Ол кім? (Барлығы – әкем). Әкесінің суретін іледі.
3. Бала бала, бала деп,
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған.
Қолын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей.
Иісін жұпар аңқытқан.
Бұл кім? (Барлығы – ана). (анасының суретін іледі)
Жағдаят.
Ата- аналар жағдаятты слаид бойынша қарап, өз ойларын айтады.
І : Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?
ІІ : Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер. 4- 6 жастағы бала күніне көптеген сұрақ қоятын көрінеді. Сіздің балаңыз осындай
сауалдарды көп қойса, жауап беруге тырысасыз ба, жоқ әлде елеусіз қалдырасыз ба?
ІІІ : Кейбір ата- аналардың баласының әрбір істеген іс – әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың»,-
деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс- әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?
Дидактикалық ойын: «Неге теңеймін»:
Балаларға күннің, айдың, бұлттың, алманың, гүлдің суреттері таратылып беріледі.
Балаларға «анаңды кімге теңейсің» деп сұрағанда қолдарындағы суреттің біреуін көтереді. Сол сияқты атасын, әкесін,
ағасын т. б. айтылады.
Достарыңызбен бөлісу: