байланысты Қ.И.Сәтпаев Қазақстандағы ғылым жетістіктері туралы баяндамасымен Мәскеуге жіберілді. Құбылыстар мен фактілердің терең сараптамасы мен айқын мысалдарға толы баяндамасы үлкен әсер қалдырды. Баяндамада бұрындағы артта қалған патшалық Ресейдің төңірегі тарихи қысқа мерзімде Партия еркімен және халықтың еңбегімен алдыңғы қатарлы мәдениеті мен ғылымы бар гүлденген социалистік республикаға айналғандығы туралы көрсетілген. Жезқазғанды зерттеудегі орасан еңбегі және оның жер қойнауын ашудағы жетістігі үшін Қаныш Имантайұлы бірінші Ленин орденімен марапатталды.
Жезқазғандық кезеңдегі Қ.И. Сәтбаевтың өмірі мен қызметінің дүбірлі еңбегі мен күресін, шығармашылық ізденісін бақылай барысында, оның таусылмас қуаты мен тапқырлығына, оның алдында тұрған мәселелерді шешудегі нағыз мемлекеттік және дана әдісін пайдалануы, оның елі мен халқына сондай қажетті, жаңадан басталған істерге деген сенімділігі таң қалдырады. Алайда, Қ.И. Сәтбаев «...мен 1940-жылдың қыркүйегінде Алматыға Қазақстанның К(б)П ОК-не жедел түрде шақырылдым, КСРО ҒА Қазфилиалы құрамындағы партия мен үкіметтің шешімі бойынша, оның бірінші институты – Геология институты құрылатынын және Қазақстан партиясының ОК-мен оның директоры ретінде мен тағайындалатынымды хабарлады. 1940- жылдың 6-қарашада ҚазКСР 20-жылдығына орай Қазақстанның бір топ қайраткерлерін ордендер мен медальдармен мадақтау туралы КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумы Жарлығы шықты. Ленин орденімен мадақталғандардың арасында мен де болдым. Үкіметтің бұл жоғары марапаты менімен және Жезқазғанның геологиялық барлаушылар ұжымымен қуанышпен қарсы алынып, Үлкен Жезқазған идеясын жүзеге асырудағы ауыр күресті өз иықтарында алып өткен барлық ұжымның патриоттық еңбегінің бағасы аталып өткендігінің белгісі ретінде қабылданды... » деп жазды.
Кейіннен ол Қазақстанның Коммунистік Партиясының бірінші хатшысы етіп тағайындалды, оған Алматыға көшіп, КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалының Геологиялық институтын басқару ұсынылды. Бұл кезеңде Қаныш Имантайұлының тумасы – Үлкен Жезқазғанның тағдыры шешілген, яғни ол жедел халықшаруашылық игеру жолына тұрған болатын. Сондықтан, Қаныш Имантайұлы ҚКП ОК құрметті және жауапты ұсынысын қабыл алды.
Қаныш Имантайұлы КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалының Геологиялық институтының директоры етіп тағайындалған уақытқа дейін де республикадағы ірі мемлекеттік және қоғамдық қызметкер ретінде белгілі болды. Ол КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалының Ғылыми кеңесінің мүшесі, Қарағандылық Облисполкомның пленум мүшесі, Қарағанды облысы Қарсақпай ауданының Еңбекшілер депутаттарының аудандық кеңесінің депутаты, Қазақ таукен-металлургиялық институтының Мемлекеттік емтихандық комиссиясының төрағасы және т.б. болды.
Оған жүктелген міндеттердің маңыздылығын толықтай түсініп, осы және басқа да қоғамдық тапсырмаларды орындауға үлкен жауапкершілікпен қарағанған. Жас инженерлік және техникалық кадрлерді дайындау мәселесіне ерекше көніл бөліп қараған. Ол әрқашан қамқор тәрбиелеуші және жастардың қайырымды ақылгөйі болды.
1937-жылы Алматыдағы Қазақ таукенметаллургия институты өзінің алғашқы түлектерін шығарды. Қаныш Имантайұлы Мемлекеттік комиссияның төрағасы ретінде шақырылды. Кейіннен өндірістің ірі ұйымдастырушылары мен ғалымдары болған аталған ЖОО-ның бірінші түлектеріне өз қолымен өмірлеріне жолдама берді. Өмірінің соңына дейін осы комиссияның мәңгі төрағасы болды.
Осыған орай, 1950-жылғы ҚазТМИ және ҚазМУ геолог түлектеріне арналған Қ.И. Сатпаевтың жолдамасы, әсіресе қазіргі уақытта, үлкен маңызға ие. «Сіздер – Қазақстан геологтарының өскелең ізбасарысыздар. Мен сіздерге қандай тілек айтар едім:
а) оқу және оқу. Тыным таппай оқу, төзіммен оқу. Жастық құлшыныспен және білімқұмалрықпен, патриоттық табандықпен және мақсатқа талпынушылықпен.
б) оқу және білім алу формальді түрде емес, нақты ақиқат түрде, сынақты «жұтпай», алынған білімдерді «қорытып», шығармашылық, сынай отыра зерделеу.
в) Мектеп қабырғасында, сонымен бірге, жоғары оқу орнында алынған білімдер сіздерді тек қана ғылымдардағы жалпы шынайлылық пен нәтижелердің бағытын көрсетеді, оның жеке бөлімдерін игеру үшін түпдеректермен жұмыс істеу әдістемесіне сілтейді.
Ғылыми және оқу әдебиетімен қатар, геолог үшін Табиғаттың ұлы кітабы негізгі қайнар көз болып табылады. Алғашқыда, бұл табиғат кітабы табиғи баспа кітаптарға қарағанда толық немесе желілі болып көрінбейді. Онда коптеген қалдырулар, өшіріліп қалған беттер, түсініксіз жерлер, әр түрлі жасырын жұмбақтар болады.
г) Сондықтан, Табиғаттың ұлы кітабының кейбір беттерінің үйлеспейтін, күрделі және түсініксіз үзінділерден бастапқы, шынайы мәтіндерін құрастыру үшін геологта фактілерге деген зейінді байқағыштығы мен үлкен шығармашылық қиял күші болу керек. Геолог фактілердің мәнсіз тіркеушісі емес, ол оларды түсініп, бірыңғай үйлесімді тұтастыққа біріктіруі тиіс. Геологтың еңбегі, архитектордікі секілді, әр түрлі бөлшектер негізінде қандай да бір архитектуралық құрылыстың жалпы ансамбілін құрастыратын, шығармашылық қызмет болып табылады. Академмик М.А. Усов геолог құбылыстың жұмыс гипотезасын жасау үшін белгілі бір қиял бөлігіне ие болуы тиіс деп айтқан.
д) Бірақ, геологтың гипотезасы қатаң фактілерге негізделген және жаңа фаактілер мәліметтеріне сәйкес өзгеріп отыруы тиіс. Біржақты гипотезаныі құлы болуға болмайды.
е) Кез-келген жаратылыстану қылымдарына сияқты, геология үшін база ретінде, заманауи және ең соңғы болуына қарамастан, гипотезалар емес, нақты фактілер алынуы тиіс. Теориялар мен фактілерді өзара үйлестіру – геолог үшін үлкен өнер. Қанша геологтар оларды икемсіз үйлестірудің құрбаны болды?
ж) Геологқа өндірістен бастау керек. Өндірістік тәжірибесіз геолог –геолог емес, инженер емес, жылыжай гүл. Аспирантура – өндірістен кейін.
з) Біздегі еңбек ұжымдық. Әсіресе, өндірістегі еңбек ұжымдық. Жетістік – ұйымдастыруда. Қндірісте геолог ең алдымен ұйымдастырушы болуы тиіс: ұжымды ұйымдастыра білуі тиіс: орында жаңа кадрларды өсіруі тиіс, олардың жұмысқа деген құлшынысын ояту қажет. Әр қайсысының еңбегін сыйлауы тиіс. Ұжымның жаны болуы тиіс. Бұл үшін адамдарға деген қатынасы әділ, тегіс және қатаң болуы керек. Ағайыншылық пен жағымпазданушылық айқайшылдық пен менменшілік сияқты зиянды. Ұжымды өзінің жеке үлгісімен еліктіру. Қара жұмыстан қашпау. Тұрмыста да, жұмыста да қарапайым болу.
и) Өндірістік процесті ұйымдастыру. Орындағы ғылыми зерттеулерге дейін барлық жұмысты кешенді жүргізу. Орында ғылыми-зерттеу ұяшықтарды жасау.
к) ҚазТМИ-мен, профессурамен, КСРО ҒА-мен байланысты үзбеу. Қиындық тудыратын сұрақтар бойынша оларға қамсынбай жүгіну. Ғылыми кадрлермен жақсы қарым-қатынас орнату.
л) жан-жақты білімді адам болу. Өзінің мамандығының тар аясында тұйықталмау.
Нағыз инженер болу – қиыншылық алдында тізе бүкпеу, оларды жеңіп, мақсатқа жету жолында табандылық көрсету, қиындықтарды жеңу кезінде оңтайлы әдістерді пайдалану.
Өндірістегі ұзақмерзімді жұмыс, әсіресе, өндірістік құрылыстың ауыр теліміндегі жұмыс – жас таукен инженер-геолог үшін тамаша мектеп болды. Бұл жұмыста оның ұйымдастырушылық қабілеттері ұшталып, бағалы практикалық тәжірибе жинақталып, өмірдің терең білімдері байытылды. Бір сөзбен айтқанда, кейіннен ойдағыдай ғылым аймағына көшірілген барлық қажетті заттар алынды және ол басқаратын Қазақ Ғылым академиясының үлкен ғылыми ұжымының зерттеулеріне сол жасампаз мақсаттылық мен нақтылықты жасады. Практикалық жұмыста үлкен тәжірибеге ие бола отыра, ол өндірісте алынған тәжірибенің кейінгі ғылыми жұмыс үшін өте пайдалы екенін түсініп, осындай тәжірибесі бар ғалымды өте бағалаған.
Достарыңызбен бөлісу: |