Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік мекемесі, 080000, Тараз қаласы, Төли би көшесі 36, тел: 8-7262-45-28-74, электронды мекен-жайы



Дата26.06.2018
өлшемі25,26 Kb.
#44480
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік мекемесі, 080000, Тараз қаласы, Төли би көшесі 36, тел: 8-7262-45-28-74, электронды мекен-жайы: a.abdikerimova@kgd.gov.kz d.boshaeva@kgd.gov.kz бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:


  1. Жедел-іздесітру қызметі басқармасы заңсыз ұйымдарды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бөлімінің жетекші маман –офицері, С-GDО-6 санаты (1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Департаменттің жедел бөлімшелерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларына қатысу, материалдар бойынша жеке тапсырмаларды орындауДепартамент басшылығына белгіленген тәртіптегі жұмыстардың есебін дайындау, ұсыну және де өзінің қызметтік міндеттерін орындауға қатысты Департамент басшылығының басқа да тапсырмаларын орындау.

Білім деңгейі мен мамандығына қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білімі.

Денсаулық жағдайына қойылатын талаптар: құқық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы.



Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар: осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік мекемесіқызметкерлерінің лауазымдық жалақысы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы» 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығына сәйкес белгілетін болады.

Конкурсты өткізу ережесі және құжаттар үлгісі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 498 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 5 қаңтардағы № 3 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген).

Құжаттарды қабылдау мерзімі – конкурс жүргізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде.

ҚұжаттарҚазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Адам ресурстары басқармасына қағаз жүзінде қабылданады (Төле би көшесі, 36, 208 кабинет), тел. : 8(7262) 45-28-74, сондай-ақ, электрондық түрде e-mail: a.abdikerimova@kgd.gov.kz d.boshaeva@kgd.gov.kz мекен-жайына. Конкурсқа қатысу үшін электрондық пошта арқылы құжат тапсырған азаматтар құжаттардың түпнұсқасын бір жұмыс күні қалғанға дейін ұсынады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар саны


  1. Өтініш;

  2. Конкурсқа қатысушының кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ;

  3. Қазақстан Республикасының азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

  4. Білімі туралы құжаттардың (дипломы және қосымшасы) көшірмесі;

  5. Әскери қызметті өткенін немесе Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өткені, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылғаны туралы құжаттарының көшірмесі;

  6. Өлшемі 3х4 (4дана) фотосуреті;

  7. өз қолымен жазылған және басылып шығарылған конкурсқа қатысушының өмірбаяны;

  8. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

  9. құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының соттылығы, бір жылдың ішінде қасақана құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібінде әкімішілік жауапкершілікке, сыбайлас жемқорлықтық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік және әкімішілік жауапкершілікке тартылмағанадығы туралы анықтама;

  10. үміткердің және оның жұбайының (зайыбының) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына табыстары мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғанын растайтын кандидаттың құжаттары;

  11. құжаттар тапсыру сәтінде жарамды мемлекеттік қызмет жөніндегі уәкілетті органнан заңнамаларға біліктілігін тестілеуден шекті деңгейден төмен емес нәтижеде өткендігі туралы сертификат;

  12. құжаттар тапсыру сәтінде жарамды мемлекеттік қызмет жөніндегі уәкілетті органнан жеке құзыреттерін бағалаудан өткендігі туралы қорытынды.

      Құжаттардың көшірмелерін қабылдау кезінде салыстыру үшін олардың түпнұсқалары қарастырылады немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері қабылданады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурстық комиссиямен оларды қараудан бас тартудың негізі болып табылады.



Конкурс кезеңдері туралы мәлімет Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жалпыға көрінетін жерде ақпараттық стендтерінде, сондай-ақ, zhmb.kgd.gov.kz интернет-ресурста да орналастырылатын болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет