1 Факультативтік курстарды ұйымдастырудың теориялық негіздері
1.1 Факультативтік курстардың мәні мен мазмұны
Жалпы және кәсіптік білім беру мектептерінің негізгі міндетінің бірі – оқушының қабілеті мен бейімділігіне қарай, білім беру мекемесінің дәстүрі мен мүмкіндіктеріне, педагогикалық ұжымның біліктілік деңгейіне сәйкес экономиканың қандай да бір саласына белсенді еңбек етуге даярлау.
Аталған міндеттерді дұрыс шешуде кәсіптік оқыту педагогының даярлығы үлкен рөл атқарады. Сондықтан ол политехникалық ой-өрісі кең, кәсіптік мобилді және кәсіпкерлік іс-әрекеттің негізін игерген, оны ұйымдастыра білетін, үнемі білімін, біліктілігін, кәсіптік бейімділігін арттыруға бағытталған шығармашылықпен әрекет ететін маман болуы тиіс.
Оқу үрдісінің жалпы заңдылықтары:
1. Мақсат қою қоғамның қажеттілігі мен даму деңгейіне, білім үрдісіне қоятын талаптарына, тұлғаны тәрбиелеу мен оқытуға тікелей байланысты.
2. Мазмұнын айқындау оқытудың мақсаты мен міндеттеріне, оқушының жас ерекшелік және жеке дара қабілеттеріне, оқытудың теориялық және практикалық даму деңгейіне байланысты.
3. Әдістерді таңдау оқытудың міндеттері мен мазмұнына, оқушылардың нақты оқу мүмкіндіктері мен оларды қолдануына байланысты.
4. Оқу үрдісін ұйымдастыру формасы оқытудың мақсаты, мазмұны мен әдістеріне байланысты.
5. Оқушылардың оқу іс-әрекетіндегі белсенділігі оқушылардың бойында ішкі танымдылық түрткілердің және сыртқы ынталардың (қоғамдық, экономикалық, педагогикалық) қамтылуымен тығыз байланысты.
6. Оқу үрдісінің тиімділігі барлық заңдылықтардың өзара байланысы мен ұйымдастырылу жағдайына тәуелді.
Оқу-тәрбие мақсатында сабақтарды жоспарлау және қол жеткізу.
Сабақтың дидактикалық құрылымы мына элементтерді камтиды:
- тірек білімдері мен қимыл тәсілдерінің көкейкестілігі;
- жаңа ұғымдар мен әрекет тәсілдерін қалыптастыру;
- білімді өмірге қолдана білу, білік пен дағды икеміне ие болу;
- білімді бағалау, білік пен дағдыны қалыптастыру.
Сабақта оқушылар оқу үдерісінің барлық аспектілеріне белсенді қатысу керек, нәтижесінде олар өздерінің болжамдары мен сұрақтарын құрастырады, бір-біріне кеңес береді, өз алдына мақсат қояды, алынған нәтижелерді қадағалайды, идеялармен эксперимент жасайды және қателер оқудың ажырамас бөлігі екенін түсініп, тәуекелге барады. Оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда ғана материалды терең меңгеруге қол жеткізеді. Егер оқу үдерісі оқушы мен оқу материалын қосатын «көпірді салуға» негізделсе, онда осы үдерісті үйлестіретін мұғалімдер көпірдің екі жағын да қадағалай білуі тиіс. Мұғалімдер оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын, сондай-ақ олардың қызығушылықтарын, әр оқушының нені жақсы көретінін және не істегісі келетінін түсінуге тырысады. Өз тәжірибемнен мысал келтірсем. Қазақ тілі сабақтарында «Визуалды айғақтар» әдісімен мұғалім мен оқушы арасындағы «көпір салуға» негізделген топтық жұмыс жүргізіледі. Барлық топқа бірдей тапсырмалар беріледі. Суреттерді қарай отырып зат есім болатын тірек сөздер шығарып, оған мәтін құрап, тақырып қою керек. Топтар тірек сөздерді дұрыс тауып, мәтінді ауызша құрады. Суреттерді орналастыруда реттілік кездесті. Алған тақырыптары да сурет мазмұнына сәйкес келеді. Сонымен қатар мәтін құрауда әрбір суретті бір-бірімен байланыстырып айта білді.Бұл әдісті жүргізу нәтижесінде оқу пирамидасындағы оқушының алған ақпаратты сақтауының орташа пайызы 20-30% құрайды. Әдістің тиімділігі – нашар оқитын, сөйлемейтін оқушыны сөйлетуге, сындарлы ойлауға жетелейді. Мұғалім оқушылардың зер салып тыңдауын сақтап қалу мақсатында жұмыс үдерісі барынша күрделі және әртүрлі болуын қадағалайды, бұл ретте оларға қойылған міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар мен білімді береді. Чиксентмихаий айтқандай әр балаға өз деңгейіне қарай тапсырма беру керек. Нәтижесінде, оқушылар өзін-өзі ынталандыра алады және осыған орай, ұмтылыс пен қызығушылық пайда болады.
Сабақ талдау түрлері мен типтері
Сабақты талдау мен өзіндік бағалаудың өзі мұғалімнің шығармашылығының элементі. Өзіндік талдаусыз мүмкін емес :
- оқытудың толық жүйесін құру;
- шеберлікті арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту;
- озат педагогикалық іс – тәжірибені жинақтау;
- техникалық жұмысқа уақытты жұмсауды қысқарту;
- мұғалімнің өзіндік қорғау мен психологиялық ахуалды қамтамасыз етуі.
Сабақ талдау типтері:
1 Толық - мұғалім іс-әрекетінің стилін анықтау мен іс - тәжірибесін, оқу - тәрбие үрдісін сапалы ұйымдастыруды бақылау мақсатында жүзеге асырылады.
2 Қысқа - жалпы сапасын бағалау мақсатында және негізгі дидактикалық категорияларды айқындайды;
3 Кешенді – сабақты ұйымдастыру формасы, әдісі, мазмұны, мақсаты арасындағы байланыс пен бірлігін жан – жақты қарастыруды болжайды. Көп жағдайда бір тақырыпқа байланысты бірнеше сабақтарды талдауда және жас мамандарды оқытуда қолданылады.
4 Аспектілі – сабақты бір түрін терең қарастыру қажеттілігі туындаған кезде мұғалімнің іс - әрекетіндегі жекеленген амалдарың тиімділігі мен кемшіліктерін айқындау мақсатында қолданылады. Талдаудың әрқайсының бірнеше түрлері бар: дидактикалық, психологиялық, тәрбиелік, методологиялық, ұйымдастырушылық.
Педагогикалық талдаудың мақсаттары әр түрлі болуы мүмкін, осыған сүйене отырып сабақтың бір аспектісіне (жалпы педагогикалық, психологиялық т.б.) сәйкес келетін жекеленген талдау жүзеге асырылады.
Сабақты талдаудың жалпы критерийлері. Нәтижелік, сабақтың нәтижелігі сабақты өткізу технологиясына тәуелді деп саналады, оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі ережелері орындауға негізделген және неғұрлым технология сапалы, соғұрлым сабақты нәтижесі жоғары. Сондықтан мұғалімнің және оқушының барлық іс-әрекеті қазіргі заманғы психолого – педагогикалық жетістіктерді ескеру негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
Сабақтың тиімділігін арттырудың негізгі жолдары:
- танымдылық, тәрбиелік және дамытушылық мақсатты қою мен шешу;
- оқу үрдісінің қолайлығы (оқушының жеке дара мүмкіндіктері мен қабілетін ескере отырып оқытудың барлық кезеңдерінде ең қолайлы нұсқасын таңдау);
- оқушылардың танымдылық қызығушылықтарын қалыптастыру мен ынталандыру;
- оқытудың ынталандыру әдістері мен тәсілдерін қолдану;
- оқушылардың өзіндік іс - әрекетін ұйымдастыру;
- жалпы және арнаулы білім, білік, дағды тұтастығын қалыптастыру;
- қарама – қарсы байланыстың шапшаңдығын ұйымдастыру;
- оқушы мен мұғалімнің қарым – қатынасының ынтымақтастығын қалыптастыру.
Сабақ құрылымы. Қазіргі таңда ғылыми ақпарат ағымы өте үлкен, оқыту уақыты шектеулі. Ең маңызды талаптардың бірі оқытудың әдістері мен тиімді мазмұнын табу болып саналады. Сабақтың құрылымы дидактикалық мақсат негізінде құрылады, оқу материалының мазмұны, оқу іс-әрекетінің барысында жүзеге асырылатын ақыл-ойлық және практикалық операция құрамына, психологиялық заңдылықтары мен жағдайына (класс құрамына, дайындық деңгейіне, кесел келтіретін және күшті оқушылардың әсері т.б.) сәйкес құрылады.
Сабақтың ұтымды құрылымын қамтамасыз ететін келесілер:
- оқытудың, тәрбие мен дамудың мақсатын кешенді жоспарлау;
- сабақ мазмұнының ішіндегі негізгісін және тақырыптың маңыздысын, нақтылығын бөлу;
- материалдың мөлшерлігі және қайталау уақыты, жаңа материалды оқу, үй тапсырмасын бекітудің мақсатқа лайықты реттілігін анықтау;
- оқытудың ұтымды әдіс – тәсілдері, амалдарын таңдау;
- оқушыларға жеке дара және дифференциалды көзқарас;
- оқытудың қажетті оқу – материалдық жағдайын қамтамасыз ету.
Оқушылардың танымдылық іс-әрекетін, белсенділігін арттыру:
- оқушының оқу – танымдылық міндеттерді қабылдауы мен түсінуі;
- шешу жолдарының жоспарын құру;
- міндеттің іс-жүзінде шешуі;
- міндетті шешу үрдісін бақылау;
- үлгіге сәйкес нәтижесін бағалау;
- жинаған білімін одан әрі жетілдірудің міндеттерін айқындау.
Сабақты өзіндік талдау деңгейі:
1 Эмоционалдық - ырықсыз деңгей, мұғалімнің өзінің педагогикалық іс - әрекетіне толық қанағаттануы немесе қанағаттанбау деңгейі.
2 Бағалау – сабақтың нәтижесінің қойылған мақсат пен жоспарға сәйкестігін бағалау.
3 Әдістемелік – сабаққа қабылданған талаптар негізінде сабаққа талдау жасау.
4 Рефлексивті – себептері және одан шығатын нәтижені айқындау. Бұл талдаудың жоғары түрі, оны іске асыру үшін психолого – педагогикалық теорияны да қатыстыру қажет.
Біз жалпы сабақтың оқу процесінде алатын орнына, мәні мен мазмұнына, оған қойылатын талаптарға, критерийлерге және т.б. қысқаша тоқталып өттік, енді факультативтік сабақтар жөнінде тоқталып өтсек.
Факультативті курс немесе факультативті сабақ (фр. facultatif — лат. facultas — «мүмкіндік») - оқушы немесе студенттің таңдауымен мектепте немесе жоғарғы оқу орнында өткізілетін міндетті емес оқу курсы.
Достарыңызбен бөлісу: |