Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org



Pdf көрінісі
бет272/361
Дата15.11.2022
өлшемі8,73 Mb.
#158392
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   361
Байланысты:
12-d0bad0b8d182d0b0d0bf

Ойын. «Тілек ағашы»
(Балалар түрлі- түсті алмаларды таңдап аладыда тілектерін айтады,ал ата-аналар отбасына арналған 
тілектерін жазып , оқып тілек ағашына жапсырады.) 
- Менің отбасым ең тату отбасы. 
- Менің отбасым ең үлкен.
- Мен атам мен әжемді жақсы көремін.
- Менің анам ең ақылды адам.
- Менің отбасым аман болсын.
- Менің отбасымда қуаныш көп болсын.
- Менің отбасым қонақжай.
- Менің отбасым көңілді.
- Менің отбасым мейірімді.
- Менің отбасым ең бақытты.
- Мен өз отбасымды жақсы көремін. 
Қорытындылау:
«Мен өз отбасымды жақсы көремін» оқу іс-әрекеті туралы пікірлерін ортаға салу.
-Міне, қоштасатын да сәт жетті. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі 
жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» 
атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың 
түтіні түзу болсын! Ата-аналар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахметімізді айта отырып, 
отбасыларыңызға бақыт нұры шашыла берсін дегім келеді. Сау болыңыздар!
* * * * * * *
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА 
ИНТЕРАКТИВТІК СТРАТЕГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Берикбаев Мақсат Саламатович 
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қарағанды облысы, Бұқаржырау ауданы Сарытау жалпы орта мектебі
Қазіргі таңда жеткіншек ұрпақ – мектеп оқушыларына білім беруге ерекше көңіл бөлінгендігі белгілі. Ол бүгінгі өскелең
өмірдің талаптарына сай маңыздылығымен ерекшеленеді. «Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін, ең алдымен азаттық
пен білім керек» деп көрегендікпен Шоқан Уәлиханов айтқандай, халқымызды кемеліне келтіру үшін жастарымызды
білімді, мәдениетті, Отанын, тілін шексіз сүйетіндей етіп дайындауға - әрбір ұстаз міндетті.
Елбасы жүргізіп отырған парасатты саясаттың арқасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі де елімен бірге өзінің қайта өрлеуінің
әрбір күні ғасыр жүгін арқалаған ауыр болса да – абыройлы, күрделі кезеңін жүріп өтті. Ендігі мақсат тәуелсіз
Қазақстанның өсіп келе жатқан жас ұрпағын өз Отанының мемлекеттігінің кепілі – мемлекеттік тілді құрметтеуге баулу,
оны оқып үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру болмақ. Сонымен жаңа формация мұғалімі қабілетті, кәсіби білікті,
жаңа технологияны меңгерген, шығармашылықпен жұмыс жасайтын тұлға болуы тиіс.
Тіл үйрету жұмысы – күрделі процесс. Сондықтан оқыту барысында жүргізілетін жұмыстардың барлығы бір-біріне
байланысты, жеңілден ауырға қарай, сатылап жүргізілуі қажет. Оқушыларға біз тек тіл үйретіп қана қоймай, олардың сабақ
барысында қазақша ойлау дағдыларын қалыптастырып, өмірге өзіндік көзқарасын қалыптастырып ұғым-түсінігін
кеңейтеміз. Біз өз оқушыларымыздың қабілетін, қазақ тіліне деген көзқарасын білуіміз керек. 
Бүгінгі таңда орыс сыныптарында қазақ тілін оқытудың түрлі жолдары қарастырылып жүзеге асырылуда. Оқытудың жаңа
технологиялық үлгілері ұсынылуда. Өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету үшін сөз сөйлеуші интерактивті
стратегияларды қолданады. 
Интерактивті сөз – өзара әрекет ету бейімділігін білдіреді немесе әңгімелесу, әлдекіммен сұхбаттасу түрінде болады. Демек,
интерактивті оқыту – бұл, ең алдымен, сұхбаттасып оқыту, оның барысында мұғалім мен оқушының өзара әрекет етуі
жүзеге асырылады. Интерактивті әдістердің мәндік ерекшелігінің сипаттамасы – бұл субьектілердің өзара әрекеттестігінің
бір бағыттағы белсенділігінің жоғарылығы, қатысушылардың өзара әрекеттестігі, 
199


эмоционалдық, рухани бірігуі. Бұд әдістерді игеру және қолдану үшін оқытушыға топтық өзара әрекеттердің әр түрлі
әдістемелерін білу қажет.[1] 
“Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық” деген сөздерді ескере отырып, сабақтарымызда мүмкіншілігіне қарай
мультимедиялық проекторды пайдаланып отырсақ, сол мұғалімнің ұтары мол деп ойлаймын. Тек оларды тиімді, жүйелі
түрде қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін. 
Осы технологияны пайдаланудың тиімді тұстары:
-оқушының пәнге деген жеке қызығушылығын оятады;
-танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;
-оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;
-мұғалімнің уақытын үнемдейді;
-қосымша мәліметтер береді.[2]
Яғни, қазақ тілі сабақтарын интерактивті тақта қолдану арқылы өткізсек, әр сабағымыздың өзінде оқушыларды тілге деген
қызығушылығымызбен баурап алатынымыз сөзсіз. 
Ақпараттық технологияларды қолдануда, әдетте шынайы өмірлік жағдайлар келтіріліп, балалар салыстыруға, өз ойларын
сол тақырыпқа сай жеткізе білуге итермелеу керек. Демек, ақпаратты технологияны пайдалану оқу үрдісіне енгізу тіл
үйретуде тиімді. Тыңдап-түсіну, көріп-байқау оқытуда былайша орналасады: Тыңдау-сөйлеу-оқу-жазу-тілдесу. Оның ішінде
ауызша қабылдау (тыңдау мен сөйлеу) әрдайым ілгері шығып отырады.[3] 
Ақпараттық технология арқылы сабақтарды түрлендіріп, жаңаша ұйымдастыра алуға мүмкіндік туып отыр. Мысалы әр
сабақтың басында тұсау кесер өткіздік делік. Бұл міндетті түрде тақырыпқа байланысты бейнежазба көрсету арқылы
балалардың сабаққа деген белсенділігін арттырары сөзсіз. Интерактивті тақтаның көмегімен жүргізілетін сабақтарда оқушы
өзін белсенді және еркін ұстай алады. Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияны енгізу арқылы сабақтың белсенділігін
арттыруға, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға, сабақты шапшаң жүргізуге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет