Қазақстан республикасы ауылшаруашылығы министрлігі


Цeхтың cипаттамаcы және қолданылатын жабдықтар



бет6/11
Дата10.03.2023
өлшемі2 Mb.
#171713
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Елубай Балнұр Есеп

2.1 Цeхтың cипаттамажәне қолданылатын жабдықтар

Өсімдік майы эксперименттік-өндірістік цехы тeхникалық факультeттің аумағында жалпы ауданы 78 шаршы метрді құрайтын өcімдік майын алуға арналған нeгізгі жабдық oрнатылған жeкe үй-жайда oрналаcқан.Цехтың аумағында:



  • Қойма;

  • Шикізатты өңдеу және өнімді дайындау орны;

  • Өндірістік цех;

  • Жұмысшыларға арналған бөлмелер бар.

Өсімдік майы эксперименттік-өндірістік цехы жоғарғы сапалы тазартылған күнбағыс майын алуға,сонымен қатар күнбағыс, зығыр, рапс, соя, мақсары тұқымдарынан жақсартылған технология бойынша қайта өңдеуге негізделген. Студенттердің өндірістік тәжірибесінен өту және өсімдік майларын өндіру үшін, аталған майлы дақылдарды өңдеудің технологиялық схемасы жасалған.

Сурет 4 - Өсімдік майы эксперименттік-өндірістік цехының бас жоспары

Өсімдік майы эксперименттік-өндірістік цехында қолданылатын жабдықтар:



  • Қуырғыш

  • Май шығаратын пресс

  • Вакуумдық сүзгі

  • Гидратацияға арналған сыйымдылық

  • Бейтараптандыруға арналған сыйымдылық

  • Ағартуға арналған сыйымдылық

  • Дезодоризацияға арналған сыйымдылық

  • Бу генераторы

  • Бөтелкеге май құю машинасы

  • Жабу машинасы

Майлы дақылдардың және өсімдік майының сапасын талдауға арналған зертханалық құрал-жабдықтар:

  • Кептіру шкафы

  • Муфта пеші

  • Колориметр

  • Су моншасы

  • рН көрсеткіші

  • Ұсақтағыш

  • Техникалық таразылар

  • Дистиллятор

  • Магниттік араластырғыш.

6YL-80 май пресі. Пресс күнбағыс тұқымынан, соя, рапс, мақсары, зығыр және басқа да майлы дақылдардан майды тұрақты түрде алу үшін қолданылады.
Пресс келесі негізгі компоненттерден тұрады: рамка, электроқозғалтқыш, беріліс қорабы, бұрандалы білік пен конустық механизмі бар корпус, сыққыш қамерасы, қоректендіргіш. Пресс қоректендіргіші сыққыш камераға өнімді біркелкі беруге арналған, ол бұрандалы байланыстырғыштан, жетектен тұрады. Сыққыш камерада жұқа тақтайшадан жиналған, олардың арасында сығымдалған майды шығару үшін бос орындар бар. Сыққыш камераны жинау кезінде оның орналасуы арасында ажыратуда престелетін өнімді қопсытуға арналған пышақтар салынады. Білікті шнек, оған отырғызылған буындармен және аралық сақиналармен салынған, пресс корпусында орналасқан подшипниктерде айналады. Шнек буындары өнімді престеу және оны сыққыш цилиндрдің бойымен жылжыту үшін қызмет етеді. Шығаратын күнжараның қалыңдығын реттеу конустан, жалғастырушы төлкеден, муфтадан, маховиктің, төлкесінен және бағыттаушы төлкеден тұратын конустық механизммен жүргізіледі. Майды престеу учаскесі вакуумдық қатты сүзу жабдығын қамтиды.
Техникалық сипаттамасы:

  • Өнімділігі – 25-50 кг/сағ

  • Қуаты – 5,5 кВт

  • Жалпы өлшемдері – 1550х750х1300

  • Салмағы – 550 кг.

Жұмыс істеу принципі:

  1. Розетканы желіге қосамыз.

  2. Қыздыру түймесін қосамыз және оны 15-20 минуттан кейін өшіреміз.

  3. Пресстің ішіне ештеңе салмай 15-20 минутқа қосамыз.

  4. Кептіруден және қуырудан кейін майлы дақылдарды пресске саламыз. Престеуіште тұқымдардың сұйық және қатты фазасы үздіксіз механикалық бөлінеді. Материал өту кезінде сығынды камерасының және шекті білігінің арнайы конструкциясы арқасында пайда болған қысыммен жүзеге асырылады. Сақинаны реттей отырып, кіріс бөлімі кеңейеді немесе азаяды, бұл күнжараның қабығының қалыңдығын басқарады.

  5. Жұмыстың соңында күнжараның қалдықтары толығымен шығу үшін бос тұрған пресс 15-20 минут жұмыс істейді.

  6. Прессті желіден ажыратамыз.



Сурет 5 - 6YL-80 май пресі.


Құю және жабу машинасы. Жұмыс істеу тәртібі оператор тығындалатын ыдыстың аузын жабады, тығындау позициясына сыйымды орнатады, тығындауға бастиегін тигізеді. Ауа қысқышы иінтіректі басу немесе тірек тығын тіреуге дейін бұралады және тығын бақылау сақинасы ыдыстың аузында бекітіледі.


Техникалық сипаттамасы:

  • Өнімділігі – 900 дана/сағ

  • Электрмен жабдықтау – 220В,50Гц, 200Вт

  • Ауа шығымы - 25 л/мин

  • Габариттік өлшемдері – 480х480х1350

  • Қызмет көрсетуші – 1 адам.



Сурет 6 - Құю және жабу машиналары






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет