Осы Ережеде қолданылатын кейбір сөз тіркестерін, терминдерді және белгілерді ашып жазу Денсаулықтың өзге зақымдануы - кәсіби сырқаттардың және уланудың, өлтірудің, ыстық өтудің, күюдің, найзағай түсуінің, жануарлар мен жәндіктермен жанасу нәтижесінде зақымданудың барлық түрлері және басқа да зақымданулар.
Кәсіби аурулар мен улану - қауіпті және зиянды өндіріс факторлары мен заттардың әсер етуі нәтижесінде туындаған қатты және кәсіби аурулар мен уланулар.
ӨРЖЖЖТ - өндіріс және ауыл шаруашылығы өнімдері республикалық жіктемесінің жоғары жіктемелік топтамалары.
МЕСТ - мемлекеттік стандарт.
ШСМТ - шаруашылық субъектілердің мемлекеттік тізбесі.
КҚТРЖЖ - жүмысшылар кәсіптерінің, қызметшілер лауазымдарының және тарифтік разрядтардың жалпы жіктемесі.
ШРК - шектеулі рұқсат етілетін концентрациялар.
ШРД - шектеулі руқсат етілетін деңгей.
ӨРЖ - өндіріс және ауыл шаруашылығы өнімдерінің республикалық жіктемесі.
ӘАОБЖ - әкімшілік-аумақтық органдарды белгілеу жүйесі.
МБОБЖ - мемлекеттік және шаруашылық басқару органдарын белгілеу жүйесі. 12. ЕҚСЖ - еңбек қауіпсіздігінің стандарттарының жүйесі.