Даму психологиясы әр жастағы адамның психикалық дамуының заңдылықтарын, әртүрлі психикалық үрдістер мен қасиеттерінің қалыптасуын зерттейді. Даму психологиясы мынадай бөлімдерге бөлінеді: балалар психологиясы, жеткіншек психологиясы, жастық шақ психологиясы, ересектер психологиясы. Даму психологиясының міндеті -жас ерекшеліктерін ашып көрсету, бір жастан екінші жасқа өтудің заңдылықтарын анықтау, жеке тұлғаның әртүрлі психикалық қасиеттері қалыптасуының сензитивтік (ерекше қолайлы) кезендерін табу болып табылады. Даму психологиясы педагогикалық психологиямен байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |