Қазақстан Республикасы Білім жəне Ғылым министірлігі
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Тарих жəне құқық институты
Тəуелсіздік жылдарындағы
білім беру жүйесі
6В01601-Тарих
3курс. 301-топ
Орындаған: Сағынова Шұғыла
Қабылдаған:т.ғ.к. Рашева Г.У.
Алматы. 2023 ж
Тәуелсіздіктің 30 жылында елімізді дүниежүзі танып, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
ерен еңбегі мен сындарлы саясатының арқасында саяси-экономикалық, әлеуметтік, мәдени-рухани
жетістіктерге қол жеткіздік. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы әлем таныған тәуелсіз
мемлекетке айналды. Тәуелсіздік – біздің мәңгілік рухани құндылығымыз, халқымыздың бағы мен
бақыты.
Білім мен ғылым кез келген мемлекеттің даму, өркендеу көрсеткіші. Сондықтан да Тәуелсіз Ел
атанған алғашқы күннен бастап білім, ғылым саласын әлемдік өркениет талаптарына сай сапалық
жағынан жақсарту мақсатын қойды. Бүгінде осы талап биігінен көрініп, елімізде білім, ғылым
салалары айрықша даму жолына түсті.
Тәуелсіздіктің 30 жылында білім беруді басқару мен қаржыландырудың құ қықтық-заңнамалық негізі,
әлемдік білім кеңістігіне интеграцияланған қазақ стандық білім беру жүйесі қалыптасты. Саланың 30
жылдық тарихына көз жіберер болсақ, оны бірнеше кезеңге бөліп қарастыруға болады. Егер 1991-
1994 ж.ж. – білім беру саласының заң намалық және нормативтік-құқықтық базасын қалыптастыру
кезеңі десек, 1995-1998 ж.ж. – білім беру жүйесін және оның мазмұнын жаңартуға күш салынды. Ал
1999 – 2004 ж.ж. – білім беруді басқару мен қаржыландыру, білім беру ұйымдарына академиялық
еркіндік беру мәселелеріне көңіл бөлінді, 2005-2010 ж.ж. – білім беру жүйесі нарықтық экономикаға
бейімделді. 2011 жылдан қазіргі уақытқа дейін – жаңа кезең, инновациялық дамуға бейімделген,
еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды дайындаудың ұлттық моделі қалыптасты.
Білім беру саласында жүргізілген нәтижелі реформаларға сәйкес, бірқатар өзгерістерге қол жеткіздік.
Білім беру мекемелерінің құзіреті кеңейді; жалпы орта білім мен мемлекеттік оқу орындарында
кәсіби білімді тегін оқытуға мемлекет кепілдігі берілді; үш тілде оқыту жүйесі енгізілді; шет ел
азаматтарына Қазақстан Республикасында білім алуға рұқсат берілді; кредиттік жүйе мен білім беру
гранты бөлінді; жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарына кәсіби білім алу мен
академиялық еркіндік беру арқылы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға мүмкіндік берілді.
Қазақстандық білім беру жүйесінің құрылымы ЮНЕСКО ұсынған Халық аралық стандарттық білім беру
бағ дарламасының классификация өлшем деріне сәйкес келтірілген. Қазақстан Республикасы Білім
туралы заңының 8-ші бабына сәйкес, білім алу жүйесі жеті сатыдан тұрады:
мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім, орта білімнен кейінгі, жоғары және
жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Жоғары білім саласын халықаралық дәрежеге көтеру
Қазақ станның халықаралық аренада бәсе кеге қабілетті мемлекет болуына тікелей ықпал етеді. Оны
жүзеге асыру үшін 2012 жылдан бастап Қазақстанда көптілді білім беру жүйесі енгізілуде. 2012-2013
оқу жылында Қазақстанның 35 мектебінде көптілді оқыту жүйесін енгізді, сонымен қатар, 1 сыныптан
бастап ағылшын тілін үйрету жобасы қолға алынды.
Республика орта мектептерінде үш тілде сабақ берудің жаңа стандарттары сынақтан өткізілді.
Қазақстанның Болон процесіне жедел кіруі нәтижесінде еліміз үш деңгейлі модельге енді:
бакалавриат-магистратура- PhD докторантура.
Жалпы, Қазақстанның білім беру жүйесін жаңғырту арқылы, елімізде халық аралық озық тәжірибеге
негіз дел ген білім беру бағдарламаларын ен гізуге мүмкіндік алдық. Қазіргі уақыт та білім беру
жүйесі әлем бойынша жаһандану үрдісіне көшуде. Сондық тан білім беру жүйесі әлеуметтік
саясат тың басты бағыттарының біріне айналу да, қазіргі уақытта мемлекеттің эко но микалық
жетістіктері білім беру жүйесімен, азаматтардың білімділігімен, ма ман дардың бәсекеге
қабілеттілігімен анықталады.
XXI ғасыр – ақыл-ой, білім-ғылым, инновация мен креативтілік не гізінде үнемі өзгеріп отыратын орта
қалыптастырды. Жылдам өзгеріп отыратын өзгермелі кеңістікте сапалы білім арқылы осы қасиеттерді
азаматтар бойына сіңіру адам капиталын дамытудың бірден-бір жолы. Сапалы білім ғана өркендеген
мемлекеттің, қуатты экономикалық және бақуатты қоғамның кепілі бола алады.
Биыл ел Тәуелсіздігіне – 30 жыл. Осы кезең аралығында жеткен жетістіктер орасан зор. Алғаш рет
кемел келешекті іске асыратын кадр даярлау мақсатында «Болашақ» халықаралық бағдарламасы,
заман талабына жауап бере алатын «Назарбаев Университеті» құрылды. Қазіргі уақытта тәуелсіздік
рухында тәрбиеленген, білімді, өзгерістерге икемді ұрпақ қалыптасып, еліміздің одан әрі өркендеуіне
үлес қосуда. Еліміздің мектептегі білім беру жүйесі әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті жастарды
тәрбиелеп шығаруға әлеуетті екенін дәлелдеді.
Оған еліміздің мектеп оқушы ларының математика және жаратылыстану пәндері бойынша рейтингте
алғашқы 10 елдің қатарына кіруін мысал ретінде айтуға болады.
Осыдан аз ғана күн бұрын облыс әкімі Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова Түркияда өткен олимпиада
жүлдегері №9 Білім-инновация лицейінің 10-сынып оқушысы Ерасыл Сапарбековті қабылдады. Озат
оқушы әлемнің 46 мемлекетінен талантты жастар қатысқан география пәнінен олимпиаданың қола
жүлдегері атанды. Ол үш кезеңнен тұратын күрделі сынақты ағылшын тілінде тапсырған. Кездесуде
облыс басшысы Ерасыл Сапарбековке аймақ абыройын асырып, білім сайысында алға шыққаны үшін
арнайы естелік сыйлық пен алғыс хат табыс етті.
Еліміздің білім беру жүйесінің өркендеу көшінде Сыр өңірі де қалыс қалмады. Көптеген жетістіктерге
қол жеткіздік: 1991 жылы, яғни Тәуелсіздік алған жылдары облыс бойынша 223 балабақша жұмыс
жасап, онда 14543 бала тәрбиеленген болатын. Ал Тәуелсіздік алғанымызға 30 жыл толу
қарсаңында облыс бойынша 670 мектепке дейінгі ұйымда 58 мыңнан аса бала тәрбиеленуде. 30
жыл ішінде 447 мектепке дейінгі ұйым ашылып, ондағы балалар саны 43618-ге өсті. Елбасының
бастамасымен «Балапан» бағдарламасы қабылданып, 2020 жылға межеленген жоспар 2015 жылы
орындалып, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар балабақшамен 100 процент қамтылды. Жекеменшік
балабақшалардың үлесі жыл сайын артып, бүгінгі күні 424-ке жетіп, 72,3 процентін құрап отыр.
Жалпы Тәуелсіздік алғаннан бері осы күнге дейін 424 жеке балабақша ашылған.
Тәуелсіздік алған жылдан бастап осы кезеңге дейін облыста 164 мектеп ғимараты пайдалануға
берілген. Оның ішінде 24 жаңа мектеп желісі ашылған. Нәтижесінде апатты және үш ауысымда
оқитын мектептердің мәселесі шешілген.
Мектептердің материалдық-техника лық базасы нығайып келеді. Облыстағы мек тептердің 65
проценті жаңа физика, хи мия, биология кабинеттерімен жаб дық талған. 124 мектепте
робототехника ка би неттері жұмыс жасайды. Барлық мек теп тердің компьютерлік паркі толық
жаңар тылған және интернет желісіне қосылған.
2015 жылы Байқоңыр қаласында 6 мектеп және 1 балабақша үкіметаралық келісім негізінде
Қазақстан Респуб лика сының стандарты бойынша білім беру үдерісіне көшті.
2015 жылы «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ мен Қызылорда облысы әкімдігі арасында өзара
әріптестік жөнінде меморандум жасалды. Осы меморандум аясында Назарбаев зияткерлік
мектептерінің тәжірибесі таратылатын 46 инновациялық мектеп ашылды. Ерекше білім алуды қажет
ететін балалар үшін инклюзивтік білім алуға жағдай жасаған мектептердің үлесі 2013 жылы 13%
болса, 2019 жылы Жол картасы қабылданып, қазіргі таңда 91%-ке дейін жеткізілді.
2015 жылы Қызылорда облысы балалар үйі жоқ аймаққа айналды. Облыста 80 орындық отбасы
үлгісіндегі «Атамекен» балалар ауылы жұмыс жасауда. Республикалық «Үздік педагог» конкурсының
қорытындысы бойынша 2013 жылдан бастап 2020 жылға дейін облыстың 19 педагогіне «Үздік
педагог» атағы берілді. Жергілікті бюджет есебінен соңғы 8 жыл ішінде «Үздік орта білім беретін
ұйым» гранттық жобасы жүзеге асырылуда. 2021 жылдан бастап жергілікті бюджет есебінен 34 млн
теңге (осы кезеңге дейін грант көлемі 17 млн теңгені құрап келді) бөлінеді.
2017 жылдан бастап колледждерде 7 арнайы пән мен «Информатика» пәнін ағылшын тілінде оқыту
жобасы басталды. 2019-2020 оқу жылынан бастап «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасының
жеңімпаздары «Назарбаев зияткерлік мектебі», «Республикалық физика-математика мектебі»,
«Білім-инновация лицейі», елорда лицейлерінің жетекші педагогтарынан қазақ, орыс және ағылшын
тілдері, математика пәндері бойынша тереңдетіп оқыту жұмыстары жүргізілуде.
2021 жылы Республикалық «Ұлттық мек теп лигасы» аясында жарыс түрлері бо йын ша облыс
құрамасы І орын иеленді.
Еліміз тәуелсіздігін алған 1991 жылдан бері кәсіптік білім беру саласы бойынша қабылданған білім
туралы заңның, мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесінде кәсіптік білім беру саласына
модернизациялау жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, 2017 жыл дан бастап жастардың жұмысшы
кәсіп терін тегін алуына мүмкіндік беретін «Баршаға арналған тегін кәсіп тік-техникалық білім»,
«Еңбек», «Жас маман» бағдарламалары жүзеге асырылуда.
Президенттің «Бес әлеуметтік бағдарламасы» аясында студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету
жүзеге асырылуда. Техникалық және кәсіптік білім беру саласына дуальды оқыту, модуль дік білім
беру бағдарламалары енгізіліп, бірінші жұмысшы білікті ліктерін қатар алып шығу, академиялық
дербестік беру шаралары қабылдануда.
Тәуелсіздік алғаннан бері техникалық және кәсіптік арнаулы білім беру ұйым дары колледж статусын
иеленіп, қазіргі таңда «бакалавр» дәрежесін дайындайтын 10 жоғары колледж жұмыс жасауда.
Достарыңызбен бөлісу: |