Арнаулы психология бірнеше бөлімдерге бөлінеді; патопсихология, олигофренопсихология, сурдопсихология, тифлопсихология.
Патопсихология адамдардың дұрыс психикалық іс-әрекеті бұзылуының әртүрлі түрін зерттейді; Олигофренопсихология - мидың туғаннан болған ақауына байланысты психикалық дамудың патологиялық сипатын зерттейді. Сурдопсихология - есту сезімінің бұзылуына байланысты психологиялық ерекшеліктерін зерттейді; Тифлопсихология- көру сезімінің бұзылуына байланысты психологиялық ерекшелігін зерттейді.
Салыстырмалы психология жануарлардың психикасын зерттейтін психологияның саласы.
Психологияның бұл бағытының мәні мынада: жануарлардың психикасын зерттей отырып, әсіресе, жоғары сатыдағы жануарлардың, адам санасының тарихын жан-жақты қарастыруға көмектеседі, салыстырмалы психология саласында жануарлар мен адам психикасын салыстыру іске асады, олардың мінез-құлқындағы қасиеттері мен айырмашылығының сапалы белгілері мен себептері анықталады.
Әлеуметтік психология әртүрлі әлеуметтік қауымдастықтардың психологиялық ерекшеліктерін (топ, ұжым, олардың көңіл-күйін, қоғамдық пікірін, еліктеуін т.б.), топтар мен ұжымдардағы адамдардың өзара қарым-қатынастарын, ондағы жеке тұлғалардың жағдайын, олардың лидерлері мен қарамағындағылардың проблемаларын зерттейді. Соңғы жылдары әлеуметтік психологияға ерекше мән берілуде. Әлеуметтік психология әртүрлі ұйымдасқан және ұйымдаспаған қоғамдық топтардағы адамдардың өзара қатынасынан туындайтын психикалық құбылыстарды қарастырады.
Қолданылған әдебиеттер:
https://e-history.kz
https://lektsii.net
Бабаев С.Б. Психология негіздері: Оқу-анықтамалық қолданба.-Алматы, 2007.-106 б.
Ж. Аймауытов. Психологня (оқу құралы). Қызылорда — Ташкент,
1926.
Ж Аймауытов. Жан жүйесі және өнер талдау (араб әрпімен басыл-
ған). Мәскеу, 1926.
-Ә Алдамұратов, Қызықты псиология. Алматы, “Қазақ универеите-ті”, 1992.
Ә:'Алдамұратов. Оқушылардың грамматнкалық ұғымдарды меңгеру психологиясы Алматы, Мектеп”, 1983.
Ә. Алдамұратов, Д. Муқанов. Психология пәнінея лабораториялық практикалық сабақтар. Бірінші бөлім. Алматы, 1978; Екінші бөлім. 1979.
А Эбдірахмснов, Қ. Жарықбаев. Психологиялық орысша-қазақша сөздік. Алматы, “Мектеп”, 1976.
Ф Ң. Гоноболин. Психология. Алматы, “Мектеп”, 1976.
Жалпы психология. В. В. Богословский т. б. редакациясымен. Алма-ты. “Мектеп”, 1980.
Достарыңызбен бөлісу: |