Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық министрлігі



бет3/4
Дата28.12.2021
өлшемі3,75 Mb.
#128949
1   2   3   4
Байланысты:
ВМ 304 А.Гүлдан вет.гигиена слайд

Ветеринариялық нысандар

Дезинфекция(франц.des-жоямын,лат.infectio-жұқтыру) –зардапты және шартты зардапты микроорганизмдерді жоюға,малдың арасында індет ауруларын болдырмау шараларына бағытталған іс-әрекеттердің бірлестігі.Мал қорасын дезинфекциялау екі кезеңде жүргізіледі.Бірінші,қораны тазалау,екінші дезинфекциялық ерітіндіні шашу.Объектілерді тазалау әртүрлі механикалық құралдарды қолдану және кешендегі гидротазалағыш технологиясы арқылы жүргізіледі.Дезинфекция жүргізуге жататын нысандарға мал және құс қорасы,құралдар,жабдықтар және малды күтуге арналған заттар,қора ауасы,ферма территориясы.

Сурет 6.Дезинфекция жүргізу шаралары



Дератизация (франц.de-жоямын, лат.ratus-егеуқұйрық) – адам мен малға зиян келтіретін кеміргіштерге қарсы шаралар жиынтығы.Шаруашылыққа көп зиян келтіретін кеміргіштердің түрлері:сұр және қара атжалман және үй тышқандары. Кеміргіштер үйге,қоймаға,мал қораларына еніп,оларға зиян келтіреді және мал азығын,малдан өндіретін өнімдерді де бүлдіріп құртады.Кеміргіштерге қарсы күрес профилактикалық және жою-құрту деп екіге бөлінеді.

Профилактикалық шаралар-кеміргіштердің өсіп-өнуіне жол бермеу.Сондықтан профилактикалық шаралардың ең бастысы ферма территориясында,мал қораларында күнделікті ветеринариялық-санитариялық талаптарды қатаң орындау,азықты дұрыс сақтау,қораларды кеміргіштер кірмейтін ету,оларды уақытылы жөңдеуден өткізіп отыру.

Жою-құрту шаралары-бұл кеміргіштерден біржола арылу.Малдың індет ауруларына қарсы ең басты шараларының бірі-дератизациялық шаралар. Кеміргіштерді жою үшін химиялық заттар,бактериялық препараттар және механикалық құралдар қолданылады.Химиялық заттар жылдам және ұзақ әсер ететін топтарға бөлінеді.Ең тиімдісі ұзақ әсер ететін заттар-антикоагулянттар.Оларға жататындар-зоокумарин,дифенацин,фентолацин және т.б.Өте жылдам әсер ететін препаратқа цинк фосфиді жатады.Сұр егеуқұйрықтарға өлтіретін дозасы 75-100 мг/кг,үй тышқандарына-150-200 мг/кг.Бұл препараттарды кемірушілерді тез құртуға мүмкіндік болғанда пайдаланылады.

Сурет 7.Дезинсекцияны тудыратын шыбын-шіркейлер



Дезинсекция (франц.des-жоямын, лат.incectum-жәндік) – бұл табиғатта кездесетін ұзын тұмсықты,көп аяқты шаян-құрттарға қарсы жүргізілетін шаралардың жиынтығы шыбын-шіркейлерге қарсы күрестің тиімді көзі. Малдың індет ауруларына қарсы профилактикалық шаралардың ең маңызды жолы-ол мал фермасында шыбын-шіркейлерге қарсы күрес жүргізу, себебі олар топалаң , бруцеллез,туберкулез,қарасаң қоздырғыштарын таратуға себеп болуы мүмкін.

Дезодарация– дегеніміз субстратта шіріген кезде пайда болатын жағымсыз иісті жасанды түрде жою немесе оны басып тастау.Мал қорасындағы ауада жағымсыз иістің шығу көзі-ол малдың қиы мен зәрі.Жаңадан бөлінген қи органикалық зат болып тез ұшып шығып жағымсыз иіс береді.Сондықтан тазаланбаған қидың қалдығы жиналып, аммиактың шоғырлануы көбейеді. Едендерді және қорадағы өткелдерді өңдеу үшін 2 пайызды калий перманганат ерітіндісін қолдануға болады.Бұл ерітінділермен қора жақтауларын күніне 1 рет өңдейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет