Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығЫ



Дата22.12.2021
өлшемі16,28 Kb.
#127424
Байланысты:
Қан жүйесі аурулары
Қан жүйесі аурулары, 5 СОӨЖ, СӨЖ, сем 4-6, 2 сабақ, Презентация Microsoft PowerPoint

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

МИНИСТРЛІГІ

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
«Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы» институты

«Жануарлардың ішкі аурулары» пәні бойынша

ЭССЕ

Тақырыбы: Қан жүйесі аурулары



Орындаған: ВМ 41 топ студенті Хайрушев А.

Тексерген: в.ғ.м. Сатыбаев Б.Г.

Орал, 2020

1.Қан үлгісін зерттеуге алу мен дайындау әдісі

2.Қанға зертханалық зерттеу өткізу: Қан жағындысын дайындап, оны айқындап бояу әдісі. Ауру малдың қанындағы гемоглобин, эритроциттер мен лейкоциттер мөлшерін анықтау әдісі. Лейкоцитарлық формуланы санап әдісі.

3.Есеп: Шошқа фермасында 30 негізгі және 100 бір рет пайдаланатын мегежіндер бар. Торайларды темір жетіспеушілік анемиясынан сақтандыру үшін қажетті ферроглюкин мөлшерін есептеп жазып беру.


1.Күре тамырдан қанды мойынның жоғарғы үштен бір бөлігінің ортаға ауысқан жерінде қан алатын ине көмегімен алады.

Тамырды алдын ала мойын орталығында, сол қолдың бас бармағымен, созылғыш жіппен, арнайы қысқышпен немесе басқа қолайлы затпен қысып басады. Қанды пробиркаға, колбаға немесе цилиндрге жинайды. Қан алуды жеңілдету үшін әр түрлі арнайы аспаптар және құралдар қолданылады.

Қанды ұюдан сақтау үшін оған (10 мл қанға мөлшерлеп) 30 мг натрий цитратын, 15 мг натрий оксалатын, 50 бірлік әсердегі (БӘ) гепарин немесе трилон Б-ның 10% ерітіндісінен 4 тамшы қосады.

2.Төсеніш шыныны сол қолдың бас бармақ және сұқ саусақтарымен ұстайды. Шынының балаң үйрек саусағына жақын орналасқан шетінен 1 см аралықта қанның бір тамшысын диаметрі 2-3 мм етіп тамызады. Мұны көбінесе шыны бетін инемен шаншылған кезде теріде қан тамшысы пайда болған жерге тигізеді.

Сонан соң оң қолмен тамшыға жақындау жерге жонылған шыныны 30-40ºC бұрышта ұстап, ептеп оны шыны шетін қанмен қосылғанша жылжытады. Сонан соң ептеп және тездеу емес егеленген шыныны оңнан солға жылжытып жұғындыны дайындайды.Төсеніш шынының бір қапталынан 1-1,5 см қашықтықта басталып және екінші қапталынан 1-3 см қашықтықта бітіп жуық шамамен шынының 2/3-3/4 бөлігін қамтуы қажет.

Жұғындыларды бояудың көптеген әдістері бар, бірақ негізінен қолданылатындары мыналар:

Филипсон әдісі. Қатырылмаған жұғындыға бояудың 20 тамшы спирттік ерітіндісін (этанолдың 4 бөлігіне Романовский Гимза бояуының ерітіндісінің 1 бөлігі) тамызады. 5 мин уақыттан кейін жұғындыдағы бояуға 20 тамшы дистильденген су қосады. Бояуды 17-20 минут уақыттан кейін ағынды сумен шайып, жұғындыларды кептіреді.

Қандағы гемоглобин мөлшерін гематинді және гемиглобинцианидті әдістерімен анықтауға болады.

Гематинді әдіс. ГС-3 гемометрінің градуирленген пробиркасына көз түтікшесімен “2” белгісіне дейін тұз қышқылының 0,1 н ерітіндісін құяды. Капиллярлық түтікшемен 20 мкл (0,02) қан алып, түтікше ұшын мақтамен сүртіп, қанды мұқият пробирка түбіне, қышқыл ерітіндісіне үрлейді, онымен түтікшені 2-3 рет қан қалдығы қалмас үшін шаяды. Араластырып 5 минут уақытқа қалдырады (тауық қанын зерттегенде 15 минутке қояды).Тұз қышқылды гематин пайда болуынан пробиркадағы ерітінді қоңыр түске боялады. Дистильденген суды тамшылатып, шыны таяқшамен араластыра отырып, сұйық түсті стандартты пробиркалар түсіндей болғанша құяды. Граммен 100 мл қандағы гемоглобин мөлшерін шкала бөлігі деңгейі пробиркадағы сұйық деңгейімен бірдей болуынан анықтайды. Егер гемометр шкаласынан анықталған гемоглобин мөлшерін 10 коэффициентіне көбейтсек, онда гемоглобиннің г/л мөлшерін анықтауға болады.

Эритроциттер. Қан жұғындыларында сүт қоректілердің эритроциттері домалақ пішінді, ядролары жоқ, құстардың эритроциттері сопақ пішінді және ядролы болады. Олар қышқылды бояулармен қызғылт түске боялады, ал орта бөлігі ақшылдау. Эритроциттер диаметрі (мкм): ірі қарада – 4,4-4,7; қойда – 3-5,6; ешкіде – 2,1-4,9; жылқыда – 4,5-7,5; шошқада – 4-9; итте – 4,2-10; тауықта – 9,3x5,6 – 12,2x7,2.

Лейкоциттер цитоплазманың қасиеті мен дәндерінің түр түсіне байланысты лейкоциттер, гранулоциттерге (дәнді) – базофильдер, эозинофильдер, нейтрофильдер мен агранулоциттерге (дәнсіз) – лимфоциттер және моноциттерге бөлінеді.

Лейкограмма (лейкоцитарлық формула) деп – қандағы лейкоциттердің жеке түрлері арасындағы пайыздық ара қатынасын айтады.

Лейкоциттердің дербестік санау әдісі. Лейкограмманы боялған қан жұғындылары көмегімен микроскоптың иммерсиялық жүйесі астында 100 (немесе200) лейкоциттерді дербестік санау арқылы, төмендегі әдісті қолдана отырып шығарады.

Үш бөлікте санау әдісі. Лейкоциттердің үш бөлікте санау әдісін қолданғанда санауды жұғындыға көлденең орналасқан (бір қапталынан екінші қапталына дейін) үш бөлікте жүргізеді. Жұғындының бас жағында 35 клетка, ортасында 30 және 35 клетка саналады.



3.Ферроглюкинді мегежіндердің туу уақытына дейін 15-20 күн бұрын әрбір мегежінге 10 мл бұлшықетіне енгізеді. 30 мегежінге 300 мл ферроглюкин, ал 100 мегежінге 1000 мл ферроглюкин кетеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет