– Сабақты жақсы оқу керек
3- тапсырма.
Жағдаяттарды шешу.
Бірінші топтың тапсырмасы:
Ұланға әке-шешесі жұмысқа кетерде: – Балам, біз жұмыстан келгенше сабағынды оқып
болған соң, үйдің айналасын жинастыр, үйге су алып кел деп тапсырды. Ұлан сабағын оқып болған соң, үйге оның достары
Айдын мен Дидар келіп Ұланды футбол ойнауға шақырды. Ұлан әке-шешесінің тапсырмасын орындарын немесе
достарының көңілінен шығу керек екенін білмей дал болды.
Сұрақ:
Сендер Ұланның орнында болсаңдар не істер едіңдер?
Екінші топтың тапсырмасы:
Жаңыл өзінің інісі Ернармен үйдің ауласында ойнап жүрді. Екеуінің тұсынан көрші үйдегі
Гүлнардың анасы дүкеннен келе жатыр еді. Ернар: Гүлнар бізбен ойнасын шақырып жіберші деді. Жаңыл інісінің сөзіне
ұялып қалып, Ернарға әлденені түсіндіре бастады.
Сұрақ:
Жаңыл інісіне не деп айтты деп ойлайсындар? Ернардың орнында болсаңдар не істер едіңдер?
Достарыңызбен бөлісу: