Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org



Pdf көрінісі
бет98/361
Дата15.11.2022
өлшемі8,73 Mb.
#158392
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   361
Байланысты:
12-d0bad0b8d182d0b0d0bf

Жүргізуші, кіріспе сөз:
Құрметті ұстаздар, студенттер бүгінгі «Тұғыры биік-Тәуелсіздік» атты тарихи сағатымызға қош 
келдіңіздер! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне биыл 25- жыл толғалы жатыр. Еліміздің егемендік алуы, 
мемлекеттің тәуелсіздігі халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған 
күні, 1991 жылдың 16 желтоқсанда жер жаһанға жария етілді. Бүгінде Қазақстан мемлекеті дүние жүзінің көптеген 
елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды. Жалпы атамекеніміздің жер көлемі 2717 мың 
шаршы шақырымды құрайды. Осынау кең-байтақ қасиетті топырақта өніп-өсіп өркен жайған халқымыздың бүгінгі таңдағы 
саны 17 миллионнан асып отыр.
16 желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні. Бұл күн қазақ халқы үшін теңдесі жоқ қасиетті де қастерлі 
мереке, қазақ елінің шежіресінде алтын әріппен жазылған күн. Міне, бүгінде азат Қазақстанның ең қастерлі құндылығы-
тұғырлы тәуелсіздігімізге 16- желтоқсанда, тура 25-жыл толғалы отыр, 25-жылда жеткен жетістіктеріміз ұшан теңіз. Бүгінгі 
Қазақстанымыз-қашанда мақтанышымыз. Өзіміз ғана емес, елімізде тұратын 130-ұлт өкілдері де республикамызды айрықша
мақтан етеді, Ұлан-байтақ жеріміз- ұлттар достығының ынтымақ пен бірліктің бесігі, бақытты ордасы. Біз өзіміздің 
әнұранымызбен, Туымызбен, Елтаңбамызбен, теңгемізбен мақтана аламыз. Тәуелсіздіктің 25- жылдығына арналған іс-
шаралар елімізде, колледжімізде жалғасын тауып жатыр. Осы айтулы мерекеге қарсы құттықтау сөз кезегін директордың 
тәрбие ісінің орынбасары Балгереева Анаргүл Маратқызына беремін.
Жүргізуші:
Тәуелсіздік-асқақ рух пен асқақ үн,
Тәуелсіздік –баға жетпес асқағың.
Толса –дағы 25 жасқа азат күн,
Ызғарлы күн әлі есімде қазақтың.
Ата-бабам арманеткенежелден.
Жүріпөткенқилы-қилыкезеңмен,
Қазақстантәуелсіз ел атанды,
Бірденоңайкелмегенінбілем мен-дей келе өздеріңізге Тәуелсіздікке қалай жеткеніміз туралы видеоролик ұсынғым келіп тұр.
(видеоролик көрсетіледі).
Жүргізуші: 2016 жыл – барлық қазақстандықтар үшін елеулі жыл. Еліміз тәуелсіздігінің 25 жылдығына қадам басты. 
Тәуелсіздік жылдары ішінде көптеген табыстарға қол жеткіздік. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлтты 
Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының 
нәтижесі.
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бес институционалдық реформанының 100 нақты 
қадамның орындалуы, Мәңгілік Ел жалпы ұлттық патриоттық идеясының жүзеге асырылуы - отыз ұлттың бірі болуға, 
қазақстандық арманымызға қол жеткізуге нақты әрі сенімді қадамдар жасайтын кезеңге жеткізеді.
Біздің қасиетті де қастерлі Мәңгілік еліміздің жолында, қазақстандықтарды алда әлі де көптеген жаңа табыстар мен 
жетістіктер күтуде. Студенттерге сөз кезегін бергім келіп тұр:
Хасан Гүлжауһар мен Сағидолла Зарина ақындардың тәуелсіздікке арнаған өлеңдерін оқиды.
1.Сағидолла Зарина: Қалқаман Сариннің «Тәуелсіздік» өлеңін оқиды.
Тәуелсіздік
Еркіндігім.
Қасиеттім.
Қастерлім.
Өзің барда өзегімдежоқшермұң!
Кеше сеніңкелбетіңдіарманғып,
Боданынабұғауландықбасқаелдің.
Бабалардыңбасынтігіпбәйгеге,
Аналардыңжанарынажасбердің!
Уа, Еркіндік,
қошкелдің!
Өзегімдіөрткеорағанқоғамда,
Өзүйімеөзімөгейболам ба?!
Алшаңбасыпжүреалмасаалтыалаш
Азаттығым! Қадірің де жоқонда!
...Сағанжетуқиынболсақаншалық,
Сақтаптұруқиынырақодан да!
Алла бергеназаттықтыңәрсәті-
Аманат қой
Маған, 
Саған
Оған да!
Саясатқасермейалмайсемсерді,
Езгікүнгетеріқылдымеңсемді!
Желтоқсандажалынатыпжастығым,
Құрсауболғантемірқоғамтеңселді!
Естедаңқықыршындардыңқалдыма,
Сексеналтыерлігімбе-ей, еңсоңғы!?
Уа, еркіндік,
Құныңнеменөлшеңді!?
Уа, еркіндік!
Құныңнеменөлшенді?!
Сенікөксеп
Боздақтарымөлсеөлді!
Сенсіңменіңеңғажайыпөлеңім,
Еңшуақты,
Еңшырайлы,
Еңшерлі!
Әртаңыңдысүйіншілептұрайын-
Құдайбергенғұмырымдаөлшеулі!
2. Хасан Гүлжауһар: Әлия Дәулетбаеваның «Тәуелсіздік, тәтті үмітім едің сен...» өлеңін оқиды.
79


Тәуелсіздік, тәтті үмітім едің сен...
Бостандығым! Тосқан күнім азалдан,
Жиырма жыл – аспан кірсіз, ажарлы ән.
Сен келгенде серпілгенмін қайғыдан,
Сен келгенде сары мұңнан тазарғам. 
Ессіздерде есем кетті қаншама,
Кездерде өтті шындық іздеп шаршаған.
Тәуелсіздік тәтті үмітім едің ғой,
Талай таңдар таңдайымда тамсаған. 
Беу, Азаттық! Болсаң бізге баянды,
Аранына кетпей тұрып аярдың.
Боданболыпкөзілгенмінкеше мен,
Бүгінтаңдабостанболыпояндым. 
Базарындамұң мен шаттықбіржүрген,
Дүрмеккүнніңалдамшысынкімбілген?..
Желтоқсандамұзшайнағанкөкемнен,
Тамғанқанғаөсіпшыққангүлмін мен.
Жебесімінкөбебұзартүркінің,
Егесімінкүллітүркіжұртының.
Назарынатүспесе де дұшпанның,
Жанарыматұнғаншықтыіркідім. 
Буырқанса, күндітұтып, айжапқан,
Намысыныңнайзағайынойнатқан.
Ұлыкөштіңүзілмегенарқауы,
ҚарғабойлыҚазтуғаннан – Қайратқа.
Дастаным бар балбалтасқақашаған,
Аспаным бар алабұлттанбосаған. 
АсылынаиеболғанАлаштың,
Айналайынменің алтын босағам.
Жүргізуші: Өздеріңіз көріп отырғандай Тәуелсіздік бізге оңай келмеді, ол жолда талай жастар көз жұмды. Ендігі кезекті 
студенттерге берсем, Тәуелсіздік туралы өз ойларыңызды ортаға салсаңыздар.
1-студент: Тәуелсіздік жолы оңай жол емес. Бұл жолда сан мың адамның арманы мен тағдыры тәлкекке түсті.1986 жылдың 
желтоқсанында ұлт намысын қорғап алаңға жалын жүрек жастар шықты. Сол жастардың арасында Қайрат Рысқұлбеков, 
Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова болды. Осы жастарды нашақор, маскүнем, ұлтшыл деп айып 
тағып соттады. Кейіннен Қазақстан Республикасы Президентінің 1991жылғы 12 желтоқсанындағы «Қазақстандағы 1986 
жылғы желтоқсанның 17-18 індегі оқиғаларға қатысқандығы үшін жауаптылыққа тартылған азаматтарды ақтау туралы» 
жарлығына байланысты Қылмыстық Кодестің 65-ші бабымен Қ Рысқұлбеков ақталды деп танылды. Президенттің 
жарлығымен 1996 жылы 9 желтоқсанда Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық Қаһарманы» атағы беріліп, айрықша 
ерекшелік белгісі «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Әділдік әрқашанда жеңбек. 1992 жылдың 21 ақпан күні Република 
Жоғарғы Сотының Пленумы болып, алты алаштың ардақ тұтқан жас азаматтары Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сәбира 
Мұхамеджанова тәрізді батырларымыздың бар екендігі дәледеніп, оларда ақталды деп танылды. Осы Жарлықты «Қазақ 
әдебиеті», «Парасат» журналы арқылы барша қазақстандықтар оқып теледидардан естіді. Дүниені дүр сілкіндірген 1986 
жылғы желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де, елімізге нұр септі. Яғни мәңгілік егемендік алып келді.
2-студент: Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев батылдық пен тапқырлық танытып, елімізді 
ауыртпалықтан алып шығатын жолды дәл көрсете білді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002-2003 жылдан бастап Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы еліміздің 
болашағы жайында нақты да сенімді жоспарларын жасап, қалай еңбек етіп, табыстарға қалай қол жеткізу керектігін жыл 
сайын көрсетіп отырды. Жолдауларда елімізді толғандыратын мәселердің барлығы қамтылатын.
Шындығы керек осы жыл сайынғы Жолдаулар халықтың келер күнге деген сенімін арттырып, жүректеріне жігер отын 
құйды. Тәуелсіз Қазақстанның әр жеткен жетістігі Президент еңбегімен тікелей байланысты. Енді,міне «ЕХРО-2017» 
халықаралық көрмесін өткізетін мемлекет ретінде таңдалды. Осы халықаралық ұйымға мүше 161 мемлекеттің 103-і 
Астананың кандидатурасын қолдап дауыс берді. Мұның өзі тікелей Елбасы еңбегінің арқасы екендігіне ешкімнің күмәні 
жоқ. ЕХРО көрмелерінде әлемнің барлық мемлекеті өздерінің ең үздік технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін 
көрсетеді.Мен де осы елде дүниеге келгенімді мақтан тұтамын.
Жүргізуші: Қазіргі заман-білім мен ғылым заманы. Ақыл мен сананың, білім мен біліктің бәсекеге түсер ғасыры. Біз осы 
заман түлектеріміз. Ертеңін ойлайтын, болашаққа үмітпен қарайтын ел болғандықтан Елбасымыз шәкірт біліміне ерекше 
көңіл бөліп отыр. Ертеңгі күннің бүгіннен де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек 
білімге ғана тән. Еліміздің келешегі біздер болғандықтан алдымызда үлкен жауапкершілік тұр. Ұлтымыздың тарихын оқып, 
салт-дәстүрін, мәдениетін үйрену-міндетіміз. Біз еліміздің экономикасын, мәдениетін, білімін көтеретін азаматпыз. Жаңа 
дәуір көшін жалғастыруға, халқымның әл-ауқатын арттыруға, еліміздің көркейіп нығаюына үлес қосуды басты борышымыз 
деп санауымыз керек. Осы еліміз бен жеріміздің тыныштықта, бейбітшілікте өмір сүруі де біздің қолымызда. Тәуелсіздік 
таңы тілімізді, ділімізді, дінімізді жаңғыртты. Қасиетті Ата заңымыз қабылданды., егемендігіміздің айғағы аспан түстес азат
байрағымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз дүниеге келді. Тәуелсіздіктің 25 жылдық шежіресіне назар аударайық (слайд 
көрсетіледі).
Жүргізуші: Бүгінгі таңда біздің елімізді дүние жүзі танып, жеткен жетістігіне таң қалуда. Тәуелсіздіктің арайлы таңымен 
оянған, біз- бақытты ұрпақпыз.
Аянбай білім алып, еліміздің қарыштап дамуына үлес қосу – біз секілді әр адамның отан алдындағы міндеті деп білемін. 
80


Қазақ елінің көк байрағы желбіреткен аға-апаларымыздың ерліктері, кейінгі ұрпаққа үлгі болмақ. Егемен елдің ұрпағы 
қашанда өз елін, тілі мен тарихын қастерлеуге міндетті. Бұл – біздің отан алдыңдағы борышымыз. Тәуелсіздіктің 25 
жылдық құрметіне арналған студенттеріміздің жыр -шумақтарына кезек берейік: (студенттер өлеңдер оқиды).
Қорытынды сөз. Бүгінгі кешімізді мына бір ұлағатты сөзбен аяқтағым келеді: «Ел мен үшін не істей алады» емес, «мен ел 
үшін не істей аламын?» деген қанатты сөз қазақстандық әрбір азаматтың жүргегінде ұялап, әрқашанда көкірегінде жүрсе, 
қандай жақсы болар еді.Тәуелсіз Қазақастан елінің абыройын асырып, мерейін үстем етер әлемді таңқалдырар, жақсы 
жаңалық ашар білімді жастар керектігін Президент Н.Ә. Назарбаев күн тәртібінен түсірмей, айтудан жалыққан емес.Осыны 
түсіне біліп,Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңімізге жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап 
беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді естен шығармайық.
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды, тіліміздің мерейі үстем болсын!
Атыңнан айналайын Егеменді ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерекең құтты болсын, Тәуелсіздік,
Ғасырдың тойы болшы келе берер деп тарихи сағатымызды аяқтаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет