Кіріспе
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі: Қазақстан Республикасы егемендігін алуына байланысты еліміздің әлеуметтік өмірінің барлық саласы түгелімен өзгеріп, саяси, экономикалық және әлеуметтік жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылып жатыр. Ол қазіргі қоғамдық және саяси құрылыстың мән – мағынасын терең түсініп - білуге, адамдардың өмірінде атқаратын орнын, атқаратын рөлін айқындауға, оларға сан түрлі құқықтары мен бостандықтарын дұрыс пайдалануға, өз таңдаған мамандықтарына ие болуға мүмкіндік береді.
Егеменді Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық жетістіктері, халықаралық қарым-қатынасының кеңеюі экономиканың қай саласында болсын жұмыс пен қызметті ұйымдастыруды әлемдік талаптармен үйлестіруді қажет етеді. Елімізде кәсіби оқу мамандарының кәсіби дайындығын зерттеу мәселесі жағынан бірқатар тәжірибелер жиналған. Қазіргі кезде кәсіби білім саяси-қоғамдық және психологиялық-педагогикалық білім саласында кеңінен өріс алады. Әсіресе, болашақ мамандарды ғылыми теория және іс-тәжірибе бағытында дайындауға зерттеулер педагогика ғылымдары жүйесінің әр саласында жүргізіліп келеді. Бұл кең етек алып келе жатқан еңбек нарығындағы құбылыстың бір көрінісі. Бұл үздіксіз процесс, оны тоқтату мүмкін емес. Сондықтан білім саласын қоғамның осы ерекшеліктеріне қарай бейімдеу қажет.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында Қазақстандағы білім бері жүйесінің алдында тұрған негізгі мәселелерге тоқталып өтті. Жолдаудың біздің алдымызға қойып отырған басты міндеті – еліміздегі білім берудің ұлттық үлгісін әлемдік стандарттарға сәйкестіндіре отырып, білім сапасын арттыру. Көп жылдар бойы білімді кәсіптік білімнің негізгі көрсеткіші деп бағалау теория мен тәжірибе жұмысы дайындығы табиғи байланысқа мән берілмеуіне, мамандарды кісіпке дайындауда білім қорының жеткілікті болмауына әкеліп, кейбір студенттердің оқуға, одан кейін болашақ кәсібіне деген біліктілігінің төмендеуіне әсерін тигізді. Кәсіптік лицейдің білім беру барысындағы осы мәселені шешу жолының бірі – студенттердің кәсіби біліктілігін қалыптастыруды қайта бағдарлау арқылы оларды таңдаған кәсібі саласында өз білімдерін, іс-тәжірибелерін, мақсаттарын толықтай жүзеге асыруға тұлғалық құлшыныстарын ынталандыру. Кәсіби біліктілік – ол маманның таңдаған кәсібі алдындағы талаптарды, міндеттерді және оған сәйкес
көзқарастарды, пікірлерді, нұсқауларды барынша қабылдау деген сөз. Әсіресе, студенттердің болашақ кәсібіне байланысты мәселелерді шешу барысындағы олардың шығармашылық ой қабілеттерінің маңызы ерекше. Бастапқы кезеңде бірқатар студенттер өз мамандықтары бойынша жұмыс істеуді жоспарламайды, сондықтан олардың оқуға жағымды көзқарасын тудыру арқылы болашақ кәсібіне қызығушылығын қалыптастыру қажет.
Кәсіптік-техникалық мектептерде, лицейлерде оқытудың мынадай формалары қолданылады:
Теориялық оқыту: түрлі типтегі сабақтар, дәрістер, зертханалық-сарамандық жұмыстар, теориялық және практикалық семинарлар, саяхаттар, оқу конференциялары, үй тапсырмалары.
Өндірістік оқыту: оқу шеберханаларындағы сабақ, кәсіпорынның
өндірістік цехында оқыту, қызметкөрсетудегі еңбек, өндірістік практика, жұмыс орны және т.б.
Сыныптан тыс жұмыстар мен қосымша сабақтар: факультативті сабақтар, консультациялар, үлгермеушілермен қосымша сабақтар, үйірме жұмыстары және т.б.
Оқу процесі əрқилы ұйымдастырылуы мүмкін. Оның ұйымдастырылу формалары да сан түрлі: сабақ (дəстүрлі түсінімде), дəрісбаян, семинар, конференция, зертхана-практикалық дəріс, практикум, факультатив, оқу саяхаты, курстық жоба, дипломдық жоба жəне т.б. Осы аталған оқытуды ұйымдастыру формаларының ішінде факультативтерге тоқталайық. Оқушылардың шығармашылығын, ізденімпаздығын қалыптастыруда сыныптан тыс , жеке, ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда факультативтік сабақтардың маңызы зор.
Зерттеу нысаны: факультативті курстардың ұйымдастыру әдістемесі
Зерттеу пәні: «Мәліметтер базасы жүйесі» пәні бойынша факультативті курстарды ұйымдастыру
Зерттеу мақсаты: факультативті курстарды ұйымдастыру әдістемесін теориялық тұрғыдан негіздеу
Зерттеу міндеттері:
1) Факультативтік курстарды ұйымдастырудың теориялық негіздерін айқындау;
2) Факультативтік курстардың мәні мен мазмұнын ашу;
3) Факультативті курстардың тиімділігін анықтау;
3) Факультативтік курстарды ұйымдастыру мен өткізудің негізгі формалары мен әдістерін негіздеу;
4) «Мәліметтер базасы жүйесі» пәні бойынша факультативті курстарды ұйымдастыру әдістемесімен танысу.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |