Үй тапсырмасы
№1. Белгілі бір оқиғаның 300 тәуелсіз сынақтарда пайда болу ықтималдығы 0,6 – ға тең. Оқиғаның 250 рет пайда болуының ықтималдығын табу керек.
№2.Егер әрбір ағаштың өсіп шығуының ықтималдығы 0,8 – ге тең екендігі белгілі болса, онда отырғызылған 400 ағаштан 104 ағаштың өсіп шықпайтындығының ықтималдығы қандай болады?
№3. Оқиғаның 144 тәуелсіз сынақтарда пайда болу ықтималдығы 0,8 – ге тең. Осы сынақтарда оқиғаның 120 рет пайда болуының ықтималдығы қандай?
№4. n=1500 және p=0,4 болғанда оқиғаның пайда болуының саны мына аралықтарда жататындығының ықтималдығын табу керек.
а) 570 – тен 630 – ға дейін
б) 600 – ден 660 – қа дейін
№5 n=1200, p=2/3 болғанда салыстырмалы жиіліктің ықтималдықтан (p=2/3) ауытқуының абсолют шамасының ықтималдығы 0,985 – ке тең болуы үшін салыстырмалы жиілік қандай аралықта жатуы керек?
БӨЖ 2.
№1 Бидай тұқымының өнгіштігі 90% екені белгілі. 360 өсімдіктер шығу үшін қанша дән алу керек
№2 Цехта істеп тұрған үш автомат барлығы 5500 бұйым жасап шығарды. Оның ішінде бірінші автоматтан 1000, екіншісінен - 2000, ал үшіншісінен – 2500 бұйым жасалып шығарылды.Егер бірінші автоматтың сапасыз бұйым шығаруы – 0,3, екіншісінікі – 0,2, үшіншісінікі – 0,4 болса, алынған кез келген бұйымның сапасыз болуының ықтималдығын табу керек.
№3.n=1500 және p=0,4 болғанда оқиғаның пайда болуының саны мына аралықтарда жататындығының ықтималдығын табу керек.
620 – дан 680 – ге дейін
№4 Шахмат ойнау шеберлігін тең екі шахматшы көрсетуде. Тең аяқтағанды есептемегенде:
Екі партияның біреуін ұту мен төрт партияның екеуін ұтудың ықтималдыған табу керек. Қайсысының ықтималдығы жоғары?
Төрт партиядан екіден кем емес ұту мен бес партиядан үштен кем емес ұтудың қайсысының ықтималдығы жоғары?
№5 Ақшалай-заттай лотереяда әрбір 10000 билетке 150 заттай және 50 ақшадайұтыс шығады. Бір билеті бар адамға не заттай, не ақшалай ұтыс шығуының ықтималдығы қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |