Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org



Pdf көрінісі
бет163/361
Дата15.11.2022
өлшемі8,73 Mb.
#158392
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   361
Байланысты:
12-d0bad0b8d182d0b0d0bf

Қосу кестесін зертте.
Қосу кестесінің қандай бағандардан 
тұратынын сұрау. Шығармашылық тапсырма орындату:
№1мысал.Барлығының жауабы 9 болатын мысалдарды тап; Олар 
мыналар: 8 + 1; 7 + 2; 6 + 3; 5 + 4; 4 + 5; 3 + 6; 2 + 7; 1 + 8.
Ойлан.
Тапсырманы барлық оқушылармен бірге орындаңыз.
Қандай сандардың қосындысының нәтижесі 10 болатынын кестені
зерттей отырып іздеу.
Жауабы: 9 түрлі жағдай:
9 + 1; 8 + 2; 7 + 3; 6 + 4; 5 + 5; 6 + 4; 7 + 3; 
2 + 8; 1 + 9.
Шығарып көр.
Оқушылармен жұптық жұмыс ұйымдастыру. 
Қосу кестесін қолданып, мысалдарды орындау. Оқушыларды бір-
біріне көмектесе алатындай етіп бөлемін. Мысалдардың жауабын 
параққа жазып, тексеру кезінде бір-біріне көрсету.Тапсырмада 
қосудың ауыстырымдылық қасиетіне байланысты мысалдар барын
айту. Жауабы:
мысалдың бірінші қатары: 9, 8, 8, 7; 
мысалдың екінші қатары: 5, 9, 10.
Орындап көр.
Жұмысты топпен орындату. Оқушыларға қосу 
компоненттерін атауды және мысалдарды қосу кестесінің 
көмегімен шешуді ұсыну,талдау жасату. Қосу кестесінде 0 саны 
мен қосудың жағдайлары берілмеген. 0 санының ерекшелігіне 
байла нысты қосу кестесінде бұл сан үшін жеке бағанның 
болуының қажеті жоқ. 0 санымен қосу амалын орындау 
ерекшелігін байқап және есте сақтауы керек: 0 санын кез келген 
санмен қосқанда сол санның өзі шығады.
Жауабы:
7 + 0 = 7; 5 + 0 = 5; 3 + 0 = 3;
2 + 0 = 2; 6 + 0 = 6; 4 + 0 = 4.
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру
Қосымша тапсырмалар
Сабақ барысында оқушылардың өз сөздерінде 
математикалық терминдерді дұрыс айтып және орынды 
қолдануына қолдау көрсетіп отыру. Топпен немесе 
жұппен талқылау кезінде оқушы-лардың коммуникативті
дағдысы дамиды (бірін-бірі тыңдай білуі, өз көзқарасын 
дәлелдеп айта білуі, сұрақтарға негіздеп жауап беруі).
Жауаптары бірдей болатын мысалдарды сызықпен қос. Оқушылар
мысалдарды қосу кестесінің көмегімен шешеді және жауаптары 
бірдей мысалдарды сызықтармен қосады.
Жауабы:
4+ 5 = 9; 3+ 6 = 9; 6+ 2 = 8;
4+ 4 = 8;
8+ 2= 10;7+ 3= 10; 3+ 4= 7;
2+ 5= 7;
4+ 1= 5; 3+ 2= 5; 3+ 3= 6.
4+ 2= 6.
Қосу кестесінің көмегімен жауаптарды тап.
Mысалдарды мұқият қарап шығып, қосу кестесінің көмегімен 
тапсырмаға сәйкес келетін нұсқаларды табу керек. Сосын олар 
бірінші қосылғышты көк, ал екіншісін қызыл қарындашпен 
қоршау керек.
а) 2 + 8; 7 + 3; ә) 8 + 1, 4 + 5, 7 + 2; б) 2 + 1; 
в) 8 + 2, 1 + 9.
Бағалау 
Оқушылар сабақтың соңында:
қосу кестесін құрастыруды;
бір және екі таңбалы сандарды қосу үшін кестені пайдалануды меңгереді.
Оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін білу үшін сұрақтар қою:
— қосу кестесі не үшін қажет?
— қосу кестесінде неше баған бар?
— кестедегі ең кіші сан шығу үшін қандай бір таңбалы сандарды қосу керек?
— кестедегі ең үлкен сан шығу үшін қандай бір таңбалы сандарды қосу керек?
Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалау жұмысын 
өткіземін.Содан соң сабақты бағалау мақсатында «бармақпен бағалау» жұмысын өткізу.
Рефлексия
Бағдаршам әдісі, түрлі-түсті геометриялық фигуралар арқылы сабаққа жақсы қатысқан 
оқушыларды мадақтау
125




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет