Ойын шарты: Ойынға 10 – 15 адам қатыса алады. Одан көп болса екіге бөлген жөн. Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Араларынан бір оқушы ортаға шығып, басқа оқушылардың бір – біріне лақтырған үлкен добын қағып алуы қажет. Ал қалған оқушылар допты бір – біріне жылдам беріп ортадағы оқушыға допты ұстатпауға тырысулары қажет. Қай оқушының лақтырған добын, ортадағы оқушы ұстап алса, ол сол оқушымен орнын ауыстырады да ойын осылай жалғаса береді.
Ескеру:
1. Қолдан допты күштеп тартып алуға болмайды.
2. Дәл қасындағы адамға допты беруге болмайды.
Ойынның дене тәрбиесіне бере пайдасы: Ойын барысында жылдамдықты, сезімталдықты дамытады. Ұйымшылдық қасиеттерін оятып ұжымдық сана қалыптасады.
|
Ойынға ортасынан бір-екі рет түйілген орамал, болмаса шыт керек. Ойынды ымыртта немесе іңір қараңғысында да ойнауға болады. Қара көлеңкеде көрнекті болуы үшін ойынға-ақ орамал қолданылады.
Ойнаушылар өзара келісіп, араларынан біреуін; ойын жүргізуші етіп тағайындайды. Ойын жүргізуші ойнаушыларды маңайына шақырып алады да, өзін қоршап, ынтыға ентелеп түрғандарға қарап бір, екі, үш деп дауыстайды. Осы кезде ойыншылар жан-жаққа тез бытырап кетеді. Ал жүргізушінің өзі қолында түйілген орамалы бар ойыншыны қуалайды, мақсаты: оны ұстап, орамалды алу. Ол қолындағы орамалды оп-оңай алғыза қоймайды.
Қуғыншы жете бергенде қолындағы орамалды қатарласа берген басқа ойыншыға лақтырады, орамалды қағып алған ойыншы оны келесі ойыншыға лақтырады. Осылайша жүргізуші қашан орамалды ұстап алғанша ойын жалғаса береді. Ұсталған ойыншы ортаға шығып, көпшіліктің ұйғаруы бойынша өнер көрсетеді. Өнер көрсету аяқталғаннан кейін түйілген орамалды соның өзі қуалайды, яғни ойын жүргізушіні ауыстырады, ойын осылай жалғаса береді. Бұл ойын жастардың таза ауада демалуларын, денсаулықтарын жақсартып, денелерін сомдаумен бірге, оларды коллектив болып ұйымдаса білуге үйретеді, білгендерін ортаға салуға баулиды.
|