Тарихи перспективадағы экономикалық даму.
Экономиканың əлеуметтік мазмұны
1.Капитализм
Капитализм деп жеке меншік билеу құқығын бекітетін жəне оны капитал ретінде өнеркəсіп орнына салу əрі осыдан пайда көру мүмкіндігін беретін экономикалық жүйені атаймыз. Бұл
жүйеде белсенділік пен бəсеке қабілеттілік бағаланады.
Өнеркəсіптік төңкеріс капитализм дамуының сүйреуші күші болды. Өнеркəсіп дамуы жаңа зауыттар мен құрал-жабдықтарға капитал салуды талап етті.
Жаңа өнім түрлерін ендіру жəне белгісіз жаңа нарықтық аумақтарды игеру үшін ірі материалдық шығынды талап ететін қатерге бас тігу қажет еді. Міне капитализм кезінде осындай адамдар тобы: іскер адамдар, кəсіпкерлер, банкирлер пайда болды.
Кəсіпкер-капитализм дамуындағы басты тұлға. Ол өзінің жəне басқаның капиталын игеріп, көбейтеді.
Капитализм бастапқы дамуында үкіметке тəуелсіз болды. Ол мемлекеттен тек шарттар сақталуын бақылауды жəне жеке меншікті қорғауды талап етті. Бірақ XІX ғ. капитализм дамуы аяусыз қанау мен оған қарсы қозғалыстар тудырды. Кей елдерде бұл тіпті əлеуметтік төңкерістерге ұласты. Осыған сəйкесті капитализм мінезі өзгеріске ұшырады. Еуропа
жəне американ капитализмі бірте-бірте үкімет органдары бақылауына алынды. АҚШ-та салық
жүйесін жəне əлеуметтік қорғау жүйесін
жетілдіру арқылы кəсіпкерліктен түскен пайда қоғамдық бөліске салынды. Əлеуметтік
қамсыздандыру, жұмыссыздық, медициналық көмек төлемақылары белгіленді. Өнеркəсіпте, транспортта, коммуникация жүйесінде, фондалық (құнды қағаз) биржаларында жаңа, мемлекет бақылауындағы ережелер бекітілді.
Қазіргі уақытта АҚШ үкіметі өнеркəсіп орындары бəсекелестігін күшпен сақтауға
тырысуда. Өйткені АҚШ-та монополияға қарсы заңға қарамастан ірі корпорациялар ролі өсе түсуде. Сол сияқты кез-келген ел үкіметі
бақылауынан тыс трансұлттық корпорациялар пайда болды. Қазіргі АҚШ капитализмі корпоративті капитализм деп аталады.
Қазіргі уақытта дүние жүзіндегі экономикалық жүйелер тек қана капитализммен шектелмейді. Американдық социолог Линдблом экономикалық жүйелердің төрт негізгі түрлерін бөліп шығарды.
Ең алдымен басшылыққа тұтынушылар мүддесін алатын жеке кəсіпкерліктің дəстүрлі жүйелері. Негізінен Батыс Еуропа, Солтүстік Америка елдері.
Үкімет субсидия жасап отыратын жəне дайын өнімді сатып алып отыратын жеке
кəсіпкерлік жүйесі. Олар жеке болса да, оларға жоспарлаушы органдар белгілі бір деңгейде
əсер етеді. Н.Смелзер мұның мысалы ретінде АҚШ қорғаныс өнеркəсібін атайды.
Баға сұраныс арқылы реттелетін мемлекеттік кəсіпкерлік. Əдетте мысал ретінде қазіргі
Қытай, бірқатар ТМД елдері алынады.
Жоспарға қатал бағындырылған мемлекеттік кəсіпкерлік. Мысал ретінде Куба, Солтүстік Корея елдері алынады.
Еңбек жəне айырбас жағдайлары
Көптеген жағдайларда біз тек ақша үшін ғана еңбектенеміз. Біз тауар сол сияқты қызмет түрлерін де ақшаға алып пайдаланамыз.
Бірақ еңбектік қатынастарды ақшамен
байланыстырмайтын қоғамдар да бар. Б.Малиновский Жаңа Гвинеядағы меланезий тайпасының экономикалық қарым-
қатынастарын зерттеді. Олар бір-біріне тегін көмектесу арқылы өмір сүреді, яғни еңбек тек қана еңбекке айырбасталады.
Сол сияқты біздің өмірімізде де өнеркəсіп, тауар айналымындағы экономикалық емес факторлар өз ролін ойнайды. Мыс., сыйлық үшін ешкім оған эквивалентті ақша төлемейді. Сол сияқты бірқатар жағдайларда бір-бірімізге тегін еңбек етеміз. Əрине бізде мұндай жағдайларда ең басты рол атқаратын туыстық байланыстар.
Қазіргі қоғамдарды еңбек ролдерін бөлісуде жас айырмашылығы мен жыныстық айырмашылық та үлкен рол атқарады. Көптеген қоғамдарда жас балалар еңбегін пайдалануға тиым салынған, ал қарт адамдар экономикалық өмірге араласуды тоқтатады. Сол секілді көптеген еңбек түрлері (мыс., кеңсе жұмысы, медбике, бастапқы мектепте сабақ беру, балабақшада жұмыс істеу) тек қана əйел адам жұмысы болып саналады.
Сол сияқты басқа еңбек түрлері (мыс. қоғамдық тəртіп сақтау, қорғаныс, ауыр өнеркəсіп, шикізат игеру) тек қана ер адамдар жұмысы болып саналады.
Демалудың əлеуметтік контекстісі
Қазіргі уақытта демалу ролі өте көтерілді. Төрт күндік еңбек жұмысы мен жұмсақ еңбек кестесі кең таралуда. Көптеген елдерде өмір сүру
жағдайларының көтерлуіне байланысты демалуға жəне осыған байланысты қызмет түрлерін пайдалануға көп уақыт пен қаражат бөлінеді.
Демалыс уақытын өткізу ерекшеліктеріне таптық тек те өз əсерін тигізеді. Мыс., жоғары кірісі бар адамдар мəдени шараларға көп көңіл бөледі, ал орта кірістілер əдетте спорттық ойындарға баруды, ал төменгі кірісі барлар парктерде демалуды ұнатады.
Достарыңызбен бөлісу: |