Жемісті мол теретін,
Күз дос екен біздермен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген.
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді –деп, балалар біздің ең жақсы көретін жемістерімізбен көкөністеріміз де дәл осы күз мезгілінде
тамылжып піседі.Адамдар
еккен картоп, пияз, сәбіз секілді көкөністерді жерден қазып жинауда. Аналарымыз банкілерге
қияр, қызанақтарды жинауда, алма ағаштарынан алмалар да саудырап жерге түсуде.
Гүл жайнаған даланың,
Жапырағы солыпты.
Таңырқадым, қарадым,
Танымастай болыпты.
Ойын:
«Жапырақ жинау»
Шарты: Жерде жатқан жапырақтарды музыка әуенімен себетке салу.
Дәнді-дақылдар соның ішінде астықтың қалай пайда болатыны туралы сурет арқылы түсінік беру.
Астықтан жасалатын өнім
бауырсақ туралы айтып , «Бауырсақ»
ертегісін тамашалау
Жүргізуші:
Көп күтіп сарғайып кеттім бе?
Сағынып бізге әрең жеттін бе?
Сарғайып әкеттің алқапты
Аспаннан алтын нұр төктің де?- дей отырып, әңгіме сағатымызды аяқтаймыз.
*****
«А.Хұсайынов атындағы орта жалпы білім беретін мектебі» КММ
«Балдырған» шағын орталығының тәрбиешісі
Жетпіс Сән Нұрланқызы
Достарыңызбен бөлісу: