-
кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарды ескерту
мәселелері туралы жүйелі түрде халық алдына шығып, оқу орындарында,
баспасөзден, радиодан, теледидардан сөз сөйлеу [35]
Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарын ескертудің әрекет
ететін шараларының бірі – бұл ішкі істер органына кәмелетке толмағандардың
қоғамға қарсы бағыттағы әрекетпен айналысатын тұлғалармен байланыс
туралы дерегі белгілі болса, онда жасөспірімнің ата-анасын дер кезінде
шақыру. Осы кезде ата-анасына (оның орнындағы тұлғаларға) кәмелетке
толмағандардың басқа тұлғалармен бірлесіп жасаған, адамгершіліктен тыс
әрекеттерге қатысуы туралы деректердің барлығын жеткізеді, оның артынан
болатын зардаптарын түсіндіреді.
Қылмыстық істерді зерттеу көрсеткендей қоғамға қарсы өмір сүріп
жатқан кәмелетке толмағандар қылмыстылық әрекетке жиі тартылады. Осыған
байланысты кәмелетке толмағандар істері бойынша инспекция қызметкерлері
84
кәмелетке толмағандардың осы тобын тұрақты негізде бақылап тұрулары
қажет.
Соңғы жылдары ішкі істер органының кәмелетке толмағандар істері
жөніндегі инспекциясы кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарын
ескерту бойынша жұмысты біршама белсенділендіргеніне қарамастан, олардың
қызметінде бірқатар кемшіліктер де кездеседі. Бұл ең алдымен түзелген құқық
бұзушы-кәмелетке толмағандардың кейбірін есептен шығару, сондай-ақ алдын
алу есебінде тұрған кәмелетке толмағандармен жекелей жұмыстың жеткілікті
ұйымдастырылмауы.
Қазақстан Республикасының тәрбиелеу колонияларындағы сотталған
кәмелетке толмағандардың жүзден аса жеке істерін зерттеуде, олардың 15%
кәмелетке толмағандар істері бойынша инспекцияда есепте тұрған, бірақ оған
қарамастан, қайта қылмыс жасағанын көрсеткен болатын.
Кәмелетке толмағандарға теріс ықпал ететін ата-аналары мен олардың
орнындағы тұлғаларды анықтау мен оларды есепке алу бойынша жұмысты
ұйымдастыру одан әрі жақсартуды талап етеді. Осы мақсатта медициналық
айықтырғыштың,
психоневрологиялық
диспансер
мен
наркологиялық
бөлмелердің мәліметтері толық көлемде пайдаланылмай отыр.
Кәмелетке толмағандардың ата-анасы еңбек ететін ұйымдармен және
кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекция қызметкерлерімен
арасындағы өзара ақпарат алмасу үрдісі де жетілдіруді талап етеді. Тәжірибеде
бұл бір жақты өтуде. Инспекция қызметкерлері балаларына теріс ықпал
көрсетіп отырған ата-аналар, олардың тұрмыстағы азғындық тәртібі туралы
ақпаратты, олар жұмыс істейтін кәсіпорындарға жібереді. Бірақ инспекция
әрбір екінші-үшінші оқиғада қабылданған шара туралы туралы жауап ақпарат
алмайды. Бұл кәмелетке толмағандарге үлкендердің теріс ықпалының алдын
алу бойынша жұмысты ұйымдастыруда кедергілер келтіреді.
Құқық қорғау органдары уақытында, заңға толық сәйкес, қоғамдық
тәртіпті бұзатын, тұрақсыз азаматтарды, әсіресе кәмелетке толмағандарды,
қылмыстылық немесе қоғамға қарсы әрекетке тартатын тұлғаларға ықпал
етудің бекітілген шараларын қолдану қажет.
Кәмелетке толмағандар қылмыстылығымен күресуді жүзеге асыратын
криминологиялық алдын алуың әртүрлі субъектілерінің ішінде ішкі істер
органы ерекше орын алады.
Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының алдын алу ішкі істер
органдары қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып саналады.
Кәмел
етке
толмағандардың
қылмыстылығының
алдын
алуды
мемлекеттік органдар, мекемелер, қоғамдық ұйымдар жүзеге асыратын,
кәмелетке толмағандар тарапынан жасалған қылмыстылыққа мүмкіндік берген
жағдайларды анықтау мен жоюға бағытталған және белгілі бір қылмыстекті
85
факторлар мен жекелей тұлғаларға ықпал етудің шараларын жасайтын ескерту
шараларының жиынтығы деп атауға болады.
Бүгінгі күні ІІМ жүйесіндегі барлық қызме
ттер мен бөлімшелер белгілі
бір көлемде кәмелетке толмағандар қылмыстылығының алдын алу шараларын
жүзеге асырып отыр.
Атап айтқанда, қылмыстарды ашу мен алдын алуға бағытталған
қылмыстық іздестіру бөлімшелері негізгі қызметтерімен қатар, кәмелетке
толмағандардың қылмыстығын ескертуді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ,
кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының алдын алумен қоғамдық
тәртіпті сақтау бөлімшелері, кәмелетке толмағандарды қабылдау-бөлу
орындары, миграциялық полиция, Жол полиция басқармасы, кәмелетке
толмағандарға арналған тәрбие колониялары т.б. Кәмелетке толмағандар
арасындағы қылмыстылықтың алдын алуда маңызды орынды ІІМ тергеу
аппараты, кәмелетке толмағандардың істері бойынша инспекция, бөлімшелік
өкілетті милиция алады.
Кәмелетке жасқа толмағандарға қатысты тергеулік алдын алудың топтық
қарым-қатынас және топтық құқық бұзушылыққа көп бейімділігінен шығатын
белгілі бір ерекшеліктері бар. Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстылықты
тергеу ІІМ құзіретіне жатады, ол яғни жасалған құқық бұзушылықты анықтау
мен тексеру жөніндегі күшті бір ғана ведомствоның шеңберінде
шоғырландыруды ғана мақсат етіп қоймайды, сондай-ақ олардың алдын алу
жұмыстарын белсендендіре түседі. Осы мемлекеттік маңызы бар міндетті шешу
көбіне ішкі істер органының тергеушілері алдын алу шараларын жүзеге асыру
әдістемесін қаншалықты игергеніне, ішкі істер органдары қызметінің
барлығының өзара ықпалдастығының нақтылығына байланысты.
Ішкі істер органдарындағы қарастырылып отырған қылмыстылық
істердің көбісін кәмелетке толмағандар қылмыстылықтары туралы істер
құрайды. Кәмелетке толмағандардың қылмыстылық жасауына мүмкіндік
беретін себептер мен жағдайларды ашқанда, тергеуші кәмелетке толмағанның
жағдайы мен тәрбиесіне, оның жеке тұлғасы мен қоршаған ортасына, мінез-
құлықтарының ерекшеліктеріне баса көңіл бөлген дұрыс.
Ғалымдар зерттеуіне сүйенсек, кәмелетке толмағандар соның әрекеттік
тәуелділігінде болған, кәмелетке толмаған адамды масаңдық жағдайына дейін
жеткізген адамды соттаудың жағдайлары болмағанның қасы екенін атап өткені
маңызды. Кей кездерде жеке тергеушілер алғашқы материалдарды терең
зерттемей, ұсақ құқық бұзушылықтар үшін іс қозғайды немесе жасаған
әрекетінің сипаты бойынша және кінәлінің жеке тұлғасын есепке ала отырып,
қылмыстық жаза қолданбай кәмелетке толмағанның түзеліп кеткен оқиғалары
да кездесіп жатады.
86
Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығын ескертудің әрекет ететін
тағы шаралары ретінде ішкі істер органына кәмелетке толмағанның қоғамға
қарсы бағытта әрекет ететін тұлғалармен байланыс туралы дерек белгілі болса,
онда кәмелетке толмағанның ата-анасын дер кезінде шақыру. Осы кезде ата-
анасына (немесе оның орнындағы тұлғаларға) кәмелетке толмағандардың басқа
тұлғалармен бірлесіп, адамгершілікке жатпайтын әрекеттерге қатысуы туралы
дерегінің барлығын жеткізеді, оның болуы мүмкін зардаптарын түсіндіреді.
Кәмелетке толмағандарға жеке тұлғалардың теріс ықпалын, олармен кездесуін
бейтараптандыру мақсатындаолармен психологиялық тұрғыдағы әңгімелер
өткізе білу керек.
Ішкі істер органдары мен басқа да құқық қорғау органдарынан
уақытында, заңға толық сәйкес, қоғамдық тәртіпті бұзатын, тұрақсыз
азаматтарды, әсіресе кәмелетке толмағандарды, қылмыстылық немесе қоғамға
қарсы әрекетке тартатын тұлғаларға ықпал етудің бекітілген шараларын
қолдану талап етіледі.
Ведомствоаралық
өзара
іс-қимылдың
жеткіліксіздігі
кәмелетке
толмағандар арасындағы қылмыстың өсуінің маңызды факторларының бірі
болып табылады.
Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының алдын алу
жүйесімен Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау
жөніндегі комиссиялар, мемлекеттік билік органдары, білім беру саласындағы
органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, қорғаншы және қамқоршы
органдар, жастар ісі жөніндегі органдар, денсаулық сақтауды басқару
органдары, жұмыспен қамту қызметі, құқық қорғау органдары айналысады. Бұл
дегеніміз, кәмелетке толмағандар құқұқы бұзушылықтарының алдын алу
бойынша тиімді жұмысты ұйымдастыру үшін жоғарыда көрсетілген барлық
органдардың өзара іс-қимылы қажет. Қазіргі уақытта кәмелетке толмағандар
қылмысының алдын алудың дәстүрлі қылмыстық-құқықтық шаралары
әлеуметтік реформалардың кең стратегиясымен және қылмысқа қарсы күрес
саласындағы әлеуметтік өзгертулермен үйлеспегенше жағдайлық сипатқа ие
болады.
Әлеуметтік зерттеулерді, сондай-ақ сарапшылардың пікірлерін ескере
отырып, кәмелетке толмағандармен жұмыс істеу бойынша алдын алу іс-
шараларын негізінен ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері
бойынша инпекциялар жүргізетіні туралы қорытынды жасалды, тиісінше
барлық алдын алу шаралары бірнеше рет - репрессивті сипатта
(жауапкершілікке тарту, айыппұл салу және т.б.).
Құқық бұзушылық жасауға бейім кәмелетке толмағандармен әлеуметтік-
педагогикалық спектрдің мамандары жұмыс істеген жөн. Бүгінгі күні,
кәмелетке толмағандардың қылмыстылығын алдын алумен айналысатын
87
мамандар тапшылығы мәселесі бар. Сарапшылардың сұрау салуының
нәтижесінде респонденттердің 80%-ы еңбекақының төмендігін, уәждеменің
жоқтығын, мүдделі, перспективасы жоқтығын атап өтті.
Бұдан басқа, ҚР ІІМ статистикалық мәліметтеріне сәйкес ювеналдық
полиция бөлімшелерінің штат саны 3238 бірлікті құрайды, оның ішінде 125
бірлік - аппараты, 924 бірлік – КІІІО және 2176 бірлік – мектеп инспекторлары.
Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі 924 учаскелік полиция инспекторлары
бар, оның ішінде 561 – қалада, 363 – ауылдық жерлерде. Қосымша тағы 229
бірлік қажет [51].
Жоғарыда
аталған
ұсынымдар,
әрине,
кәмелетке
толмағандар
делинквентті жалпы профилактикасының тиімділігіне оң әсер етеді, алайда
арнайы ескерту шаралары жүйесіне өзгерістер енгізу қажеттілігі туындады.
1. Ішкі істер органдарының құрылымында ювеналдық әділет институтын
немесе ювеналдық полиция бөлімдерін құру оң әсер етуі мүмкін. Олардың
қызметі бастапқыда алдын ала әлеуметтік бақылау субъектілерінің
ведомствоаралық
бытыраңқылығын
кәмелетке
толмағандардың
қылмыстылығының алдын алуды ұйымдастыру және үйлестіру арқылы
еңсеруге бағытталуы тиіс.
2. Сондай-ақ, Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімше
қызметкерлерінің штаттық санын арттыру, оларды қызметтік көлікпен немесе
жол жүру билеттерімен қамтамасыз ету көбінесе олардың құқық бұзушы
жасөспірімдермен және қолайсыз отбасылармен жұмысын жеңілдетеді және
анағұрлым пәрменді етеді.
3. Кәмелетке толмағандарға арналған мамандандырылған соттарды құру
әрбір құқық бұзушыға жеке көзқарасты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
4. Қылмыстың алдын алудың тиімділігін барлық мекемелерде
криминология, Әлеуметтану, Психология, Педагогика және медицина
саласында даярлығы бар әлеуметтік педагогтар мен превентивті психологтар
лауазымдарының алдын ала әлеуметтік бақылау жүйесінде оларды үнемі қайта
аттестаттай отырып, оларды енгізу мүмкін.
5. Сонымен қатар, кәмелетке толмаған қылмыскерлерді қайта
тәрбиелеумен
айналысатын
арнайы
мекемелер
қызметкерлерінің
психологиялық тренингінің ойластырылған жүйесі қажет.
6. Кәмелетке толмағандар қылмысының дамуына криминогендік
бағыттағы кәмелетке толмаған құқық бұзушыларды арнаулы жабық
мекемелерге оқшаулау кедергі бола алады, өйткені оларға жалпы қабылданған
алдын алу шараларын қолдану оң нәтижелер бермейді.
Кәмелетке толмағандар қылмысының алдын алу жөніндегі іс-шараларды
қаржыландыруға арналған мемлекеттік шығыстарды қысқарту бөлігінде
бюджеттен тыс ресурстарды, атап айтқанда ұлттық және интернационалдық
88
үкіметтік емес ұйымдар, қорлар, ассоциациялар қаражаты есебінен
қаржыландырудыжүзеге асыру ұсынылады және ол бойынша «Кәмелетке
толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен
балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы»
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі №591 Заңына, Қазақстан
Республикасы Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі «Қазақстан
2020: кемеліне жол» тұжырымдамасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2013 жылғы 27 ақпандағы №191 қаулысына және т. б. тиісті өзгерістер
нормативтік актілерге өзгеріс енгізу қажет деп санаймыз.
Қорыта айтқанда, кәмелетке толмағандардың қылмыстылығын алдын
алудың нәтижелілігі бүгінгі күні арнайы және арнайы емес органдар қызметінің
өзара байланысына тікелей байланысты.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының алдын алу жөніндегі
қылмыстық-құқықтық және психологиялық-педагогикалық сипаттағы іс-
шаралар
кешенінің
қажеттілігін
жоққа
шығармай,
онымен
күрес
профилактикалық қызметті де, құқық қорғау іс-шараларына де ықпал ете
алмайды, ал әлеуметтік саясаттың кең кешенінде қаралуы тиіс.
Осы орайда, кәмелетке толмағандар қылмыстылығының алдын алатын
барлық субъектілер қызметін ұйымдастыру проблемасын шешу, күн тәртібіне
қой
ып,оларды шешудің жаңа тәсілдерін жасау қажеттілігі туындап отыр.
Қорыта келгенде, келесідей тұжырым жасауға болады:
1.
Қолданыстағы алдын алу шараларының жүйесі ойдағыдай тиімді
болмай тұр, осыған байланысты кәмелетке толмағандарға қатысты жоғарыда
аталған алдын алу шараларының тиімділігін арттыру үшін әлеуметтік-
экономикалық және саяси-құқықтық, мәдени-сауықтыру, психологиялық-
педагогикалық шараларды іске асыруды көздейтін кешенді бағдарлама жасау
қажеттілігі туындап отыр.
2.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығын мейлінше азайту үшін
оның профилактикасының жалпы, арнаулы және жеке дара алдын алу
шараларын белгілеп алып, оларды іске асыруды құқық қорғау және басқа да
уәкілетті органдармен жүйелі орындалуын қадағалау. Алайда, аталған алдын
алу шараларын ақпараттық, ұйымдық, талдамалық, кешенді және мақсатты
бағдарламалық қамтамасыз бағытында жетілдіру қажет.
3.
Сонымен бірге, кәмелетке толмағандардың қылмыстылығымен күресте
мемлекетттік саясатты күшейтіп, жалпы әлеуметтік шараларға: кәмелетке
толмағандарға, әсіресе аз қамтылған отбасындағы балаларға қамқорлық
көрсету, оқу-тәрбие жұмыстарының сапасын жақсарту, оларды тәрбиелеп
оқыту, отбастарынаәлеуметтік көмек көрсету, олардың құқықтық санасын
көтеру сияқты кешенді шараларды қамтуы керек.
89
Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының жалпы әлеуметтік алдын
алуының негізгі бағыттары: отбасындағы қолайсыздықтардан туындаған
жоғалтулардың орнын мемлекеттік және қоғамдық институттардың қызметі
арқылы толықтыру және кәмелетке толмағандарды дұрыс бағытта тәрбиеленіп,
қалыптасуы үшін қолайлы жағдайлар жасау.
Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының арнайы-криминологиялық
алдын алудың басым бағыттары: кәмелетке толмағандар құқық бұзушыларды
анықтау және оларға тиімді әсер ету шараларын белгілеу, алдын алу шараларын
жоспарлау және қамқоршылық, қайырымдылық ұйымдары арқылы қылмыстық
құқық бұзушылықтар үшін сотталған кәмелетке толмағандарға әлеуметтік
көмек көрсету, оларды жұмысқа орналастыру, кәмелетке толмағандар
қылмыстылығын болдырмау мақсатында бас бостандығынан айыру түріндегі
жазаны қатаңдату арқылы емес, шартты түрде соттау институтын пайдаланып,
кәмелетке толмағандардың түзелуіне барынша жағдайлар жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |