- Студенттердің алған теориялық білімін практикалық физикалық және техникалық есептерді шығаруда қолдана білуге үйрету, студенттерге ядролық физиканың негізгі заңдары мен принциптерін және олардың математикалық өрнегін беру;
- Студентті негізгі ядролық физика құбылыстарымен, оларды бақылау және зерттеу әдістерімен, эксперимент нәтижелерін өңдеуді, компьютерді қолдану әдістерімен таныстыру;
- Студентке ядролық физиканың дамуы мен оның философиялық және әдіснамалық проблемалары жайлы ұғым беру.
Оқытылатын пәннің оқыту нәтижелері
Пәнді оқыған соң студент
Білу керек: - Негізгі физикалық құбылыстар, олардың ерекшеліктері, бақылау және тәжірибе түріндегі зерттеудің тәсілдері;
- Атомның және элементар бөлшектердің қасиеттерін анықтаудың басты тәсілдері, негізгі заңдар мен олардың математикалық өрнектері;
- Маңызды субатомдық құбылыстардың ғылыми-техникалық қолданылуы.
Істей алулары керек: - Бөлімнің негізгі міндеттерін физикалық шамалардың ретін бағалай білу;
- атом ядролары мен элементар бөлшектердің қасиеттері мен ядролық сәулелердің затпен әсерлесуі, кванттық ұғымдар мен релятивистік түсініктер бойынша сапалы түрде қолдану.
Тәжірибелік дағдылану керек: Қарапайым теориялық есептеулер;
Типтік есептерді шығару;
Тәжірибелік жұмыстар мен алынған нәтижелерді талдау.