УДК: 338.43:005.591.6+631:004+681.3(045), 338.47:629.3.083 (045), 619:005.934 (045),
60+636/639 (045)
ББК:65.32:32.96 я431 с 28, 65.37 -59 я431 с 14, 48я 431 А36, 40+45 я431 С31
(17 марта 2023 года): Сб. материал. Международ. науч. - практич..конф. - Астана, 2023.
- 324 с.
ISBN: 978-601-257-234-6
В сборнике помещены материалы международной научно-практической конферен-
ции «Сейфуллинские чтения - 19».
Том 1, часть 2 Секции: Трансформация АПК в условиях цифровизации, авто-
матизации и интеллектуальное сельское хозяйство,
Актуальные проблемы экс-
плуатации, сервиса и логистика на транспорте, Современные проблемы ветери-
нарной безопасности, Актуальные проблемы биотехнологии и животноводства.
ББК: 65.32:32.96 я431 с 28, 65.37 -59 я431 с 14, 48я 431 А36, 40+45 я431 С31
ISBN:
978-601-257-234-6
©
Казахский агротехнический
исследовательский
университет имени Сакена Сейфуллина, 2023
3
2023 жылғы 25 наурызда көрнекті ғалым, ғылым
мен
жоғары білімді ұйымдастырушы, экономика
ғылымдарының докторы, профессор, ҚазКСР ғылымына
еңбегі
сіңген қайраткер, Ұлы Отан соғысының ардагері,
Астана қаласының құрметті азаматы Моисей Ароно-
вич Гендельманның туғанына 110 жыл толады. Моисей
Аронович 70 жылдан астам уақыт бойы өзінің барлық күш-
жігерін, білімін,
тәжірибесін, ғалым, педагог ретіндегі та-
лантын және ұйымдастырушылық қабілетін жерге орнала-
стыру ғылымы мен практикасын дамытуға жұмсады.
Моисей Аронович өзінің ғылыми-педагогикалық
қызметін Одесса ауылшаруашылық институтында бастады,
бірақ ғалымның өмірі мен шығармашылық жетістігі Ақмола
ауылшаруашылық институтымен де тығыз байланысты
болды, ол институтты
алғашқы ұйымдастырушылардың
қатарында бола отырып, аталған оқу орнын ректор ретінде 20 жылдан астам уақыт
басқарды. Ол ректор қызметінде институттың барлық педагогикалық және ғылыми
қызметін бағыттап және жетілдіре отырып сәтті басқарды. Оның шебер басшылығының
арқасында институт ауыл шаруашылығына қажетті кадрлар дайындайтын ірі сала ғана
емес, Есіл даласының жетекші ғылыми орталығына айналды.
М.А.Гендельманның жемісті еңбегі оны жерге орналастыру саласындағы ең көрнекті
ғалымдар қатарына қосты. Ол ғылымның осы саласында көптеген еңбектер жариялады.
М.А.Гендельманның 230-дан астам ғылыми еңбегі, бірқатар монографиялары, орталық
және республикалық журналдарда көптеген мақалалары, сондай-ақ «Ауыл шаруашылығы
аймақтарын жоспарлау», «Жерге орналастырудың ғылыми және әдістемелік негіздері»,
«Жерге орналастыруды жобалау», «Жерге орналастыру
және кадастрдың ғылыми
негіздері» атты оқулықтары және басқа да оқу-әдістемелік әзірлемелері жарық көрді.
Моисей Аронович ғылыми кадрларды даярлауға көп күш-қуат және еңбек жұмсады.
Ол әр жылдары 41 кандидат және 8 ғылым докторын даярлады. Моисей Аронович 42
кандидаттық және 18 докторлық диссертация бойынша оппонент болды. Ұзақ жылдар
бойы докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық Кеңестің мүшесі
болды.
М.А.Гендельман өз бағыты бар және аймақтық ерекшеліктерге ғана емес, сонымен
қатар посткеңестік кеңістікте де, шет елдерде де жерге орналастыру теориясы мен прак-
тикасын дамытуға бағдарланған ғылыми Қазақстан мектебін құрушы болып табылады.
М.А.Гендельман мектебі жерге орналастыру ғылымының мақтанышы болып табылатын
көрнекті ғалымдарды, тамаша шәкірттерді шығарды, олардың көпшілігі бүгінгі күнге
дейін университетте оның ғылыми идеяларын жалғастырушылар және адал ізбасарлары
ретінде еңбек етуде.
Ұзақ жылдар бойы жасаған жемісті ғылыми-педагогикалық және қоғамдық қызметі
үшін және ғылым мен жоғары білімнің дамуына қосқан зор үлесі үшін, М.А.Гендельман
келесідей бес орденмен: «2-дәрежелі Отан соғысы», «Қызыл Жұлдыз», «Құрмет
белгісі», «Халықтар достығы», «Еңбек Қызыл Ту», сондай-ақ әртүрлі министрліктер мен
ведомстволардың грамоталарымен және белгілерімен марапатталды.
Моисей Ароновичтің басшылығымен жұмыс істеген адамдардың барлығы оның
жұмыстағы талап қоюшылық
және принциптілік қасиеттерін, сонымен қатар оның
әріптестеріне қатысты мейірімді, жылы қарым-қатынасын, оларға жақсы кеңес беруге
шынайы ұмтылысын атап өтеді. Оның туа біткен зиялылығы, табиғи даналығы және
қарым-қатынастағы қарапайымдылығы әріптестерін әрдайым тәнті етті.
Ғылыми-педагогикалық қызмет жылдарында М.А.Гендельман университетіміздің
тарихының бір бөлігіне айналды. Ол біліммен қаруланған және жерін сүйетін жерге ор-
наластырушы-инженер мамандығын меңгерген жас оқытушыларды, түлек-мамандарды
тәрбиеледі. Оның өмір салты мен шығармашылық жолы –
өз өмірін ғылыми-
педагогикалық қызметке, ғылымға, жоғары оқу орнына және туған еліне аянбай еңбек
етуге арнағандардың барлығына үлгі.