Мал шаруашылығындағы ветеринариялық-санитариялық талаптарға мыналар жатады:
- Шаруашылыққа жаңа әкелген малды карантиннен өткізу кезінде барлық ветеринариялық-санитариялық қатал сақталуы керек.
-Мал басын топтастыру кезінде,малды сатып алған шаруашылық барлық індетті аурулардан сақ болуы тиіс немесе өзіне асыл тұқымды малды індетті ауруы жоқ шаруашылықтардан алуы.
-Көлік немесе фермада жұмыс істейтін жұмысшылар арқылы малға ауру тарату жолын болдырмау.
-Арнайы қоршау арқылы тарайтын әртүрлі індетті ауруларға қарсы күрес жүргізу.
-Малшылардың арасында туберкулез,бруцеллез,сальмонеллез және басқа індетті аурулардың тарамауы үшін оларға дер кезінде медициналық тексерілу жұмысы жүргізілуі тиіс.
Ветеринариялық санитариялық талаптар дегеніміз-арнайы нормативтік құжаттар түрінде ресми бекітілген ветеринариялық-гигиеналық нормативтер.Осы ветеринариялық-санитариялық талаптар негізінде әртүрлі мал шаруашылығындағы мекемелерінде ветеринариялық-санитариялық ережелер жасалады.