Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы



Pdf көрінісі
бет50/54
Дата24.12.2021
өлшемі0,73 Mb.
#128491
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54
Байланысты:
Ксеубаева Л.А. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫЛЫҒЫН...
7 Б тізім жұмыспен, Балауса МАД адистемелик Баян, Лингвоконцептология диплом, 7 сынып 4 токсан бжб, test elektrotehnika
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
 
90
 
 
 
 
 
ҚОРЫТЫНДЫ 
 
Диссертациялық  зерттеу  тақырыбына  арқау  болған  кәмелетке 
толмағандардың 
қылмыстылығын 
 
криминологиялық 
көрсеткіштерін, 
кәмелетке  толмаған  қылмыскердің  жеке  басын  және  оның  қылмыстылығына 
себепші факторлар кешенін талдау, кәмелетке толмағандар қылмыстылығының 
заңнама бойынша  алдын алу мәселелері жан-жақты зерделенді.  
Бүгінгі  таңда  құқық  бұзушы  кәмелетке  толмаған  әдетте,      қолайсыз 
отбасыларда  тұрады,  мектеп  сабақтарын  жиі  өткізеді,  ал  кейбіреулері  оқуды 
мүлдем  тоқтатқан,  олардың  кейде  психикалық  және  дене  саулығында 
ауытқулары  бар  тұлға.  Сондықтан,  алдын  алу  қызметінде  жетекші  рөл 
заңнамалық  жүйені  қатаңдатудан  гөрі,  әлеуметтік  институттардың  пәрменді 
жұмыс  істеуіне  берілуі  тиіс.  Бұл  ретте,  біздің  ойымызша,  кәмелетке 
толлмағандардың  құқық  қорғау  тәртібін  қалыптастыру  бойынша  ең  үлкен 
жауапкершілік жүктелетін негізгі институт отбасы болып табылады. 
Еліміздегі  әлеуметтік-экономикалық  жүйені  түбегейлі  реформалау 
жағдайында  отбасының  әлеуетті  мүмкіндіктері,  оның  өміршеңдігі,  құндылық 
бағдарлары мен әлеуметтік ұстанымдары, балаларға білім беру мен тәрбиелеуге 
көзқарасы  күрделі  өзгерістерге  ұшырайды,  бұл  көбінесе  бейімделу 
мүмкіндіктерімен  және  жаңа  жағдайларға  бейімделудің  табыстылығымен 
байланысты.  Отбасының  төмен  бейімделу  мүмкіндіктері  қадағалаусыздық 
сияқты құбылыстың таралуына ықпал етеді.  
Сонымен  қатар,    балалардың  мінез-құлқына  ата-аналардың  формальды 
бақылауының  әлсіреуі  туралы  ғана  емес,  отбасының  қалыптасқан 
микроклиматы,  ата-аналарға  өзінің  тәрбие  функцияларына  қатысты  елеулі 
ақаулар,  балалардың  әлеуметтік  жауапсыздығы,  олардың  тағдырына 
немқұрайлығы  немесе  балалар  үшін  де  осы  функцияларды  толыққанды 
орындаудың  мүмкін  еместігі  туралы  болып  отыр.  Сондықтан  аса  қауіпті 
жағдайда қалған отбасыларда әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі мемлекеттік 
және мемлекеттік емес мекемелердің барлық күш-жігері шоғырлануы тиіс. 
Нәтижесінде келесідей тұжыр

ымдар мен ұсыны

стар жасалды: 
1.
 
 Кәмелетке  толмағандардың  қылмыс  жасауына  итермелейтін  негізгі 
факторлар қатарына жанұя  тәрбиесінің  дұрыс еместігі, ата-аналардың құқыққа 
жат және әдепсіз өмір салты,маскүнемдік жатады.  
2.
 
 Кәмелетке  толмағандар  құқық  бұзушылықтарының  құрылымында 
көбінесе мүліктік сипатындағықылмыстар (шамамен 90%)басым болып келеді. 
Бұл тұрғыдан алғанда, қылмыс жасаған кәмелетке толмағанның сұранымы мен 
мүддесінде тек материалдық-заттық сипат қана бар, ол кәмелетке толмағанның  
әлеуметтік  және  рухани  ой-өрісінің  онша  дамымағанымен  байланысты  болып 


 
 
91
 
 
 
 
 
келеді.  Қылмысқа  барған  балалар  басқа  кәмелетке  толмағандарға  қарағанда, 
көбіне материалдық қиыншылыққа тап болғандар болып табылады.  
3.
 
 Кәмелетке  толмағандар  контингентінің  көбі  мектеп  немесе  арнаулы 
орта,  жоғары  оқу  орындарының  білім  алушылары  болып  келеді.  Сондықтан 
кәмелетке  толмағандардың  қылмыстары  профилактикасының  тиімділігін 
арттыру  мен  алдын  алу  субъектілерінің  жұмыстарын  жақсарту,  кәмелетке 
толмағандар қылмыстылығын алдын алу тетіктерін жетілдіру мақсатында Ішкі 
істер  министрлігі    мен  Білім  жә

не  ғылым  министрлігі  бірлесіп  оқу 
орындарының  жүйесінде  кәмелетке  толмағандар  және  жастар  арасында 
криминологиялық  сақтандырумен  айналысатын  мамандар  даярлайтын  арнайы 
курстар ашып, әдістемелік ұсынымдар дайындау. 
 
4.
 
 Кәмелетке  толмағандар  қылмыстылығының  жалпы  алдын  алудың 
негізгі бағыттарына келесілерді жатқызу қажет:  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет