Маргиналдылық – өз тобынан тыс жалпыға ортақ қабылданған ережелер мен түсініктерден басқа бірегейшілік нормаларын табу, өз тобына тән белгілерден айырыдып дүбәрәсіз күй кешу. Этнос
Маргиналдылық – өз тобынан тыс жалпыға ортақ қабылданған ережелер мен түсініктерден басқа бірегейшілік нормаларын табу, өз тобына тән белгілерден айырыдып дүбәрәсіз күй кешу.
Этнос - мүшелері сыртқы бейнелерінің, әдет-ғұрыптарының үқсастықтарына қарай немесе ортақ отаршылық не көші-қонды басынан өткерген тағдырлас тарихына қарай өздерінің шығу тектерінің бір екендігіне сенетін топ.
Ұлт — белгілі бір аумақта тарихи қалыптасқан, оның өмір сүруін қамтамасыз етіп, оған өзіндік түр беретін субстанционалды-рухани негізі бар, бірыңғай тіл, мәдени, психологиялық, ділдік (менталитет), өмір салты сияқты ерекшеліктер тән әлеуметтік қауым.
Этникалық жады - маңызды құндылықтарымен, халқының дәстүрлі дүниетанымымен, табиғи орындармен, бетбұрысты тарихи және мәдени оқиғалардың ұрпақтан ұрпаққа сақталуы.
Этникалық өзін-өзі анықтау - қауымдастықтың тарихи-мәдени даму барысында құрылатын этногенездің белгілі бір өлшемдері: нәсілдік-биологиялық (шығу тегі), климаттық-географиялық (өз халқының тарихы, мәдениеттің және діннің т.б. этникалық символдары) бойынша қайсы бір этникалық қауымға жатқызылу сезімі.
Адами капитал - жұмыскердің еңбек ету мүмкіндігін, олардың еңбегінің жемісті болуын, еңбек өнімділігі мен сапасын көтеретін білім, біліктілік ілім, тәжірибе нысанында адамдарға салынатын капитал
Білім беру деңгейлері мен салалары - Мектепке дейінгі тәрбие (балабақша). Бастауыш білім 7-11 жастағы балаларды оқуға және жазуға үйрету үшін қызмет етеді (оқу және жазу дағдылары). Бастауыш білім бастауыш мектептерде беріледі. Орта білім (гимназия, колледж, лицей, орта мектеп, нақты мектеп) 11-16 жас аралығындағы жасөспірімдерге жалпы немесе кәсіптік білім беруге қызмет етеді. Орта білім алғаннан кейін оқушыға оқу туралы куәлік беріледі. Жоғары білімді (институт, университет), әдетте, ересек азаматтар түсу емтихандарын тапсырғаннан кейін алады. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім практика немесе ғылыми-зерттеу жұмыстарын қамтиды.