-Балалар,бүгінгі оқу іс-әрекетіне ұнады ма?
-Біздің тобымызға кім келеді?
Балаларды мадақтап,жұлдызшалар таратып беру.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:
заттарды санмен сәйкестендіруді,геометриялық пішіндердің атауын,ойын шартын сақтай біледі.Қойылған
сұрақтарға дұрыс жауап бере біледі.
Қандай түсініктерді игереді:
пішіндерді ажыратып ақпараттарды құрылымдау жолдарын,жұмыс жасау дағдыларын
меңгереді.Тапсырманы кезеңімен орындау жолдарына үйренеді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:
ойлау қабілетін пайдалана отырып,тапсырмаларды орындап, үлестірмелі
материалмен жұмыс жасай алады,беске дейін санайды.
*****
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Нұрсай ауылы
«Жігер» бөбекжай-балабақшасының
тәрбиешісі Аспет Газизова Кумаровна
«Ертегілер еліндегі қызықты математика»
Білім саласы:
Таным
Ұйымдастырылған оқу қызметі:
Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру
Мақсаты:
Баланың қарапайым математикалық түсініктерден алған білімін тиянақтау, геометриялық пішіндерді танып,
ажырата білуін жетілдіру, қарапайым сан мен санау түсініктерін қалыптастыру, апта күндерін ажырата білуге үйрету.
Ойынның шартын сақтап ойнауға, ұйымшыл, көпшіл, шыдамды, сабырлы, шапшаң болуға тәрбиелеу.
Сандарды тура, кері санауға үйрету, логикалық ойын арқылы баланың қиялын, ой - өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: