Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы



Pdf көрінісі
бет46/54
Дата24.12.2021
өлшемі0,73 Mb.
#128491
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   54
Байланысты:
Ксеубаева Л.А. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫЛЫҒЫН...

-
 
девиантты мiнез-құлықты кәмелетке толмағандарды, тұрмысы қолайсыз 
отбасыларын  анықтауға,  оларды  iшкi  iстер  органдарында  есепке  алуға  және 
олармен жеке профилактикасы шаралары жүргiзуге қатысады;  
-
 
жалпы бiлiм беретiн оқу орындарында қол жетерлiк спорт секцияларын, 
техникалық және өзге де үйiрмелер, клубтар ұйымдастыруды қамтамасыз етедi 
және оларға кәмелетке толмағандарды тартады; 
-
 
пробация  қызметі  әзірлеген  әлеуметтік-құқықтық  көмек  көрсетудің 
жеке  бағдарламасына  сәйкес  пробация  қызметінің  есебінде  тұрған  кәмелетке 
толмағандарға орта білім алуға көмек көрсетеді» [12]. 
Зерттеулер  көрсеткендей,  кәмелетке  толмаған  қылмыскерлердің  ата-
аналары  үшін  әдеттегі  мәдениеттің  төмендігі,  педагогикалық  сауатсыздық, 
өзімшілдік  және  ашкөздік  тән.  Мұндай  отбасыларда  жиі  балалар  зорлық-
зомбылыққа, қатыгездікке ұшырайды. Осыған байланысты кәмелетке толмаған 
баланың отбасында алдын алу шараларының жүйесі маңызды мәнге ие болады, 
оны  барлық  аспектілерде  зерделеу  қажет.  Сонымен  қатар,  психология  және 
психиатрия  саласындағы  жұмыс  тәжірибесін  ескеру,  басқа  білім  саласынан 
алынған  мәліметтерді,  сондай-ақ  ішкі  істер  органдарының  тәжірибесін 
пайдалану қажет.
 
Кәмелетке  толмағандарды  қылмыстық  әрекетке  тартатын  ересек 
адамдарды  анықтау  бойынша  іс-әрекеттің  ерекше  маңыздылығын  атап  өту 
қажет.  Оларды  дер  кезінде  анықтау  дайындалып  жатқан  қылмыстың  алдын 


 
 
81
 
 
 
 
 
алуға немесе қылмыстық әрекеттің жолын кесуге мүмкіндік береді. Қылмыстық 
әлем жасаған қылмыстық романтиканы бұзу маңызды.  
 
Құқық  бұзушылықтың  алдын  алу  мәселесі  құқық  тәртібін  нығайту  және 
қоғам  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  бойынша  мемлекеттік  саясаттың  басым 
бағыттарының бірі болып табылады. 
Профилактикалық  жұмыс  қылмыстық  бейімділіктің  пайда  болуы  мен 
өсуіне  әсер  етеді.  Сондықтан  құқық  бұзушылықты  азайту  осы  жұмыстың 
тиімділігіне тікелей байланысты.  
Кәмелетке  толмағандар  қылмыстылығының  профилактикасы    ішкі  істер 
органдары қызметіндегі маңызды бағыты  болып саналады.  
Кәмелетке  толмағандарға  қатысты  тергеулік  алдын  алудың  топтық         
қарым-қатынас  және  топтық құқық бұзушылыққа  көп  бейімділігінен  шығатын 
белгілі бір ерекшеліктері бар. 
Кәмелетке  толмағандар  жасаған  қылмыстылықты  тергеу  ІІМ  құзіретіне 
жатады, ол яғни жасалған құқық бұзушылықты анықтау мен тексеру жөніндегі 
күшті  бір  ғана  ведомствоның  шеңберінде  шоғырландыруды  ғана  мақсат  етіп 
қоймайды,  сондай-ақ  олардың  алдын  алу  жұмыстарын  белсендендіре  түседі. 
Осы  мемлекеттік  маңызы  бар  міндетті  шешу  көбіне  ішкі  істер  органының 
тергеушілері  алдын  алу  шараларын  жүзеге  асыру  әдістемесін  қаншалықты 
игергеніне, 
ішкі 
істер 
органдары 
қызметінің 
барлығының 
өзара 
ықпалдастығының нақтылығына байланысты. 
Жоғарыда  айтылғандай,  кәмелетке  толмағандардың  қылмыс  жасауының 
негізгі  себептерінің  бірі  –  маскүнемдік.  Бірақ,  кәмелетке  толмағандар 
масаңдану  жағдайында  жасаған  қылмыстар  туралы  істерді  тергегенде, 
тергеушілер кәмелетке толмағандардың спиртті ішімдіктерді пайдалануға және 
оларды  ішімдік  ішуге  тартқан  үлкендердің  рөліне  байланысты  жағдайлар 
әрдайым көңіл аудара бермейді.  
Кәмелетке  толмаған  соның  әрекеттік  тәуелділігінде  болған,  кәмелетке 
толмағанды  масаңдық  жағдайға  дейін  жеткізген  тұлғаны  соттаудың  бірде  бір 
жағдайы болмағанын атап өткен маңызды. Кейде жекелей тергеушілер алғашқы 
материалдарды терең зерттемей, шағын құқық бұзушылықтар үшін іс қозғайды 
немесе  жасаған  әрекетінің  сипаты  бойынша  және  кінәлі  жасөспірімнің  жеке 
тұлғасын есепке ала отырып, қылмыстық жаза қолданбай жасөспірімнің түзеліп 
кетіп жатқан оқиғалары да кездеседі.  
ҚР  ІІМ  жарлықтарына  сәйкес  ішкі  істер  органдарының  кәмелетке 
толмағандармен  жұмыс  істейтін  тергеушілерімен,  қылмыстық  іздестіру 
органдарының  қызметкерлерімен және кәмелетке толмағандар істері бойынша 
инспекциямен  қызметтік  дайындық  жүйесіндегі  сабақтарда  кәмелетке 
толмағандардың  қылмыстары,  оларды  қылмыстылық  және  өзге  де  қоғамға 


 
 
82
 
 
 
 
 
қарсы әрекетке тартуды  анықтау және тексеру туралы әдістемелер мен тәсілдер 
ұйымдастырылды [51]. 
Ересек адамдарме  бірігіп топта қылмыс жасаған кәмелетке толмағанның 
одан кейінгі тағдырына көңіл аудару қажет, бұл онымен жүргізілетін тәрбиелік 
жұмыстың  сапасын  арттырады  және  сонымен  бірге  оның  тарапынан  болатын 
жаңа  қылмыстардың  алдын  алады,  оның  түзетілуі  мен  қайта  тәрбиеленуімен 
айналысатын  мемлекеттік  органдар  мен  қоғамдық  ұйымдар  қызметінің 
тиімділігін арттырады.  
Қылмыстық-процессуалдық  заң  тергеушіні,  анықтау  органдарын, 
прокурорды және сотты тергеу және соттық істі қарау үрдісінде қылмыстылық 
жасауға  мүмкіндік  берген  себептер  мен  жағдайларды  анықтап,  оларды  жоюға 
шаралар қолдануға міндеттейді.Осындайлардың негізгілерінің бірі – кәсіпорын, 
мекеме  мен  ұйымдардың  басшыларына  тергеу  барысында  анықталған 
қылмыстылық жасауға мүмкіндік беретін себептер мен жағдайларды жою үшін 
шаралар  қабылдау  туралы  ұйғарым  жіберу.  Алдын  алу  қызметінің  осындай 
түрін тергеушілер кәмелетке толмағандар істері бойынша да қолданып жүр.  
Республиканың  барлық    облыстарын  алынған      кәмелетке    толмағандар  
жасаған  қылмыстылықтар   туралы   істер  бойынша алынған   200-ден   астам 
ұсынысты    зерттегенде,    кең    тараған    кемшіліктердің      бірі,    тергеуші    өз  
ұсынысында      кәмелетке    толмаған    жасаған    қылмыстылық    туралы    ғана 
айтады  және      қылмыс    жасауға    себепкер    болған    нақты  себептер    мен  
жағдайлар  туралы  айтпайтындығы.   
Ұсынысты  зерттеу  кезінде    кәмелетке  толмағанның    қылмыстылық  
жасауға итерген   себептердің бірі  үлкендер  жағынан болған  арандатушы лық  
болып  табылатындығына  көз  жеткіздік.  Ұсыныстардың  бірқатарынан  
жасөспірім қылмысты  үлкендер тобымен бірлесіп немесе  жасөспірім қылмыс 
жасауға  «дайын  болған»  кезде  (ата-анасының  маскүнемдігі,  жасы  үлкен 
туыстары  жасөспірімді  кемсіткенде,  төмендеткенде  т.с.с),  үлкендер  қылмыс 
жасауға  жағдай    дайындаған    кезде    жасағанын  көреміз.  Бірақ  тергеушілер  өз 
ұсыныстарында  кәмелетке  толмағанның  құқық  бұзуына  мүмкіндік  жасаған 
жағдайды  толық  көлемде  көрсетпейді,  ал  бұл  болса  өндірістің,  мекеменің, 
ұйымның  басшыларына  олардың  себептері  мен  жағдайларын  толық  жоюда 
қиындық туғызады.  
Кәмелетке  толмағандар  қылмыстылығын  тергеуді  тиісті  деңгейде 
ұйымдастыру,  жасалған  қылмыстарды    жан-жақты,  объективті ашудың,  алдын 
алу  шараларының  дер  кезінде  қолданылуының  маңызды  шарты  болып 
табылады.  Сонымен  қатар,  бақылаусыздықпен  күрес  және  кәмелетке 
толмағандар  арасындағы  құқық  бұзушылықтардың  алдын  алуда  ішкі  істер 
органындағы кәмелетке толмағандар  істері бойынша инспекцияға маңызды рөл 


 
 
83
 
 
 
 
 
берілген,  олар  жүйелі,  бағытты  алдын  алу  қызметін  ұйым  дастырып,  жүргізіп 
отырады.  
Кәмелетке  толмағандар    істері  бойынша  инспекция  кәмелетке 
толмағандар  арасындағы  қылмыстылықтар  мен  құқық  бұзушылықтардың 
ескерту  бойынша,  кәмелетке  толмағандардың  құқықтарын,  мүдделерін, 
бостандықтарын  қылмыстық  озбырлықтан  қорғау  міндеттер  атқара  отырып, 
келесі шараларды жүзеге асырады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет