ӘОЖ 619.618.4-72 : 636-2
АСПАПТЫҚ ЖӘНЕ БИОФИЗИКАЛЫҚ ӘДІСТЕРМЕН СИЫРЛАРДЫҢ
БУАЗДЫЛЫҒЫН ДИАГНОСТИКАЛАУ НӘТИЖЕЛЕРІ
Құрманғалиев Е.Е., 2 курс магистранты
Джакупов И.Т.проф.ғылыми жетекші
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
Астана қ.
Қазақстанның ауыл шаруашылығы кешені – еліміздің даму бағыттарының маңызды
бөлігі болып табылады. Себебі ауыл шаруашылығы саласын дамыту елдің экономикалық
және әлеуметтік әл-ауқатының кепілі.
Ірі қара малдағы буаздылығын диагностикалау зооветеринарлық маңызды іс-шаралар
болып табылады, оның дұрыстығы жануарларды көбейту бойынша жоспарлы жұмысты
жүргізуге байланысты. Бұл жұмысты орындау кезінде бедеуліктен ажыратып қана
қоймай, буаздылық мерзімін де анықтау өте маңызды [1].
Буаздылықты диагностикалау кез келген ірі қара мал мал шаруаршылығының
маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Диагностикалау әдістеріне тік ішекті паль-
пациялау, трансректальды сонография және биохимиялық анализдер жатады. Ең жақсы
әдісті анықтау үшін ветеринарлық шығындар малды ұстауға жұмсалатын шығындармен
салыстырылуы керек [2].
Қазіргі уақытта ірі жануарларда, мысалы сиырларда буаздықты диагностикалаудың
негізгі әдісі-дамып келе жатқан ұрықты тік ішек арқылы пальпациялау болып табыла-
ды. Бұл әдіс ұрықтанғаннан кейін 60-70 күннен кейін буаздылық мерзімін белгілеуге
мүмкіндік береді.
Буаздылық мерзімін анықтау үшін ультрадыбыстық сканерлерді қолдану тік ішек
арқылы электронды сенсорды енгізу қажеттілігіне байланысты шектеулі.
Ұрықтандырылған жануардың сәтсіз буаздылығын ерте және дәл диагностикалау
өнеркәсіптік мал шаруашылығы үшін үлкен экономикалық маңызға ие. Осыған байланы-
сты, жыныстық циклдің қозуының келесі сатысында жануарды қайтадан ұрықтандыру
мүмкіндігін жіберіп алмау үшін жануардың буаз емес екенін дәл анықтауға болатын
әдіске айтарлықтай қажеттілік бар.
Жұмыстың мақсаты: Буаздылық мерзімі мен жасына байланысты сиырлардың
буаздылығы мен бедеулігін диагностикалаудың аспаптық әдісінің тиімділігін анықтау.
Жұмысты орындау барысында тәжірибелер Солтүстік Қазақстан облысы Аққайын
ауданы «Салют» ЖШС жүргізілді. «Салют» ЖШС негізінен сүтті бағыттағы қара ала
тұқымды сиырлар өсіріледі.
Зерттеу материалдары: акушерлік құрал жабдықтар, «EMP V-9» УДЗ – сканері(Қытай),
жануарларды тіркеу журналы, ІҚМ, жануарларды бекіту орындары, бір реттік
қолданылатын полиэтилен қолғап, халат, резеңке етік, вазелин т.б .
Жұмыстың бастапқы материалы әртүрлі жастағы сиырлар, 2022-2023 жылдардағы
малдың ұдайы өсіп-өну журналы, ұрықтандыруды есепке алу журналы, сондай-ақ зерт-
теулер мен бақылаулардың нәтижелері болады.
134
Сиыр жасының буаздық пен бедеулікті аспаптық диагностикалық зерттеуге әсерінің
негізі жануар ағзасындағы орын алынатын жыныс мүшелерінің жасына байланысты
өзгерістеріне тікелей байланысты.
«Салют» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сиырларының буаздылығы мен
бедеулігін анықтау мақсатында 97 сиырға ультрадыбыстық зерттеу арқылы және
«Pregnancy Diagnosis» аспабының көмегімен диагностикалық зерттеу жұмыстары
жүргізілді.
Ұрықтандыру мерзімін ескере отырып буаздық күндері анықталғаннан кейін, сиыр-
ларды бес топқа бөліп қарастырылды: буаздылық күндері I топ (n= 17) 28 – 60 күн, II
топ(n= 28) 61 - 120 күн, III топ (n= 18) 121 - 150 күн , IV топ (n= 16) 151 -180 күн , V топ(n=
18) 181-285күн.
Аспаптық зерттеу барысында 97 сиырдан 77 сиыр буаз оның ішіндеI топқа – 11, II
топ – 19, III топ– 14, IV топ– 16, V топ– 17 сиыр; 15 сиыр күмәнді I топқа – 3, II топқа –
7, III топқа – 4, V топ– 1 сиыр; 5 сиыр бедеу оның ішінде I топқа – 3, II топқа – 2 сиыр
анықталды.
Ультрадыбыстық зерттеу барысында 90 сиыр буаз, оның ішінде ішіндеI топқа – 13, II
топ – 26, III топ– 17, IV топ– 16, V топ– 18 сиыр; 7сиыр бедеу оның ішінде I топ– 4 сиыр,
II топ – 2 сиыр, III топ– 1 сиыр анықталды(кесте 1).
1 кесте – Буаздық мерзіміне байланысты буаздық пен бедеулікті зерттеу нәтижелері
Буаздылық
мерзімі
Мал
басы
саны
Аспаптық зерттеу
УДЗ
Қорытынды
буаз
күмәнді
бедеу
буаз
бедеу
n
%
n
%
n
%
n
%
n
%
буаз
бедеу
28-60
17
11
64
3
18
3
18
13
76
4
24
84%
75%
61-120
28
19
68
7
25
2
7
26
92
2
8
75%
100%
121 -150
18
14
78
4
22
17
94
1
6
82%
0%
151-180
16
16 100
16 100
100% 100%
181-
18
17
94
1
6
18 100
94%
100%
Кестеден қара-ала тұқымды сиырлардың буаздылық мерзіміне байланысты буаздық
пен бедеулікті диагностикалауды «Pregnancy Diagnosis»аспабының тиімділігі келесідей
нәтиже алынды (1 - cурет):
1 сурет - Pregnancy diagnosis" аспабының тиімділігі
Жасына байланысты «Салют» ЖШС-нің қара-ала тұқымды 97 сиырды буаздық пен
бедеулігін диагностикалау мақсатында 3 топқа бөліп қарастырдық. Зерттеу әдістері
ретінде, ультрадыбыстық зерттеу және аспаптық зерттеу қолданылды. I топқа 2 жасқа
дейінгі сиырларды, II топқа 3 пен 5 жас аралығындағы сиырларды, III топқа 5 жастан
жоғары сиырларды енгіздік. Зерттеу нәтижелері төменгі кестеде келтірілген (2 кесте).
135
2 кесте - Сиыр жасына байланысты буаздық пен бедеулікті диагностикалау әдістерінің
нәтижелері
Малдың жасы Мал
басы
саны
Аспаптық зерттеу
Тік ішек арқылы
зерттеу
Қорытынды
буаз
күмәнді
бедеу
буаз
бедеу
n
%
n
%
n
%
n
%
n
%
буаз бедеу
2
27
18 67
5
18
4
14
23
85
4
15
78% 100%
3-5
49
44 89
4
8
1
2
48
97
1
3
91% 100%
5-тен жоғары
21
15 71
6
28
19
90
2
10
79%
0%
Қорытынды
«Салют» ЖШС сиырларының буаздылығы мен бедеулігін «Pregnancy Diagnosis»
аспабының көмегімен диагностикалау тиімділігін анықтау барысында 28-60 күн
аралығында буаздылық - 84%, бедеулігі - 75%, 61-120 күн аралығында буаздылық - 75%,
бедеулігі - 100%, 121-150 күн аралығында буаздылық - 82%, 150-181 күн аралығында
буаздылық - 100%, бедеулігі - 100%, 181 – 285 күн аралығында буаздылық - 94%, бедеулігі
- 100% тиімділігі анықталды.
Достарыңызбен бөлісу: |