Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының 2016 жылғы
15 қарашадағы № 172 бұйрығы
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының кейбір
бұйрықтарына өзгерістер мен
толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрықтарын өзектілендіру мақсатында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры:
осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің қазақша және орыс тілдеріндегі бір данасын қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары И.Д. Меркельге жүктелсін.
Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры Ж. Асанов
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2016 жылғы «15» қарашадағы
№ 172 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
«Прокуратура органдары жүзеге асыратын міндеттерді атқару үшiн кажетті және жеткiлiктi дербес деректердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2013 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 101 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 8808 санымен тіркелген, 2013 жылғы 26 қазандағы
№ 240 (28179) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған):
2 - тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелеріне, Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына, Бас әскери және көлік прокуратураларына, облыс, Астана, Алматы қалаларының прокуратураларына, Комитеттің аумақтық органдарына мәлімет үшiн жолдасын.».
«Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдардың қолдануын, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 85 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 9773 санымен тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 10 қазанда жарияланған):
2 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының құрылымдық бөлімшелерінің, Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің басшылары таныстырылып, көшірмесі Бас әскери және көлік прокурорларына, облыс, Астана, Алматы қалаларының прокурорларына орындау үшін жолдансын.».
«Жазаны орындау, арнайы мекемелерде адамдарды ұстау және бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарға бақылау жүргізу кезінде заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының
2015 жылғы 6 қаңтардағы № 7 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 10202 санымен тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 27 ақпанда және 2015 жылғы
16 сәуірдегі № 69 (28547) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жазаны орындау, арнайы мекемелерде адамдарды ұстау және бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарға бақылау жүргізу кезінде заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:
70 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«70. Департамент пен облыс прокурорлары Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясымен, басқа да жоғары оқу орындарымен, ғылыми мекемелермен, ғалым-заңгерлермен қолданыстағы заңнамаларды жетілдіру бойынша өзара іс-әрекетті жүзеге асырады.».
«Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына Оқуға қабылдау ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 13 тамыздағы № 101 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 12000 санымен тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 8 қыркүйекте және
2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 172 (28650) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына оқуға қабылдау ережелерінде:
10 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Жинақтау органдарының кадр бөлімдері Академияның магистратурасына оқуға түсетін үміткерлердің келесі құжаттарын жолдайды:
осы Ереженің 1 - қосымшасына сәйкес нысан бойынша Академия ректорының атына баянат;
жоғары білімі туралы құжат көшірмесі;
осы Ереженің 20 - тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша шет тілінен тест тапсырғаны туралы сертификатының (олар бар болған жағдайда) көшірмесі;
3х4 сантиметр мөлшеріндегі алты фотосурет;
жеке басты куәландыратын құжат көшірмесі;
ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстарының тізімі (олар бар болған жағдайда);
соңғы қызмет кезеңі бойынша аттестациялық парақ;
магистратураны аяқтағаннан кейін қызметкердің тағайындалуы мүмкін лауазымы көрсетілген оқуға жіберу жолдамасы туралы іріктеу комиссиясы хаттамасының көшірмесі;
кадрларды тіркеу бойынша жеке парақ;
шет тілі бойынша тестілеу өту үшін төлемақы түбіртегінің түпнұсқасы.»;
11 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Жинақтау органдарының кадр бөлімдері Академияның докторантурасына оқуға түсетін үміткерлердің келесі құжаттарын жолдайды:
осы Ереженің 1 - қосымшасына сәйкес нысан бойынша Академия ректорының атына баянат;
жоғары немесе жоғары білімінен кейінгі білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
осы ереженің 20 - тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша шет тілінен тест тапсырғаны туралы сертификатының (олар бар болған жағдайда) көшірмесі;
3х4 сантиметр мөлшеріндегі алты фотосурет;
жеке басты куәландыратын құжат көшірмесі;
ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстарының тізімі (олар бар болған жағдайда);
соңғы қызмет кезеңі бойынша аттестациялық парақ;
докторантураны аяқтағаннан кейін қызметкердің тағайындалуы мүмкін лауазымы көрсетілген оқуға жіберу жолдамасы туралы іріктеу комиссиясы хаттамасының көшірмесі;
кадрларды тіркеу бойынша жеке парақ;
осы Ереженің 2 - қосымшасына сәйкес нысан бойынша болжанатын отандық немесе шетелдік ғылыми кеңесшімен келісіліп жоспарланатын диссертациялық зерттеудің негіздемесі;
шет тілі бойынша тестілеу өту үшін төлемақы түбіртегінің түпнұсқасы.»;
17 - тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Емтихан комиссиясы мамандық бойынша емтиханды жүргізу үшін құрылады және құрамы төрағадан, комиссия хатшысынан және комиссияның кемінде үш мүшесінен тұрады, олардың екеуі бейіні бойынша доктор немесе заң ғылымдарының докторы болуы қажет. Емтихан комиссиясының төрағасы Академия ректорының бұйрығымен бекітіледі.»;
28 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«28. Магистратурада, докторантурада оқуға мамандық және шет тілі бойынша түсу емтихандарының сомасы бойынша 150 - ден кем емес балл (әр пәннен осы Ереженің 3 - қосымшасына сәйкес бағалаудың 100 балдық шкаласы бойынша) жинаған үміткерлер қабылданады.»;
31 және 32 - тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«31. Қабылдау комиссиясы хаттамасының негізінде Академия ректоры магистратураға және докторантураға оқуға қабылдау туралы бұйрық шығарады.
32. Академия магистратураға және докторантураға қабылданған қызметкерлермен осы Ереженің 4 - қосымшасына сәйкес нысан бойынша білім беру қызметтерін көрсету жөнінде келісім-шарт жасасады.».
1, 2, 3 - қосымшалар осы тізбеге 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы тізбеге 4 - қосымшаға сәйкес 4 - қосымшамен толықтырылсын.
«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы қызмет қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 31 наурыздағы
№ 65 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 13653 санымен тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 13 мамырда және 2016 жылғы 27 тамыздағы
№ 165 (28893) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы қызмет қағидаларында:
23 - тармақ алып тасталсын.
___________________
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының жанындағы жоғары білімнен кейінгі кәсіби
Оқу бағдарламаларын іске асыратын Құқық қорғау органдары академиясына оқуға қабылдау ережесіне 1-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры
___________________________
(ректордың (бар болған жағдайда) Т.А.Ж.)
______________________________ (оқуға түсуге үміткердің (бар болған жағдайда) Т.А.Ж., сыныптық шені/біліктілік сыныбы/арнайы атағы, лауазымы, телефоны)
Баянат
Сізден Құқық қорғау органдары академиясының ___________________
(шифр және мамандық атауы)
мамандығы бойынша магистратурасына/ PhD докторантурасына (керегінің астын сызу) оқуға түсу үшін оқуға түсу емтихандарын тапсыруға рұқсат беруіңізді сұраймын, шет тілі бойынша емтихан тапсыру тілі _______________________.
(емтихан тапсыру тілі)
оқуға түсуге үміткердің қолы
күні
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне
2 - қосымша
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының жанындағы
жоғары білімнен кейінгі кәсіби
оқу бағдарламаларын іске асыратын
Құқық қорғау органдары
академиясына Оқуға қабылдау
ережесіне 2 - қосымша
Жоспарланатын диссертациялық зерттеу бойынша негіздеме
1. Оқуға түсетін үміткердің тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), сыныптық шені/біліктілік сыныбы/арнайы атағы, лауазымы.
2. Тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, лауазымы, болжамды отандық немесе шетел кеңесші жұмыс істейтін ЖОО.
3. Жоспарланатын диссертациялық зерттеудің тақырыбы.
4. Жоспарланатын диссертациялық зерттеу тақырыбының өзектілігі.
5. Ғылыми мәселенің әзірлену деңгейі.
6. Жоспарланатын диссертациялық зерттеудің мақсаты мен міндеттері.
7. Жоспарланатын диссертациялық зерттеудің объектісі мен пәні.
8. Жоспарланатын диссертациялық зерттеудің әдіснамасы.
9. Диссертациялық зерттеуден күтілетін қорытындылар, олардың теориялық және тәжірибелік маңыздылығы. Оларды енгізу және апробациясыдан өткізудің болжанатын бағыттары.
Ескерту: Жоспарланатын диссертациялық зерттеу бойынша негіздеме компьютерлік техника құралдарының көмегімен 14 «Times New Roman» шрифті өлшемімен бір жоларалық интервал арқылы үш парақтан кем емес көлемде басылады.
_________________________________________________________________
(оқуға түсетін үміткердің қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
«Келісілген»
_________________________________________________________________
(ғылыми кеңесшісінің (бар болған жағдайда) қолы, тегі, аты, әкесінің аты)
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне
3 - қосымша
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының жанындағы
жоғары білімнен кейінгі кәсіби
оқу бағдарламаларын іске асыратын
Құқық қорғау органдары
академиясына Оқуға қабылдау
ережесіне 3 - қосымша
Бағалаудың 100-баллдық шкаласы бойынша бағаларды ауыстыру жүйесi
Бағалаудың 100-баллдық шкаласы бойынша балдар
|
Бағалаудың 4-баллдық шкаласы бойынша балдар
|
95-100
|
Өте жақсы (5)
|
90-94
|
85-89
|
Жақсы (4)
|
80-84
|
75-79
|
70-74
|
Қанағаттанарлық (3)
|
65-69
|
60-64
|
55-59
|
50-54
|
0-49
|
Қанағаттанарлықсыз (2)
|
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
өзгерістер мен толықтыру
енгізілетін кейбір бұйрықтарының
тізбесіне 4 - қосымша
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының жанындағы
жоғары білімнен кейінгі кәсіби
оқу бағдарламаларын іске асыратын
Құқық қорғау органдары
академиясына Оқуға қабылдау
ережесіне 4 - қосымша
Білім беру қызметтерін көрсету келісім-шарты (магистратура/докторантуpa)
Астана қ. «___» 20 ___ жыл
Осы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында (бұдан әрі – Академия) білім беру қызметтерін көрсету (магистратура/ докторантура (керегінің астын сызу)) келісім-шарты бір жағынан, Ақмола облысы Целиноград ауданының Қосшы кенті мекенжайы бойынша орналасқан (_____ жылғы «____»_____ № ____ мемлекеттік тіркеу туралы анықтама, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен берілген ___ жылғы «___» _______ №_______________лицензия) Академиясының атынан, қолданыстағы Жарғы негізінде әрекет етуші Академия ректоры _____________________________________________________________,
(сыныптық шені, арнайы атағы (бар болған жағдайда), тегі, аты, әкесінің аты) бұдан әрi «Академия» деп аталатын және екінші жақтан, бұдан әрі «магистрант/докторант» деп аталатын _______________________________ _______________________________________________________________
(лауазымы, сыныптық шені, арнайы атағы, біліктілік сыныбы, тегі, аты, әкесінің аты) құқық қорғау органдарының қызметкері арасында төмендегілер туралы жасалды:
Келісім-шарт мәні
1. Академия жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес күндізгі оқыту нысаны бойынша магистратураның/докторантурасының білім беру бағдарламалары негізінде білім алушының оқуын ұйымдастыру бойынша міндеттерді өзіне алады.
Мамандықтың шифры және атауы:_____________________________
Мерзімі ___________________________________________________
Тараптардың құқықтары және міндеттері
2. Академия міндетіне алады:
1) конкурс нәтижелері бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес магистрантты/докторантты қабылдауға;
2) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары талаптарына сәйкес оқытуды қамтамасыз етуге;
3) оқуға жіберілгенге дейін атқарған соңғы штаттық лауазымы (уақытша атқарған емес) бойынша лауазымдық жалақысының жетпіс пайызы мөлшерінде магистрантқа/докторантқа лауазымдық жалақы төлеуге.
3. Академия құқылы:
1) магистранттан/докторанттан осы Келісім-шартқа, Академияның ішкі тәртіп қағидаларына және Жарғысына сәйкес міндеттерін адал және тиісті түрде орындауды талап етуге;
2) магистрантқа/докторантқа оқу және жеке жоспарын орындамағаны үшін, Академияның Ішкі тәртіптік ережелерін және Жарғысын бұзғаны үшін оқудан шығаруға дейінгі тәртіптік ықпал ету шараларын қолдануға;
3) магистранттардың/докторанттардың оқу жетістіктерін тексеру мақсатында ағымдағы бақылау мен аралық аттестациядан өткізу түрін белгілеуге.
4. Магистрант/докторант міндетті:
1) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының көлемінде білімді, іскерлікті және практикалық дағдыларды меңгеруге;
2) Академия ректорының бұйрықтары мен өкімдерін, Ішкі тәртіптік ережелері мен Жарғысын және осы Келісім-шарттың тәртібін сақтауға және орындауға;
3) отбасы жағдайы, тұрғылықты орны, телефоны өзгерген жағдайда жоғарыда көрсетілген жағдайлар басталған сәттен бастап ол туралы үш жұмыс күні ішінде хабарлауға;
4) оқуды аяқтаған соң құқық қорғау органдарында кемінде үш жыл қызмет етуге;
5) магистратурада/докторантурада білім алу кезеңінде келесідей жұмыстарды қамтитын жеке жұмыс жоспарын орындауға:
жеке оқу жоспарын;
ғылыми-зерттеу/эксперименттік-зерттеу жұмысын (тақырыбы, зерттеу бағыты, есептілік мерзімі және нысаны);
тәжірибені (бағдарлама, база, есептілік мерзімі және нысаны);
негіздемесі мен құрылымы бар магистрлік/докторлық диссертациялар тақырыптарын;
магистрлік/докторлық диссертацияларды орындау жоспарын;
ғылыми жарияланымдар мен тағылымдамалар жоспарын;
Академия бекіткен мерзімдерде жеке жоспардың орындалуы туралы есеп беруді;
аралық аттестаттаудан өтуді;
магистрлік/докторлық диссертацияларды даярлауды;
диссертацияны сараптамалық кеңеске ұсынуды;
қорытынды аттестаттаудан өтуді: кешенді емтихан тапсыруды, магистрлік/докторлық диссертацияны қорғауды орындауға.
5. Магистрант/докторант құқылы:
1) магистратураның/докторантураның білім беру бағдарламасымен көзделген тапсырмаларды орындау мақсатында білім беру ұйымының материалдық-техникалық құрал-жабдықтарын пайдалануға;
2) ғылыми-зерттеу жұмыстарының барлық түрлеріне, оның ішінде Академияның басылымдарына өзінің жұмыстарын ұсынуға;
3) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу процесін ұйымдастыру мазмұнын, оқыту әдістемесін жетілдіру бойынша кез келген түрде (жазбаша, ауызша) ұсыныстар енгізуге құқылы.
Тараптардың жауапкершілігі
6. Тараптар өз міндеттерін осы Келісімшартта көзделген жағдайларды орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Академия Жарғысына сәйкес жауапкершілікте болады.
7. Магистрант/докторант оқудан шығып кеткен не ауысқан жағдайда мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алу құқығынан айырылады.
Дауларды шешу тәртібі
8. Тараптар осы Келісім-шартты орындау процесінде туындайтын келіспеушіліктерді және дауларды өзара қолайлы шешімдерге келу мақсатында тікелей қарайды.
9. Тараптар келіссөздер, өзара қолайлы шешімдер жасасу арқылы шешілмеген мәселелерді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес немесе сот тәртібінде шешеді.
Келісім-шарттың қолданылу мерзімі, талаптарын өзгерту және оны бұзу тәртібі
10. Осы Келісім-шарт тараптар қол қойған күнінен бастап күшіне енеді және оқуды аяқтағаннан кейінгі құқық қорғау органдарында үш жыл қызмет атқарғаннан соң өзінің қолданылуын тоқтатады.
11. Осы Келісім-шарттың тәртібі тараптардың өзара жазбаша келісімдері бойынша өзгертілуі және толықтырылуы мүмкін.
12. Осы Келісім-шарт бірдей заңды күші бар екі данада қазақ/орыс тілдерінде жасалады. Бір данасы Академияда қалады, 2-данасы магистранттың/докторанттың жеке ісіне тігіледі.
Магистрант/докторант:
|
Академия:
|
ТАӘ ___________________________
________________________________
________________________________
Жеке куәлігі № _________________
берілді ________________________
қолданылу мерзімі_______________
ЖСН ____________________________
Мекен-жайы ______________________
________________________________
Телефоны _______________________
Электрондық поштасы ____________
________________________________
Магистрант/докторант ___________
________________________________
Қолы ___________________________
|
Академия ректоры _____________
______________________________
______________________________
Ақмола облысы,
Целиноград ауданы, Қосшы кенті
БСК _____________________
БСН _____________________
Қолы ____________________
|
Академияның Жарғысымен, білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін лицензиямен, Ішкі тәртіптік ережелерімен, осы Келісім-шартпен таныстым
____________________________________
(магистранттың/докторанттың қолы)
Достарыңызбен бөлісу: |