Сыныптан тыс іс-шара спорттық ойын «Мен чемпион»
Тақырыбы: « Мен чемпион» (Спорттық ойын)
Мақсаты: Мектеп балаларына салауатты өмір сүруге қызығушылығын арттыру. Спортпен айналасудағы әртүрлі дене шынықтыру жаттығуларының әдістерін үйрену, оларды қолдану. Салыстыру арқылы балалардың ой-өрісін дамыту. Ата-аналардың мектеппен тығыз байланысын дұрыс жолға қою және ойындарға ата-аналардың белсене қатысып, ынтымақтаса жүргізілген жұмыстың нәтижелі болатындығын көз жеткізу.
Іс – шараға қажетті құралдар: доп, жалау, маскалар, орамал, арқан.
Барысы: Спорт залына марш сазымен 2 топтың балалары екі қатарға бір-біріне қарама-қарсы тізіліп тұрды.(бір топтың балалары – жасыл киімде, екінші топтың балалары – сары киімде)
Жүргізуші: Бүгінгі эстафеталық жарысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасын таныстырып өтуді рұқсат етіңіздер. ........
Жүргізуші: Бүгін екі топ жарысқа түседі. «Мергендер», «Жүйріктер»
Эстафеталық жарысымыз 3 бөлімнен тұрады:
1 бөлім – «Таныстыру»
2 бөлім – «Жарыс түрлері»
3 бөлім – «Қимылды ойын»
«Мергендер»
Мерген, мерген, мергенбіз,
Бәрін көздеп жеңгенбіз.
«Жүйріктер»
Топты бастап жүретін,
Жүйріктерміз біз алды.
Жеңісті қолдан бермейтін
Жүйріктерміз біз мықты.
Жүргізуші: Ал, қане бір-бірімізді қостаймыз
Бүгінгі жарысымызды бастаймыз.
1.Эстафеталық ойын: «Жалауды тез жеткіз»
Әр топтан 4 баладан шығады. Балалар жалауды ұстап кеглилердің арасынан жүгіреді, ата-аналар шармен секіріп барып қайтады.
2.Қимылды ойын: «Арқаннан секіру»
3.Эстафеталық ойын: «Әтештер сайысы»
Әр командадан 2ұл, 2қыз баладан шығады. 2 кіші шеңбердегі балалар бір-бірімен күш сынасады.
4 ойын: «Орамал тастамақ»
5.«Жүйрік ат»
Әр командадан 5 баладан шығады. Балалар үлкен доппен секіріп барып, жүгіріп қайтады. Ата-аналар кіші допты аяқтың арасынан қысып секіріп барып шелекке лақтырып дәлдеп түсіреді.
6.«Сиқырлы доптар»
Жүргізуші:Бүгін міне оң болып бәріміз жоғары боп күш – жігер намысымыз осылайша қуанышпен думандатып аяқталды халайық жарысымыз. Сөз кезегін әділқазыларға береміз.
Құттықтап, ата-аналарды «Алғыс хатпен» марапаттау.
Жүргізуші: Осылайша жарыс жолын тартамыз
Барлығымыз көңілді қайтамыз
Балаларды шынықтырған, жаттықтырған
Жаттықтырушы ағайға рахметімізді айтамыз!
Достарыңызбен бөлісу: |