Сыныбы: 8 «ә» Күні



Дата08.03.2023
өлшемі11,93 Kb.
#171458
Байланысты:
ынтымақтастық
1523962291

Бекітемін________

Сыныбы: 8 «ә» Күні:09.02.2023
Уақыты:8:00

І.Қабылов атындағы №12 IT мектеп-лицей
Жетекшісі:Амангелді Айнұр Алмабекқызы
Тәжірибе жинақтаушы:Сұлтанқызы Сұлу



Тәрбие сағатының тақырыбы

«Ынтымақтастық түбі-игілік»

Тәрбие сағатының мақсаты

1.Оқушыларға ынтымақ ұғымы туралы түсінік беру;
2.Оқушылардың өзара жағымды қарым-қатынастарын, сүйіспеншіліктерін дамытуға ықпал ету;
3.Оқушыларды татулыққа, ауызбіршілікке, достыққа тәрбиелеу.



Көрнекті жабдықтар

Слайд, плакат, видеоролик

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

«Тарсия» , « Мен сөйлеймін » , «Постер»

Мотивациялық кезең
5 минут
Операциялық кезең

3 минут

5 минут

7 минут


7 минут

Рефлексиялық кезең


3 минут
Қорытынды
2 минут


Ұйымдастыру кезеңі:
- Сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнату;
- «Жүректен жүрекке» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне жақсы сөздер, тілектер білдіреді.
-Сыныпты топтарға біріктіру;
«Жарық» әдісі арқылы 3 топқа бөлінеді.

Ынтымақ болмай, іс болмас!
Ынтымақтастыққа қатысты бейнеролик тамашалайды (оқушыларға тақырып аясында сұрақтар қойылады).
- Видеодан қандай әсер алдыңыздар?
- Бейнероликтен не түсіндіңіздер?
-Бейнероликтің тәрбиелік мағынасы неде?


1-тапсырма
«Тарсия» әдісі арқылы топтық жұмыс.
Түсіндірме: Ынтымақтастық, достық, бірлік ұғымдары аясында берілген мақал-мәтелдердің жалғасын табыңдар.


2-тапсырма
«Мен сөйлеймін» әдісі арқылы әуен қосылып,оқушылар бір-біріне микрофон беріп, әуен тоқтаған уақытта микрофон кімнің қолында қалса сол сұраққа жауап береді.
1.Қазіргі ҚР әнұранының авторлары (Ж.Нәжімеденов,Н.Назарбаев,Ш.Қалдаяқов)
2.Қазақстан қашан өз тәуелсіздігін жариялады? (1991 жылы 16 желтоқсан)
3.Қазақстан Республикасының рәміздері қабылданған жыл? (1992 жыл)
4.Бүкілхалықтық Президент сайлауы қай жылы өтті?(1991 жыл 1 желтоқсан)
5.ҚР жер көлемі бойынша нешінші орында? (9 орын)
6.ҚР мемлекеттік туының авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
7.Біздің мемлекетіміздің негізгі заңы ? (Ата Заң)
8.Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін ең бірінші мойындаған мемлекет? (АҚШ)
9.Қазақстандағы облыстар саны қанша? (17)

3-тапсырма


«Постер». Әр топқа плакат таратылады, оқушылар бірлесе отырып «Ынтымақ,бірлік, достық» туралы сурет салып, мағынасын түсіндіреді.

Оқушылардың барлығы өте белсенді болды. Жас ерекшеліктеріне сәйкес тақырыпты жеңіл түсіндіру әдісі ретінде топтық сайыс ретінде өткізілді. Оқушыларға тәрбие сағатына жақсы баға берді. Ескерусіз қалған және пассивті оқушы болмады. Әр бала «Ынтымақтастық түбі-игілік» тақырыбы аясында өз ойларын ашық, жүйелі, еркін жеткізе білді.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет