Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org


Ақтөбе қаласы Сазды орта мектебінің



Pdf көрінісі
бет144/361
Дата15.11.2022
өлшемі8,73 Mb.
#158392
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   361
Байланысты:
12-d0bad0b8d182d0b0d0bf

Ақтөбе қаласы Сазды орта мектебінің
бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімі
Утегенова Жадыра Маратбаевна
Сабақтың тақырыбы:
Графикалық натюрморт 
Сабақтың мақсаты: 
а) білімділігі:
Графика және оның түрлері жайлы терең мағлұмат беру. Графикалық натюрморттың композициясын 
құрастыру.Сурет салудың заңдылықтарын үйрету. 
б) дамытушылығы:
Оқушыларға натюрморттың заңын меңгерту, ойлау, есте сақтау қабілетін және шеберліктерін 
дамыту;
в) тәрбиелігі:
Көзбен елестетуге, ұқыптылыққа , әсемдікке тәрбиелеу. 
Сабақтың типі: 
Жаңа материалды меңгерту.
Сабақтың түрі:
Тізбектелген сабақ
Сабақтың әдісі:
Репродуктивті әдіс, түсіндіру,әңгімелесу, затқа қарап сурет салу
Қажетті технологиялар:
Компьютер, интербелсенді тақта.
Сабақтың көрнекілігі:
Суретшілердің шығармалары, презентация, графикалық материалдар.
Пәнаралық байланыс:
Қазақ әдебиеті, тарих
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
Сабаққа жалпы дайындықтарын тексеру, оқушы назарын сабаққа аудару, сыныпта жоқ оқушыны белгілеу. 
II.Өткен материалды қайталау:
Әңгімелесу: (әңгімелесу арқылы бүгінгі тақырыпты ашу )
-
Оқушылар қандай бейнелеу өнерінің түрлерін білесіңдер? 
-
Кескіндеме,графика,мүсін,қолөнер,сәулет өнері.
-
Жарайды,енді бейнелеу өнерінің жанрларын атайық.
-
Пейзаж,портрет,натюрморт.
-
Мына суреттерде қандай жанрлар бейнеленген?
-
1-суретте портрет жанры. 2-суретте пейзаж.3-суретте натюрморт.
(Оқушылар жанр түрлерін ажыратады)
−Натютморт дегенді қалай түсінеміз? (мұғалім натюрморт туралы сұрайды)
−Натюрморт дегеніміз – өлі табиғатты,қозғалмайтын денелерді бейнелетін бейнелеу өнерінің жанры.
-Өте дұрыс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет