Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.
2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.
2: Рефлексия.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі
сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?
Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласы Әл-Фараби атындағы №14 мектеп-гимназиясы бастауыш сынып мұғалімі Әбзейтова Элмира Сұлтанқұлқызы Әдебиеттік оқу 3- сынып мерзімі: 16.11.2016 жыл Сабақтың тақырыбы: Алпамыс батыр мен Байшұбар ат Сабақтың мақсаты: Білімдік: Ауыз әдебиетінін бір түрі батырлар жырымен таныстыру.
Қазақ батырларының шайқастағы ер жүректіліктерін елестете отырып, кейіпкер әрекетін талдауға мүмкіндік беру.
Дамытушылық: ой-өрісінің, тілінің, мәнерлеп, түсініп оқу қабілеттерінің дамуына ықпал ету.
Тәрбиелік: Өз Отанына деген мақтаныш сезімдерін тәрбиелеу арқылы болашақ Отан қорғаушы екенін сезіндіру.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, әңгімелеу,пікір алмасу статегиясы,ойын әдісін қолдана отырып сөз тіркесін
құрау.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. -амандасу -оқушыларды түгендеу сабаққа дайындықтарын тексеру
Психологиялық дайындық: II.Үй тапсырмасын тексеру. -үйге берілген өлеңді жатқа айтқызу.
-қосымша сұрақтар арқылы толықтыру.
-Өлеңнің авторы кім?
-Бұл қала қай елде орналасқан?
III.Жаңа сабақты түсіндіру. 1)Ауыз әдебиеті дегеніміз не?
2)Ауыз әдебиеті шығармаларының қандай түрлерін білесіңдер?
41
3)Бүгінгі сабақта тағы ауыз әдебиетінің түрімен танысатындығын айтып өту және таныстыру.