Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org



Pdf көрінісі
бет355/361
Дата15.11.2022
өлшемі8,73 Mb.
#158392
1   ...   351   352   353   354   355   356   357   358   ...   361
Байланысты:
12-d0bad0b8d182d0b0d0bf

Қорытынды
Құрт – адам денсаулығына қажетті құндылық екеніне көз жеткіздім. Бұл тағамның емдік, тұрмыстық пайдасы бар.
Қазіргі заманда жастардың көбі осы тағамды, оның денсаулыққа пайдалы екенін білмейді. Өз сыныптастарымнан құрт 
туралы не білетіндерін сұрастырғанда, біреуі де білмей шықты. Қазақ тілі сабағында сыныптастарымды жобаммен 
таныстырдым. Оларға құрттың өте маңызды тағам екенін түсіндіре алдым деп ойлаймын. Өз отбасым да, құрбыларым да 
осыған көз жеткізді.
Айдар Шалбарбаев құрттың ұлттық бренд бола алатыны туралы ойларын айтты. Мен осы зерттеушінің сөздеріне 
қосыламын. Менің ойымша, құрт Отанымыздың ұлттық бренді мәртебесіне лайық. Құртымыз әлем нарығына шығып қана, 
өз еліміздің балалары осы тағамның пайдасын көре алады деп ойлаймын. Себебі, қазір құртты тек қазақ халқы біледі, ал 
егер осы тағам ұлттық бренд болса, оны тек шетелдер ғана емес, өз еліміздің барлық тұрғыны дәмін татып, бағалайды.
Қорыта айтқанда, қазақтың ұлттық тағамы – құрт адам денсаулығына қажетті тағам. Біз, Қазақстанның жастары осы құнды 
тағамның жойылуына жол бермеуіміз керек.
* * * * * * * * 
КОМПЮТЕРДІҢ ЗИЯНЫ МЕН ПАЙДАСЫ
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Тұрар ауылы
«Ә.Байсалбаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» КММ
8 «Ә» сынып оқушысы Шолпанкулова Мадина Сагинбаевна.
Информатика пән мұғалімі Ргебекова Кымбат Аманбековна
Қазір адамдар қызмет орнында да, үйде де компьютермен жұмыс істей береді. Оның өмірімізге, кеңінен енгені
соншалықты, бала біткен ойыншықпен емес, компьютермен ойнап, өзінің өміртанымын ғаламтордағы желі ішінде
қалыптастырады. Қазіргі күнкөріс қамы мен заман ағымының күрделілігі, көптеген ата-аналар тәулік бойы балаларының
тыныс-тіршілігіне бақылау жасай алмай, олар шектен тыс бейне монитордың алдында отырғандықтан денсаулығына зор
зиянды әсер алады.
Компьютер біздің өміріміздің бір бөлшегі болып еніп отырғаны соншалықты, біз тіпті оны пайдалану кезінде ол
қандайқауіп қатер әкелетінін ұмытып кеттік. Бірақ та, компьютермен жұмыс істеу барысында оқушылар техника қауіпсіздік
ережелерін сақтаса,ол біздің ақылды, сүйкімді,қайырымды досымыз бола алады.
Компьютер- бұл бірнеше түрліденсаулыққа қауіпті сәулелерді таратады. Көптегенэлектромагниттік сәулелерді
зерттеулер нәтижелерінде ғалымдар денсаулыққа зияны көп екеніндәлелдеді.
Сонымен қатар компьютер электромагниттік кеңістік тудырады.Ол монитор экранынан зарядталғанағымдағы сәулелер
бөлшектерін тарату кезінде пайда болады.Электромагниттік аумақ әсеріненшаң және аэрозолдық бөлшектері бетке,
мойынға, қолға қонуын туғызады, сондықтанбұнын әсерінен сезімталадамдарда аллергия ,терінің құрғаушылығы пайда
болады. Электромагниттік аумақ ауаның ион қабатына әсер етеді. Монитордыңкинескоп бетінде жағымды заряд пайда
болып, ион қабатындағы жағымсыз пайдалы зарядтарды жою әсерінен компьютерлер тұрған бөлменің ауасын нашарлатады.
Мен оқушыларға мынандай сұрақ қойдым: оқушылардың қаншасының үйінде компьютермен жабдықталған? Мен
өзімнің шағын зерттеуімді жүргіздім, мұнда біздің мектептің 3-11 сынып аралығындағы оқушылардан (42 оқушы), сонымен
қатар мұғалімдер мен басқа мамандық өкілдері (8 адам) сұралды.
Осы диаграммадан сұрағандардың жартысынан көбінің үйінде компьютерлер бар екендігі көрінеді.
Осы сұрақтан кейін, мен біздің мектеп медбикесіне келесі сұрақты қойдым: оқушылардың қаншасының көру
қабілеттілігі нашарлады? (1 кестені қара) Компьютерлендірудің бірінші жылынан бастап ақ компьютер дисплейімен жұмыс
істеген пайдаланушыда спецификалық көз талу пайда болды, басқалай оны «Көздің компьютерлік синдромы» деп
атайды.Оның пайда болуының себебі бірнеше және эволюцияның милиондаған жыл бұрын адамның көру жұйесі
қалыптасқан, яғни жарық әсерінен (табиғат, сурет, баспа мәтіндері және т.б) объектілерді қабылдау үшін бейімделген.
Дисплейдегі көздің үйреншікті бақылау объектісінен арнайы жекеленген нүктелердің пикселінен тұрады, (нүктелер белгілі
бір тазалықпен жанып өшеді) бұлдырайды, табиғи түстерге сәйкес келмейді.
256




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   351   352   353   354   355   356   357   358   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет