Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы БҚО әкімдігі білім басқармасы Казталов ауданының «Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті»



Дата24.05.2017
өлшемі93,17 Kb.
#16867
Батыс Қазақстан облысы
Казталов ауданы
БҚО әкімдігі білім басқармасы Казталов ауданының  
«Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Педагог-психолог: Нурпейсова Гульзада Алижановна

Баяндама

«Психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық үрдістерін сенсорлы бөлмеде жүргізілетін ойындар арқылы дамыту»

Қазіргі уақытта даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыстануға арналған жаңа инновациялық технологиялар шығарылып жатыр. Соның бірі сенсорлы бөлмеге тоқталып өтер болсам. Бастапқы кезден бастап, «Снузелен» немесе «сенсорлы бөлме» Голландияда ақыл–ойы кем балаларды күнделікті өмірге бейімдеу мақсатында құрылды. «Снузелен» сөзі голланд тілінен аударғанда «сезу», «түйсіну» деген мағынаны береді.

Сенсорлы бөлме бұл – дамуында түрлі ауытқушылықтары бар балалар мен ересек адамдарға алдын–алу және емдеу сеанстарын жүргізуге арналып жабдықталған бөлме. Сондай–ақ, сау балалардың өмірге деген көзқарастарын жақсартуға әсер етеді. Сенсорлы бөлме адамның қоршаған ортаны қабылдауына қажет 3 басты каналына әсер етеді. Олар кинестетикалық, аудиалды және визуалды (тактильді түйсіну, дауыс және түстер арқылы әсер ету). Сенсорлы бөлмеде сабақ 3 бағытта жүзеге асырылады:

-  Босаңсу жаттығулары арқылы даму мүмкіндігі шектеулі балалар мен ересек адамдардың агрессиясы мен қобалжу деңгейлерін төмендетіп, өз–өзін қалыпты ұстауға үйрету;

-  Мектеп жасына дейінгі даму мүмкіндігі шектеулі балалардың сенсорлы қызметтерін, яғни көру және есту қабылдауын, түйсіну және қоршаған ортаны қабылдауын дамытуға арналған жаттығулар арқылы дамыту;

-  Баланың тұлға ретінде қалыптасуына, өзін–өзі қалыпты бағалау үшін аса маңызды қарым–қатынасқа түсу дағдыларын қалыптастыру.

Сенсорлы бөлменің жабдықтарын 3 бөлімге бөлуге болады:

Босаңсу бөлімі. Бұл бөлімге пуфик –кресло, құрғақ бассейн, құрғақ душ, жарықшамдар жатады.

Белсенді ету бөлімі.

Бұл бөлімге сенсорлы жол, проектор, түрлі паннолар жатады.



Жалпы түзету бөлімі, бұл бөлімге жұмсақ модульдер, гимнастикалық, массажды шарлар, табиғаттың дауыстары жазылған үнтаспалар жатады. Сенсорлы бөлменің жабдықтары даму мүмкіндігі шектеулі баланың тынығуына арналған, яғни «дәстүрден тыс қоршаған орта» оқушының соматикалық және психикалық жағдайын,  сенсорлы қабылдауының дамуына әсер етеді.

Сенсорлы бөлме төмендегідей мақсат –міндеттерді шешуге әсер етеді:

-  Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың эмоционалды көңіл –күйлерін қалыпқа келтіру;

-  Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың агрессивті мінез–құлықтарын түзеу;

-  Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың бойында кездесетін әртүрлі невротикалық реакцияларын төмендету;

-  Психоневрологиялық аутқушылықтары бар балалардың танымдық үрдістерін дамыту;

-  Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды стресстік, депрессиялық жағдайдан шығуға әсер ету;

-  Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың психоэмоционалды қобалжу деңгейлерін жою және т.б.

Сенсорлық бөлменің басты беретіні –эмоцияны дамытады, зейінін тұрақтандырады, баланы ертегі әлеміндегі қиял-ғажайыптарға апару арқылы қиялын дамытады. Балаларға қуаныш эмоциясын қалыптастырады.

Сенсорлы бөлменің тағы бір жақсы қасиеті, ол балалардың демалып, болып жатқан құбылыстардан әсер алуы. Музыка арқылы көңіл-күйі жақсарып, сергектене түседі. Музыкамен көптеген шыңдарға жетіп, қиялдарға шомылып, жақсы бір әсер алуға болады. Ол музыкалардың стресстік күйді жоюға, табиғаттың шуы, яғни тоғайлардың әуендері, су толқынының дыбысы, сол сияқты тағы да басқа да түрлері өте көп.

Сенсорлы бөлмеде әр түрлі жастағы даму мүмкіндігі шектеулі балалардың эмоциясын дамытуға негізделген, сонымен қатар сезімталдық пен қабылдауды, балалардың зейінділігін дамытады. Мекемеге алғашқы келген балаларды әдемі, ашық түсті, түрлі-түсті көмекші құралдармен, ойыншықтармен қызықтырамыз. Балаларға түрлі-түсті полкаларда орналасқан ашық түсті, жұмсақ, сүйікті т.б. түрлі ойыншықтарды ұсынамыз. Сенсорлы  бөлмеге  кірген кезде балалар  сенсорлы-түрлі  түсті жолақтан өтіп, оны дене түйсігі арқылы сезінеді. Содан соң кірген ең бастысы балаларды қанатын қағып тұрған бақыт құсымен амандастыру керек. Әр топтың балаларында сенсорлы бөлмеге кірген кезінде бас кезінде қорқыныш болатын. Балаларды кірген кезде оларға түрі –түсті доптарды көрсетіп зейінін жағымды әсерлерге аударамыз. Қазіргі уақытта балалардың сенсорлы бөлмеге кірген кездегі эмоциясы тек қуаныш, бас кезінде оларды бір жаңалық сияқты таң қалатын сәттер болды. Осы бөлмеде балалар өздерін еркін ұстайды.

Сенсорлы бөлмелерінде сұрақ-жауап, байқау, бақылау, әңгіме әдістерін қолдануға болады. Бұл әдістерді сабақтарды ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі сипатта қолданыла беріледі. Мысалы, сенсорлы бөлмеде «Ғажайып әлем және Мен», «Жылы орта», «Ойнайық та, ойлайық», «Достығымыз жарасқан», «Психологиялық босаңсу сабақтары», «Ғажайып әлемге саяхат», «Ішкі жан дүниеміз» және т.б. тақырыптарда ашық сабақтар өткіздім. Соның біреуіне тоқталар болсам. Сенсорлы бөлмеде жүргізілетін ойындар арқылы балалардың қимыл–қозғалыстарын арттыру, жағымды психологиялық ахуал орнату, балалардың көңіл–күйлерін көтеру мақсатында «Ойнайық та, ойлайық» атты ашық сабақ өткіздім. Ашық сабақ 3-4 жас аралығындағы екі даму мүмкіндігі шектеулі балаға өткізілді. «Ойлан тап!» ойыны жүргілді, яғни балалар суреттер көрсетіледі, балалар сол суретте бейнеленген заттардың атауын айтып, сенсорлы жолдан өтеді. Жолдың соңына дейін өту керек. Балаларға алма, банан,  доп, және т.б суреттер көрсетіледі. Балалар кезекпен бәрі өтіп шығады. «Кемпірқосақпен ойын ойнаймыз» жаттығуы. Балалар кемпірқосаққа кірейік. Балаларға құрғақ душ көрсетіледі. «Балалар біздің кемпірқосағымызды қараңыздаршы, қандай әдемі, түрлі түсті және көнілді. Бір –бірлеп кіріп, қане түстерін атайық». Содан соң құрғақ бассейнде «Күн» және «Алтын балық» атты жаттығулары жүргізілді.

Даму мүмкіндігі шектеулі бала қоршаған әлемді сызықты, бір жақты қабылдауы мүмкін. Сондықтанда   сенсорлы  жүйе сандары қаншалықты көп, баланың тәрбие және оқыту үрдісіне араласса, оның дамуы жоғары және тиімді жүреді. Қазіргі өмірдің технологиясы балалардың  сенсорлы  тәжірибесінің дефицитін құрап, оны визуальді және виртуальды образдармен ауыстырған. Сенсорлы  бұрыш, тәрбиелеу-білім беру үрдісінде, қосымша білімнің тәрбиешілері және педагогтарының ұйымдастырушылық сабақтарында, өзіндік ойындарда, балалардың ізденіс-экспериментальды әрекеттерінде қолданылады. Сенсомоторлы бұрыш бұл –қымбат құралдарсыз жабдықталған сенсорикалық  бөлменің  бейімделген нұсқасы.

Сенсомоторлы бұрыш, негізі:

•        сенсорлы  функциялардың стимуляциясы үшін (көру, сезу, есту т.б.);

•        ұсақ моториканың дамуы, қозғалушы активтілік стимуляциясы;

•        бұлшық ет және психоэмоционалды ауыртпалықты кетіру үшін, балалардың жақсы сезінуі және релаксацияға жетуі үшін;

•        баланың еңбекқорлығын арттырып, жақсы эмоционалды жағдай қалыптастыру;

•        когнитивті үрдістердің белсенділігі (ойлау, көңіл бөлу, қабылдау, ес);

Сенсорлы  бұрышты ұйымдастыру барысында біріншіден топтық мекеме ішіндегі орналасу орнын анықтау керек. Ол балаларға ыңғайлы жерде орналасуы керек. Бұрышқа сенсомоторлы объектілерді таңдауда ерекше көңіл бөлінеді. Олар балалардың өміріне және денсаулығына қауіпсіз объектілер болуы тиіс. Бұрыш сабақ тақырыбына және қажеттіліктерге байланысты енгізілетін, негізгі және қосымша объектілерден тұрады.

Біздің топтағы сенсорикалық бұрыш келесідей жабдықталған: достық ағашы, үй, жануарлар, көбелектер, құстар, шөп, гүл. Табиғат мезгілдері құбылыстарымен таныса отырып, спектр түсін атауда, көңіл көтеріп, жаттығады.

Сенсорлы бөлмеде ақыл есі кемістігінің күрделі түрі диагнозы бойынша тіркелген балаларға, инфекциялық аурулары бар және жиі ұстамалары бар балаларға, сабақ жүргізуге тыйым салынады. Неврологиялық бұзылыстары бар балаларға сенсорлы бөлмеде сабақ беруде невропатологтың ұсыныстарын ескеру қажет. Жиі ұстамалары бар оқушыларға (эпилепсия) тек босаңсу бағытында сабақтар жүргізуге болады. Мысалы, даму мүмкіндігі шектеулі бала құрғақ бассейнде өзіне ыңғайлы деңгейге жатқызып, тыныс алу жаттығуларын жүргізу. Яғни мұндай оқушыларға жанып –сөнетін жарықшамдарды, ритмикалық музыкалырды сабақ барысында қолдануға болмайды.



Гиперактивті оқушыларға сабақ беру барысында сенсорлық қабілеттерін дамытуға арналған бағыттағы жаттығуларды төмендетіп, белсенді стимулдауға арналған тапсырмаларды азайту керек. Құрғақ бассейнде ойындарды көп жүргізбей гранулалар толтырылған трапецияларды қолдану керек.

Қарым –қатынасқа түсу дағдылары төмен оқушылармен жүргізілетін тәсілдер.  Қобалжу деңгейі жоғары оқушыларға бір стимулдан екінші стимулға тез ауысу жаттығуларын көп қолданбаған абзал.

Сенсорлы бөлмеге кірер алдында балаларға ғажайып бөлмені көретіндігі және бұл ғажайып жоғалып кетпес үшін тапсырмаларды орындаулары керек екендігі жөнінде туралы айтылады. Қараңғы сенсорлы бөлмеде төмендегідей талаптарды орындауы тиіс.

-         Әр баланың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін анықтау қажет; -

-         Баланың бұл бөлмеде болғысы келетін тілегін ескеру маңызды.  Егер де бала бөлмеге кірмей сырттан тек бақылап тұрған болса, баланы асықтыруға болмайды.

-         Сабақ барысында қараңғы сенсорлы бөлменің құралдарын  пайдалану 3 заттан аспау қажет. Сенсорлы бөлмедегі сабаққа қатысқаннан кейін бала демалуы керек.

Сенсорлы бөлмедегі сабақ жүргізу уақыты-30 (40-45) минут. Ашушаң немесе қозғыш балаларға сенсорлы бөлмедегі сабақ жүргізу уақыты азайтылады. Сабақтарды 2-4 баладан тұратын топқа немесе жеке балаға жүргізуге болады. Сабақ өткізу барысында сабақтың мақсатына, балалардың  жас ерекшеліктерін ескеру қажет. Егерде сабақ босаңсу мақсатында жүргізілетін болса, қараңғы сенсорлы бөлмеде сабақты балаларға жеке (индивидуально) өткізген дұрыс. Сенсорлы бөлмеде даму мүмкіндігі шектеулі балаларға сабақ ойын түрінде жүргізіледі.



Біз келесі дидактикалық ойындарды қолданамыз:

Қолдың ұсақ моторикасының дамуы үшін және заттардың әр-түрлі қасиеттерімен таныстыру үшін келесі дидактикалық ойындарды қолданамыз: «Моншақ жаса», «Қысқышты сыйла», «Жапырақтарды қой», «Сиқырлы таяқшалар», «Түймелі алаң», «Баулар», «Баланы ора» және т.б.

Құммен, сумен, қармен ойнау барысында балаларды осы материалдардың қасиеттерімен таныстырамыз (құм шашылады, сулы затты жабыстыруға болады, ыдыстағы суды шәшкелерге құямыз).

Әр-түрлі жазу құралдары арқылы түрлі-түсті және қасиеті әр-түрлі заттардың бетіне жазу, қамырдан әр-түрлі заттарды жасауды үйрету.

Балалардың қозғалу белсенділігін арттыру үшін топ ішінің әр бұрышында әр түрлі материалдан жасалған ойыншықтар орналасқан. Балалар жұмсақ сырғымадан сырғанауды, әр-түрлі көлемдегі доптармен ойнауды, баспалдақтарға мініп, одан түсуді, гимнастика жасауды, тастармен ойнағанды, суарғанды, арам шөп жұлғанды, ойыншықтарды сүйрегенді жақсы көреді. Балалар бір заттың үстіне отырып жүргенді, сырғанағанды, музыкамен билегенді, қол және аяқ координациясын сақтауды да жақсы көреді. Сонымен қатар әр-түрлі қимылдар жасайтын ойындарды ұнатады: «Допты қуып жет», «Өзен арқылы», «Ұшақтар», «Мені қуып жет», «Қақпаға», «Ақ қоян отыр», «Қайда дауыстайды», «Пойыз» және т.б. Есту қабілетін дамыту үшін әр-түрлі дауыс шығаратын ойыншықтар алу керек немесе мультфильмдерде айтылатын әндерді салу керек. Музыкалық қабілетін арттыру үшін, музыкалық аспаптарда ойнаймыз, музыкалы-дидактикалық ойындар ойнаймыз: «Үйде кім тұрады», «Динь-дон», «Қай аспапта ойнағанымды тап» және т.б. Әр-түрлі дауыстары бас касеталар мен дисктер қолданамыз: үй жануарларының және құстарының дауыстары, табиғаттың әр-түрлі дауыстары, судың дауысы, жаңбырдың даусы, жапрақтардың қозғалған даусы.  

Сөйлеу қабілеттерін дамыту үшін – қуыршақтарды, қолғап қуыршақтарды қолданып театр ұйымдастырады,  ертегілер ойналады. Бала ерекше қызығатын заттар туралы талдау жасау керек, сонымен қатар баланың, сөздерді дұрыс айтуын, сұрақтарға жауап беруін қадағалау, үйрету.



В.В. Воскобовичтің ойындары дамушы ортаға өте жақсы енеді. Оның ойындары көп функционалдылығымен және әдемі түрімен, ылғи балалардың ойынға деген құштарлығын оятып, көңілін аудартады.  Ойынның бірінші кезеңінде тек фигураларды құрастырсақ, кейін  үлкен сарайлар, ракеталар, космонавттар салып, толық оқиғаларды құрастыруға болады.  Ойын барысында психологиялық үрдістердің терең әрекеттесуінің (анализдаушы қабылдағышы, ес ойлау, сөйлеу), сонымен қатар тұлға қасиеттерінің (мақсаттылық, тұрақтылық, өзіндік т.б.) дамуы жүреді.

Қорытындылай келе, сенсорлық бөлмеде жүргізілген әрбір сабақтар мен ойын-жаттығуларға даму мүмкіндігі шектеулі балалар қызығушылықпен қатысып, түсті, форманы, өлшемдерді жақсы игере бастады. Балалар ойынға баулып, сабақ үрдісіне қатысып жатқандарын өздері байқамайды. Сондай-ақ, жүргізілген сабақтар бойынша аңғарғанымыз бала емін еркін өз ойларын жас ерекшеліктеріне байланысты жеткізеді. Ал ата-аналар баласының кәдімгі сабақтарсыз ойындар арқылы дамып жатқанын байқайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет