Қазақстан республиасының білім және ғылым министрлігі



бет1/7
Дата10.09.2017
өлшемі0,85 Mb.
#31970
  1   2   3   4   5   6   7

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ КАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ атындағы

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

УМКД

ПОӘК.042-14-2-06.01.20.88/03-2013


ПОӘК

Оқу-әдістемелік материалдар




№3 баспа 2013 ж.


ПӘННІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

5В060400 - «Физика» мамандығы үшін

АСТРОНОМИЯ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей 2013

Дәріс № 1. «Астрономия» пәніне кіріспе
Дәрістің мазмуны

  1. Астрономияның анықтамасы, негізгі есептері

  2. Астрономияның бөлімдері

  3. Астрономияның негізгі ұғымдары

Астрономия (грек тілінде «астрон» - жұлдыз және «номос» - заң) – аспан денелердің және олардың жуйелерінің қозғалысының, құрылысын, пайда болуының және дамуың зерттейтін Әлем туралы ғылым.

Аспан денелерді зерттегенде астрономия өз алдында үш негізгі есеп қояды:


  1. Қеністіктегі аспан денелердің көріністін, одан әрі нақты орындарын мен қозғалыстарын зерттеу, олардың өлшемдері мен пішіндерін анықтау

  2. Аспан денелердің физикалық құрылысын зерттеу, яғни аспан денелердің бетіндегі және ішіндегі химиялық құрамын және физикалық шарттарын зерттеу

  3. Жеке аспан денелердің және олардың жуйелерінің пайда болуының, дамуының және келешектегі дағдырының мәселесін шешу

Астрономияның негізгі бөлімдеріне мыналар жатады:

  1. Астрономия – кеңістік пен уақытты өлшеу туралы ғылым

  2. Теориялық астрономия

  3. Аспан механикасы

  4. Астрофизика

  5. Жұлдызды астрономия

  6. Космогония

  7. Космология

Астрономияның негізгі ұғымдарына мыналарды жатқызуға болады:

Астрономиялық бақылаулар, аспан денелердің көрінетін және нақты қозғалыстары, географиялық және сфералық координаталар, Күн тәуліктері, календарь, сфералық тригонометрия, тәулік және жұлдыз параллаксы, Ай және Күн тұтылыстары, негізгі астрофизикалық саймандар, Күннің құрамы мен ішкі құрылысы, Күн жуйесі, қалыпты, екілік және физикалы айнымалы жұлдыздар, Галактика, галактикалар жиынтығы, космология.

Игеру деңгейін бақылау сұрақтары:


  1. «Астрономия» пәні дегеніміз не?

  2. Астрономияның негізгі есептерін атап шығындар

  3. Астрономияның негізгі бөлімдерін атап шығындар

  4. Астрономияның негізгі ұғымдары

Қолданылатын әдебиет:

  1. Кононович Э.В., Мороз В.И. Общий курс астрономии. - М.: УРСС,2001.-544с.

  2. Бакулин П. И., Кононович Э. В., Мороз В. И. Курс общей астрономии.- М.: Наука,1974.-512 с.

  3. Дагаев М.М., Демин В.Г., Климишин И.А., Чаругин В.А. Астрономия. (уч. пос.)- М.: Просвещение, 1983.

  4. Әбишев Х. Аспан сыры. – Алматы, 2009


Дәріс № 2. Сфералық астрономияның негіздері
Дәрістің мазмуны

  1. Жұлдыз топтары, географиялық координаталары

  2. Аспан сферасы, аспан координаталарының горизонтал және экваториал жуйелері

  3. Эклиптика, эклиптикалық координаталар жүйесі

  4. Сфералық үшбұрыш

Бұлтсыз түнде көзбен аспанда жұлдыздар, Ай, планеталар, кометалар және т.б. көрінеді, барлығы жұық шамамен 6 мынға жақын. Жұлдыздардың аспандағы өзара орналасуы өте ақырын өзгереді.

Аспан бойынша жердегі орның анықтау үшін адамдар жарық жұлдыздырды топтарға біріктірген. Оларға аңдардың аттарын (Үлкен Аю, Арыстан, Дракон және т.б.) берген, грек мифологиясының, аттары (Кассиопея, Андромеда, Персей және т.б.) берген және топтың пішініне ұқсас фигураларымен (Солтүстік Корона, Үшбұрыш, Тараза және т.б.) атаған. Қазақтар Үлкен Аюды, мысалы, Жеті қарақшы деп атаған.

XVII ғасырдан бастап әрбір жұлдыз тобындағы жеке жұлдыздарды грек алфавиттің әріптерімен белгілей бастаған. Онымен бірге, жарық жұлдыздарға (130 жұық) меншікті ат берген (Сириус, Вега, Капелла және т.б.).

Қазіргі заманға дейін астрономиялық бақылаулардың көбісі Жерде өткізіледі және бақылаушының оның бетіндегі орнына тәуелді болады. Бақылаушының Жер бетіндегі орның анықтайтын координаталар жүйесін географиялық координаталар деп атайды.

Жер айналатын елестетін өсі Жер массасының ортасының өтеді және айналу өсі деп аталады

Айналу өсі Жер бетімен екі нүктеде қиылысады: солтүстік географиялық полюсте және оңтүстік полюсте . Жазықтығы Жер массасының ортасынан өтетін және айналу өске перпендикуляр болатын Жер бетінде үлкен шенберді жер экваторы деп атайды

Жазықтықтары жер экваторының жазықтығына параллель болатын кішкентай шенберлерді географиялық параллельдер деп атайды

Жердің географиялық полюстерден және жер бетіндегі 0 нүктеден өтетін үлкен жартылай шенберді 0 нүктенің географиялық меридианы деп атайды. Англиядағы Гринвич обсерваториясынан өтетін географиялық меридианды бастапқы немесе нульдік меридиан деп атайды. Нульдік меридиан және одан 180° алшақтаған меридиан Жер бетін екі жартылай шарға бөледі: шығыс және батыс.

Жердің берілген нүктедегі ауырлық күш бағытымен бағыттас түзу сызықты вертикаль немесе тік сызық деп атайды.

Жер бетіндегі 0 нүктенің орны екі географиялық координаталарымен анықталады: φ географиялық ендікпен және λ географиялық ұзақтылықпен.

0 нүктенің φ географиялық ендігі деп Жер экваторының жазықтығы мен 0 нүктеден өтетін тік сызықтық арасындағы бұрышты айтады. Егер географиялық ендік Жер экватордан жағына өлшенсе, яғни 0°- тең +90° дейін, оны солтүстік еңдік деп атайды. Егер φ оңтүстік полюс жағына өлшенсе, яғни 0°- тең –90° дейін, оны оңтүстік ендік деп атайды.

0 нүктенің λ географиялық ұзақталығы деп бастапқы меридианның жазқтығы мен 0 нүктеден өтетін меридианның жазықтығы арасындағы бұрышты айтады. Ол 0°- тең 360° -дейін болады.

Аспан денелердің бақыланатын орындары мен қозғалыстарың зерттегенде бақылау кезде олардың орындарын кейбір дәлдікпен анықтау керек. Мұнда оларға дейін қашықтықты білүдің қажеттілігі жоқ, себебі барлық денелер радиусы кезкелген кейбір сфераның ішкі бетінде орналасқан сияқты болып көрінеді. Сондықтан аспан денелердің көрінетін орындарын бағыттармен ғана аңықтауға болады, ал олардың өзара орналасуын – осы бағыттар арасындағы бұрыштарымен.

Уақыттың кейбір кезінде қеңістіктің анықталған нүктесінен көрінетін аспан денелердің орындары көрсетілген ортасы сол нүктеде болатын радиусы кезкелген елестететін ссфераны аспан сферасы деп атайды.

Аспан сферасы аспан денелердің бақыланатын орындары мен қөзғалыстарын зерттеуге арналған. Аспан сферасының 0 ортасынан өтетін және бақылау орындағы тік сызықпен бағыты беттесетін түзуді тік немесе вертикал сызық деп атайды.

Тік сызық аспан сферасының бетімен екі нүктеде қиылысады: бақылаушының үстінде Z зенитте және астында надирде.

Жазықтығы тік сызыққа перпендикуляр болатын аспан сферасының үлкен шенберін математикалық немесе шын горизонты атайды. Математикалық горизонт аспан сферасының бетін екіге бөледі: төбесі Z зениттегі бақылаушы көретін және көрінбейтін, төбесі надирдегі.

Зениттең М аспан денеден және надирден өтетін аспан сферасының үлкен жартылай шенбер аспан дененің биіктік шенбері деп аталады.

Аспан сферасының айналуы қасында өтетін диаметр дуние өсі деп аталады. Дүние өсі аспан сферасының бетімен екі нүктеде қиылысады: дүниенің солтүстік полюсінде және дүниенің оңтүстік полюсінде. Жазықтығы дүние өсіне перпендикуляр болатын аспан сферасының үлкен шенбері аспан экваторы деп аталады.

Жазықтығы аспан экваторының жазықтығына параллель болатын аспан сферасының кішкентай шенбері (вМв) М дененің аспан немесе тәулік параллелі деп аталады.

Дүние полюстері мен М денеден өтетін аспан сферасының үлкен жартылай шенбері сағат шенбері немесе склонение шенбері деп аталады.

Аспан экваторы математикалық горизонтпен екі нүктеде қиылысады: шығыс нүктесінде және батыс нүктесінде. Жазықтығы тік сызықпен дүние өсі бойынша өтетін аспан сферасының үлкен шенбері аспан меридианы деп аталады.

Аспан меридианы математикалық горизонтпен екі нүктеде қиылысады: солтүстік нүктесінде және оңтүстік нүктесінде.

Аспан меридианы аспан экваторымен де екі нүктеде қиылысады: экватордың жоғарғы нүктесінде және экватордың төменгі нүктесінде.

Астрономияның әртүрлі есептерін шешу үшін аспан координаталарының әртүрлі жүйелерін қолданады.

Горизонтал жүйеде негізгі жазықтық ретінде математикалық горизонт жазығы алынады , ал санау зениттен немесе математикалық горизонттың бір нүктесінен болады.

Бір координатасы ретінде зениттік қашықтық Z немесе горизонт үстіндегі дененің биіктігі h алынады. М аспан дененің h биіктігі деп математикалық горизонттан аспан денегі дейінгі биіктік шенбердің доғасы алынады. Ал Z зениттік қашықтығы деп зениттен денеге дейінгі биіктік шенбердің ZM доғасы аталады:



Координатолардың бірінші экваториал жүйесінде негізгі жазықтық ретінде аспан экватордың жазықтығы алынады, а санақ басы ретінде – аспан экватордың нүктелері.

Бір координатасы – аспан дененің склонениясы M дененің склонениясы деп сағат шенбердің аспан экватордан денеғе дейінгі доғасы айтылады. Склонение аспан дененің сағат шенбердегі орның анықтайды, ал сағат шенбердің аспан сферасындағы орның басқа координата – сағат бұрышы t анықтайды. М аспан дененің сағат бұрышы t деп аспан экваторының Q жоғарғы нүктесінен денеден өтетін сағат шенберге дейін Qm доғасын айтады.

Координаталардың екінші координаталар жүйесінде бірінші координатасы ретінде алынады, ал екінші координатасы ретінде тұра шығу алынады. Тұра шығу дегеніміз – бұл көктем тепе-теңдік нүктесінен аспан денеден өтетін сағат шенберге дейінгі аспан экваторының доғасы.

3 және 4 сұрақтар ОБСӨЖ-ге бөлінген

Игеру деңгейін бақылау сұрақтары:



  1. Түнгі аспанда бізге көрінетін негізгі жұлдыз топтарын атаныз

  2. Географиялық координаталарға не жатады?

  3. Аспан сферасына анықтама беріндер

  4. Аспан сферасының негізгі элементтерін атап шығындар

  5. Горизонтал аспан координаталар жүйесі

  6. Экваториал аспан координаталар жүйесі

Қолданылатын әдебиет:

  1. Кононович Э.В., Мороз В.И. Общий курс астрономии. - М.: УРСС,2001.-544с.

  2. Бакулин П. И., Кононович Э. В., Мороз В. И. Курс общей астрономии.- М.: Наука,1974.-512 с.

  3. Дагаев М.М., Демин В.Г., Климишин И.А., Чаругин В.А. Астрономия. (уч. пос.)- М.: Просвещение, 1983.

  4. Жаров В.Е. Сферическая астрономия. - М.: Наука.2002.-256с.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет