Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org



Pdf көрінісі
бет201/361
Дата15.11.2022
өлшемі8,73 Mb.
#158392
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   361
Байланысты:
12-d0bad0b8d182d0b0d0bf

Жүргізуші: 
Десекте уақытпенен жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Балғындар шын жүректен тебіреніп,
Аналарға билерін бағыштайды -дей келе, «Гүлдер» тобы өз аналарына « Ана жүрегі» биін сыйға тартады. Қабыл 
алыңыздар.
Жүргізуші:
Арнамыздың Ақ тілектер айдарының көрініс бөліміне де келіп жеттік. Олай болса «Ана» көрінісін 
тамашалайық.
Ортада орындықта ана тоқыма тоқып отырады. Даладан баласы жүгіріп үйге келеді. Анасының бетінен сүйіп, анасы 
баласын аймалайды. 
Баласы: Мама басыңызда үш ақ шаш бар екен? ( анасы жымияды да қояды)
Анасы: Тамағыңды іше ғой құлыным.
Жүргізуші: Бірнеше күн өтеді. Баласы ойыннан үйіне оралады.
Анасы: Айналайын ойыннан оралдың ба?
Баласы: Мама шашыңдағы ақ шаш төртеу болып кетіпті. Үшеу еді ғой тағы біреуі неге ағарып кеткен?
Ана: Ананың жүрегі ауырса, шашы ағарып кетеді.
Баласы: Жүрегің неден ауырады?
Анасы: Есіңде ме? Сен биік ағаштың басына өрмелеп шықтың ғой. Мен терезеден көріп тұрғанмын. Сенің жіп-жіңішке 
бұтақтың үстінде тербеліп тұрғаныңды көріп, жүрегім ауырып кетті. Содан шашым ағарды. 
Баласы: Мен жуан бұтаққа отырсам шашыңыз ағармас па еді? ( Анасы баласын құшақтайды)
(Бүлдіршіндер аналарына сыйлықтарын табыс етеді).
Жүргізуші: 
Балалар тек тәтті қылықтарыңмен аналарымызды қуанышқа кенелтіп жүре берейік.
Құтты болсын осы шаттық күніңіз,
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз.
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз, - деп бүгінгі тікелей эфир арқылы беріліп отырған « Аяулы анашым» атты ертеңгілігіміз өз 
мәресіне де жетті.Аналар әрқашанда құшақтарыңыз гүлге, жүректеріңіз нұрға толсын. Келесі кездескенше сау саламатта 
болыңыз. Сіздермен бірге болған Ақ тілектер арнасының жүргізушісі Құндыз Ибатқызы. 
*****
149


Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Нұрсай ауылы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет