Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org



Pdf көрінісі
бет270/361
Дата15.11.2022
өлшемі8,73 Mb.
#158392
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   361
Байланысты:
12-d0bad0b8d182d0b0d0bf

Билингвальдық құрауыш:
Қызметтің кезеңдері: Тәрбиеші әрекеті. Балалардың,ата-аналардың әрекеті.
Мотивациялық түрткі болатын- Шаттық шеңбері.
- Балалар бәріміз ортаға шығып, шаттық шеңберін құрайық. Бәріміз бір – біріміздің қолымыздан ұстап алақан жылуларын 
сезінейік. Қандай тамаша?!
Шаттық шеңбері:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Ата - ананы құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Қайырлы күн, менің сүйікті балаларым! Бүгін біз үшін өте ерекше, әрі әсерліоқу іс-әрекеті.. Бүгін бізге қонаққа ата-
аналарымыз келіп отыр.
- Балалар мына суретке назар салыңыздаршы! Мына суреттерді бір сөзбен айтқанда қалай деп атай аласыңдар: ( отбасының 
суреті)
- Қанеки балалар біз саусақ жаттығуларын жасап көрейікші!( балалар саусақтарын бүгіп отырып орындайды)
Бас бармағым – әкем, балаң үйрек апам,
Ортан терек – ағам, шылдыр шүмек мен.
Титтей бөбек сен
Бір үйде нешеуміз?
Бір үйде бесеуміз.
- Балалар санамақ кімдер туралы айтылған? Кім айтады?
(Отбасындағы адамдар туралы)
-Ендеше ортаға балаларымыздың ата-аналарын шақырамыз.
-Қымбатты ата- аналар,балалар, сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Алдымен өзіміз,отбасымыз туралы әңгімелеп, 
танысайық.
І.
Танысу. Амандасу
Өтілу барысы: Ата – аналарға, балаларға ақ парақ пен қарандаштар беріледі.
Тапсырма:
Параққа үйдің суретін өз қиялдарыңыз бойынша салыңыздар. Салған үйіңіздің терезелері болуы шарт. Үйді 
салып болсақ , енді сол терезелерге өз отбасыларыңыздың мүшелерін орналастырыңыз. ( Өз отбасыларын таныстырады)
-Балалар, кім бізге өзінің отбасы туралы айтқысы келеді?
1 - бала. Біз отбасымызды «Шалқан» ертегісінің кейіпкерлеріндей бейнеледік.Менің отбасымда 6 адам бар бұл әжем, атам, 
шешем, әкем. Менің атам,әжем – зейнеткер. Шешем - әкем жұмыс істейді. Анам - мектепте мұғалім. Әкем – жүргізуші. 
Менің ағам оқушы. Ал мен балабақшаға барамын.Біз ертегідегі кейіпкерлердей бірлікте, тату-тәтті тұрамыз.
2 - бала. Ал, біз өз отбасымызды «Үйшік» ертегісіндегі үйшікке бейнеледік.Менің отбасымда әжем, әкем, шешем бар. Мен 
әкемнің анамның жалғыз қызымын. Кішкентай інім немесе сіңлім болса ғой деп ойлаймын. Мынау менің мейірімді әжем. 
Ал мынау тәтем, ол ауылда тұрады.
3 - бала. Біз өз отбасымызды гүл дестесіне теңедік.Мынау менің отбасым. Әкем, анам және мен. Менің екі әжем бар: (екі 
әжесінің атын айтады), олар мені жақсы көреді. Мынау екі атам. Олар мені еркелетеді. Бұл ағам ол Атырауда тұрады. Бұл 
әпкем, ол менімен ойнайды. Біз тату тұрамыз.т.с.с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет