Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі



Pdf көрінісі
бет6/23
Дата05.09.2020
өлшемі1,57 Mb.
#77431
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Робот техникасы негіздері

Тізбекті шиналар мониторингы (Serial монитор). 

Arduino  платформасына  жіберілетін  деректерді  кӛрсетеді  (USB  тақтасы 

немесе тізбекті шиналар тақтасы). Деректерді жіберу үшін мәтінді енгізу және 

Send  немесе  Enter  батырмасын  басу  қажет.  Кейін  шығатын  тізімнен  скетчтегі 

Serial.begin  мәніне  сәйкес  келетін  жіберілу  жылдамдығы  таңдалады.  Mac 

немесе  Linux  ОЖ-де  Arduino  платформасы  тізбекті  шиналар  мониторингы 

қосылған кезде қайта қосылатын болады (скетч қайтадан басталады). 

Бағдарламаның жүктелуі 

Arduino-ны  жарық  диодымен  жыпылықтататын  бағдарламаның  дайын 

мысалын ашамыз. Ол үшін Файл-Мысалдар-Basics.01-Blink мәзірін таңдаймыз. 

Нәтижесінде, редактордың тағы бір кӛшірмесі пайда болады: 

 

Сур.4. Arduino бағдарламалау ортасына жүктелген скетч 

 



 

 

13 



 

Arduino-ны  USB  порты  арқылы  компьютерге  қосамыз.  Әдетте, 

компьютерге  жаңа  Arduino  қосылғаннан  кейін,  құрылғы  автоматты  түрде 

анықталуы үшін бірнеше минут ӛтуі керек. Құрылғының сәтті орнатылғандығы 

туралы хабарлама кӛрінуі тиіс. 

Содан кейін Arduino IDE-дегі тақтаның (плата) типін баптаймыз. Ол үшін 

мәзірдегі мына пунктты таңдаймыз: Құралдар - Тақта. Осы жерде Arduino-ның 

алуан  түрлі  типтері  пайда  болады,  соның  ішінен  қажеттісін  таңдаймыз.  Бізге 

Arduino  UNO  тақтасы  керек,  сондықтан  осы  нұсқаны  таңдаймыз.  Arduino  IDE 

жаңа  нұсқаларында  классикалық  Arduino  UNO-ның  атауы  ӛзгергенді,  енді  ол 

былай бейнеленеді: Arduino/Genuino UNO. 

Енді  портты  таңдаймыз.  Жаңа  Arduino-ны  әрбір  компьютерге  қосқан 

сайын Windows оған жеке нӛмерімен COM-порт бӛлетін болады. Дұрыс портты 

таңдау үшін Құралдар - Порт мәзірін ашамыз. 

Бағдарламаны  Arduino-ға  жүктейміз.  Бұл  әрекетті  орындау  үшін,  оңға 

бағыттағышы  бар  белгішесін  басамыз. Осы  рәсім  аяқталғаннан  кейін, 

хабарлама  жолында  жазба  пайда  болады:  «Жүктеу  аяқталды»  (одан  ерте 

шыққан  нұсқаларда  -  «Жүктелді»  деген  хабарлама).  Перифериялық 

құрылғыларды  виртуалды  COM-порт  арқылы  қосуды  алғаш  қолданғанда,  бұл 

тізімде  бір  ғана  жазба  шығады.  Бұл  «COM1»  немесе  «COM3»,  немесе  кез 

келген басқа нӛмір болуы мүмкін. 

Кездесетін қиындықтар 

Arduino-ны  USB  порты  арқылы  компьютерге  қайта  қосқан  сайын,  COM-

порттың  ауысып  кете  беруіне  байланысты,  кейде  скетч  тақтаға  жүктелмей 

жатады.  Сондықтан  хабарлама  жолында  «тақтаға  жүктеуде  қиындықтар  бар» 

деген  хабарлама  пайда  болса,  Құралдар  -  Порт  мәзірінде  Arduino-ның  COM-

портын  қарап,  егер  ауысып  кеткен  болса,  Arduino-ға  бӛлінген  портты  таңдау 

керек.  

 

 



Arduino-да бағдарламалаудың негіздері 

 

1.Синтаксис 



Arduino  бағдарламалауы  C++  тілінде  жүзеге  асырылады.  Тӛменде  осы 

курсты  сәтті  бітіруге  қажет  болатын,  тілдің  негізгі  құрамалары  мен  шарттары 

берілген. 

Әрбір сӛйлем (;) таңбасымен аяқталады. Мысалы: a = b+c; 

if (a>0) 

b = a+1; 



2)  Қызметтер  және  құрама  операторларының  денесі  (if,  else,  for,  while) 

қиық жақшалармен жекешеленеді (Pascal тіліндегі Begin-End ұқсас).  

3) Жолдар кәдімгі қос тырнақшамен жекешеленеді: println (―some text‖); 

4) Таңбалар бір реттік тырнақшалармен жекешеленеді: symbol = ‗a‘; 



 

 

14 



 

5)  Кітапханаларды  қосу  #include    құрамаcының  арқасында 

жүзеге асады. 

6)  Бағдарламадағы  жолдық  түсініктемелер  //  -  екі  қиғаш  сызықпен 

басталады. Мысал: // бұл менің бағдарламам. 

7)  Бағдарламадағы  блоктық  түсініктемелер  */  -  жұлдызша  және  қиғаш 

сызықпен басталады /* түрде аяқталады. Мысал: */ бұл менің бағдарламам /*. 

2. Деректер түрлері 

С++ тілінде айнымалыларды хабарлау былай жазылады: типі_айнымалы, 

атауы_айнымалы; 

Мысалы: int x, y; // бүтін типті  х және у айнымалылары жарияланған 

Бүтін сандар: byte - 0 ден 255-ке дейін; 

int - -32 768-ден 32 767-ге дейін; 

word - 0-ден 65535-ке дейін; 

long - -2 147 483 648-ден 2 147 483 647-ге дейін. 

Бӛлшек сандар. 

float  -  -3.4028235E+38-ден  3.4028235E+38  дейін,  double  -  Arduino 

ағымдық нұсқасында float-ке эквивалентті. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет